+504 бонус

ДЕКСИЛАНТ 30 мг №28 капс Декслансопразол

9:00-ден кейін қолжетімді
10090 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Декслансопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Такеда ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - декслансопразол, 30 мг немесе 60 мг қосымша заттар: қант ұнтағы, магний карбонаты, сахароза, орын басуы төмен гипролоза, гипролоза, гипромеллоза 2910, тальк, титанның қостотығы (Е 171), метакрил қышқылы сополимерінің дисперсиясы, макрогол 8000, полисорбат 80, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, метакрил қышқылы сополимері (В типі), метакрил қышқылы сополимері (А типі), триэтилцитрат 30 мг дозаға арналған капсуланың қабығы: каррагинан, калий хлориді, титанның қостотығы (Е 171), алюминий лагы (E132) FD & C көк № 2 бояғыш, темірдің қара тотығы (Е 172), гипромеллоза, тазартылған сұр сия 60 мг дозаға арналған капсуланың қабығы: каррагинан, калий хлориді, титанның қостотығы (Е 171), алюминий лагы (E132) FD & C көк № 2 бояғыш, гипромеллоза, тазартылған сұр сия - қант ұнтағының құрамы: сахароза, жүгері крахмалы; ** - метакрил қышқылы сополимерінің дисперсия құрамы: метакрил қышқылы, этилакрилат, натрий лаурилсульфаты, полисорбат 80; *** - тазартылған сұр сияның құрамы: темірдің қызыл тотығы (E 172), темірдің сары тотығы (E 172), алюминий лагы (E132) FD & C көк № 2 бояғыш, карнауб балауызы, шеллак, глицерин монолеаты.
Қолданылуы
Ересектерде келесі көрсетілімдер бойынша: эрозиялық рефлюкс эзофагитті емдеу; емделген эрозиялық рефлюкс-эзофагитті демеуші ем және қыжыл біліністерін жеңілдету; симптоматикалық эрозиялық емес гастроэзофагеальді рефлюксті ауруға байланысты (ГЭРА) қыжыл және кекіру симптомдарын аз уақытқа жеңілдету.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келген аса жоғары сезімталдық сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дозасы
Эрозиялық рефлюкс эзофагитті емдеу Ересектер: Ұсынылатын доза - тәулігіне бір рет 60 мг; емдеу курсы - 4 апта. Эрозия толық емделмеген жағдайда емдеу келесі 4 апта бойы сол дозада жалғасуы мүмкін. Эрозиялық рефлюкс-эзофагиттің ремиссиясын демеу және қыжылды басу Ересектер: Ұсынылатын доза – қышқыл секрециясын ұзақ уақытқа бәсеңдетуді қажет ететін пациенттер үшін 6 ай бойы тәулігіне бір рет 30 мг. Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруының (ГЭРА) эрозиялық емес түрінің симптоматикалық ағымы Ересектер: Ұсынылатын доза - тәулігіне бір рет 30 мг; емдеу курсы - 4 аптаға дейін. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге декслансопразол клиренсінің жасына қатысты төмендеуіне байланысты дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Ерекше клиникалық көрсетілімдер болмаған кезде егде жастағы пациенттерде тәуліктік доза 60 мг-ден аспауы тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Орташа бауыр жеткіліксіздігі кезінде тәуліктік доза 30 мг аспауы тиіс; препаратты қабылдау дәрігердің тұрақты бақылауымен жүзеге асырылады. Препаратты бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындау ұсынылмайды. Балалар Дексилант препараты құрамында бояғыштың болуына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Препарат ішке қабылдауға арналған. Капсулаларды бүтіндей, сұйықтықпен ішіп жұтады. Дексилант® тамақ ішуге байланыссыз қабылданады. Капсуланы ашып, ішіндегі түйіршіктерін бір ас қасық алма езбесімен араластыру керек. Алынған қоспаны дайындағаннан кейін бірден қабылдайды. Түйіршіктерді шайнауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.