+58 бонус

ДЕКСТАНОЛ 25 мг №10 таб

1170 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Декскетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында: белсенді зат –36.90 мг декскетопрофен трометамолы (25 мг декскетопрофенге баламалы); қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 101, микрокристалды целлюлоза РН 102, құрғатылмаған жүгері крахмалы, натрий крахмалы гликоляты А типі, глицерол дибегенат (Kompritol 888 ATO); қабықтың құрамы Opadry® кв White: поливинилді спирт және полиэтиленгликоль сополимері, коповидон (Колидон VA 64), титанның қостотығы (Е171), каолин, натрий лаурилсульфаты.
Қолданылуы
Бұлшықет-қаңқа ауыруы, ауырсынумен жүретін етеккірлер, тіс ауыруы сияқты қарқындылығы жеңіл және орташа ауыруды симптоматикалық емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
ДЕКСТАНОЛ таблеткалар препаратын келесі жағдайларда қолдануға болмайды: - әсер етуші затқа, кез келген басқа да ҚҚСП-ға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - егер әсері ұқсас заттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы және басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттар) демікпе ұстамаларының, бронх түйілуінің, жедел риниттің дамуына түрткі болса немесе мұрын полиптерінің дамуын, есекжемнің немесе ангионевроздық ісінудің дамуын туғызса - кетопрофенмен немесе фибраттармен емдеу кезіндегі фотоаллергиялық немесе фотоуытты реакциялар дамуы мүмкін пациенттерге - анамнезінде алдыңғы ҚҚСП емімен байланысты асқазан-ішектен қан кету немесе перфорация бар пациенттерге - белсенді пептикалық ойық жарасы/асқазан-ішектен қан кету немесе анамнезінде асқазан-ішектен қан кету, ойық жарасы немесе перфорациясы бар пациенттерге - созылмалы диспепсиясы бар пациенттерге - белсенді фазада қан кетуі немесе жоғары қан кетуі бар пациенттерге - Крон ауруы, ойық жаралы колиті бар пациенттерге - ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге - орташа немесе ауыр дәрежедегі бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге (креатинин клиренсі ≤59мл/мин) - бауыр функциясының ауыр бұзылыстары бар пациенттерге (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 10-15 балл) - геморрагиялық диатезі және қанның ұюының басқа да бұзылыстары бар пациенттерге - айқын дегидратациясы бар пациенттерге (құсудан, диареядан немесе сұйықтықты жеткіліксіз тұтынудан туындаған) - жүктіліктің үшінші триместрі және лактация кезеңі
Дозасы
Ересектер Ауырсынудың сипаты мен ауырлығына байланысты ұсынылатын доза әдетте әр 4-6 сағат сайын 12,5 мг немесе әр 8 сағат сайын 25 мг құрайды. Жалпы тәуліктік доза 75 мг аспауы тиіс. Жағымсыз әсерлерді симптомдарды бақылау үшін қажетті қысқа уақыт ішінде ең аз тиімді дозаны пайдалана отырып, барынша азайтуға болады. ДЕКСТАНОЛ таблеткалары ұзақ қабылдауға арналмаған және емдеу симптоматикалық кезеңмен шектелуі керек. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге емдеуді төмен дозасынан (жалпы тәуліктік дозасы 50 мг) ұсынылады. Тек көтерімділігі жақсы болған жағдайда ғана, егде жастағы пациенттерде бастапқы дозасын әрі қарай әдеттегі пациенттерге ұсынылатын дозасына дейін арттыруға болады. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бұзылулары бар науқастарда емдеуді төмен дозасынан (жалпы тәуліктік дозасы 50 мг) және дәрігердің мұқият қадағалауымен бастау керек. ДЕКСТАНОЛ таблеткаларын бауырдың ауыр дисфункциясы бар пациенттерге қолданбау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл дәрежедегі (креатинин клиренсі 60-89 мл/мин) науқастар үшін бастапқы дозасын тәулігіне 50 мг дейін төмендету керек. ДЕКСТАНОЛ препаратын орташа және ауыр дәрежедегі бүйрек дисфункциясы (креатинин клиренсі <59 мл мл/мин) бар пациенттерге қолдануға болмайды. Балалар Балалар мен жасөспірімдерде декскетопрофеннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Осыған байланысты препаратты пациенттердің осы тобында қолдануға болмайды. Енгізу әдісі және жолы ДЕКСТАНОЛ таблеткасын жеткілікті мөлшерде сұйықтықты (мысалы, бір стақан сумен) іше отырып, жұту керек. Тамақпен бір мезгілде қабылдау әсер етуші заттың сіңу жылдамдығын төмендетеді, сондықтан препаратты тамақтан кемінде 30 минут бұрын қабылдау ұсынылады. Емдеу ұзақтығы ДЕКСТАНОЛ таблеткалары ұзақ мерзімді қолдануға арналмаған; емдеу симптомдардың бар болу кезеңімен шектелуі керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.