+156 бонус

ДЕКСАМЕТАЗОН 4 мг/мл 1 мл №25 амп

3125 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дексаметазон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Румыния
  • Өндіруші: Rompharm Company S.R.L.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында: белсенді зат - 4.37 мг дексаметазон натрий фосфаты (4.00 мг дексаметазон фосфатына баламалы); қосымша заттар: креатинин, натрий цитраты, динатрий эдетаты дигидраты, натрий гидроксидінің 1 М ерітінді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Жүйелік қолдану мидың ісігінен, нейрохирургиялық араласымдардан, мидың абсцессімен, бактериялық менингиттен туындаған мидың ісінуі; әртүрлі жарақаттан болған шок/өкпенің жарақаттан кейінгі шок профилактикасы; анафилаксиялық шок (эпинефринді алғашқы енгізгеннен кейін); ауыр жедел демікпелік ұстама; эритродермия, кәдімгі сулы бөртпе, жедел экзема сияқты жедел, ауыр тері ауруларын парентеральді бастапқы емдеу; жүйелі қызыл жегі (атап айтқанда, висцеральді түрі) сияқты аутоиммунды ауруларды парентеральді бастапқы емдеу; ағымы үдемелі ауыр белсенді ревматоидты артрит, мысалы, тез деструкциямен және/немесе буыннан тыс көріністермен қатар жүретін түрлері; уытты жағдайлармен ауыр инфекциялық аурулар (мысалы, туберкулез, сүзек қызбасы, бруцеллез) тек бір мезгілде инфекцияға қарсы ем кезінде; қатерлі ісіктерге арналған паллиативті ем; антиэметикалық ем сызбасы шеңберінде операциядан кейінгі немесе цитостатиктерден туындаған құсудың профилактикасы және емдеу; оксигенацияны қажет ететін 2019 жылғы коронавирустық ауруда (СОVID-19) ересектер мен жасөспірімдерде ( 12 жасқа толмаған және дене салмағы кемінде 40 кг) емдеу үшін қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе "Дәрілік препараттың құрамы" бөлімінде атап көрсетілген кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық. Буынішілік енгізуге қарсы көрсетілімдер: емделетін буындағы немесе оған жақын орналасқан аумақтағы инфекциялар; бактериялық артрит; емделетін буынның тұрақсыздығы; қан кетуге бейімділік (өздігінен немесе антикоагулянттарды қабылдаумен байланысты); буын маңы кальцификациясы; аваскулярлық остеонекроз; сіңірдің үзілуі; Шарко буыны кезінде. Қолдану аймағындағы инфекциялар үшін тиісті қосымша емсіз инфильтрация, сондай-ақ көздің вирустық, бактериялық немесе зең ауруларында, мөлдір қабықтың зақымдануы мен ойық жаралы процестерінде субконъюнктивалық қолдану қарсы көрсетілімді.
Дозасы
Дозалау режимі аурудың түріне және ауырлығына, сондай-ақ пациенттің емге жеке реакциясына байланысты. Негізінен салыстырмалы түрде жоғары бастапқы дозалар қолданылады, олар созылмалы аурулар кезіндегі дозаға қарағанда, ағымы ауыр болатын жедел аурулар кезінде айтарлықтай жоғары болуы керек. Ескертпе: осы бөлімде берілген барлық дозалау нұсқаулары дексаметазон фосфаты (мг) түрінде ұсынылған. Егер басқаша ұсынылмаса, келесі схеманы қолдану керек. Жүйелік қолдану Мидың ісінуі: себебі мен ауырлығына байланысты бастапқы доза вена ішіне (в/і) 8-10 мг (80 мг дейін) құрайды, содан кейін тәулігіне 16-24 мг (48 мг дейін) 4-8 күн бойы 3-4 (6) бір реттік дозаға бөлінеді. Сәулелену кезінде, сондай-ақ операция жасауға болмайтын ми ісіктерінің консервативті емінде дексаметазонның аз дозаларын ұзақ мерзімді қабылдау қажеттілігі туындауы мүмкін. Бактериялық менингит салдарынан мидың ісінуі: дене салмағына 0.15 мг/ кг әр 6 сағат сайын 4 күн бойы, балалар үшін —дене салмағына 0.4 мг/кг әр 12 сағат сайын 2 күн бойы; антибиотиктердің бірінші дозасынан бастап. Жарақаттан кейінгі шок/өкпенің жарақаттан кейінгі шок профилактикасы: бастапқы дозасы 40-100 мг (балаларға 40 мг) в/і, дозаны 12 сағаттан кейін қайталау немесе 16-40 мг әр 6 сағат сайын 2-3 күн ішінде. Анафилаксиялық шок: алдымен в/і эпинефринді (адреналинді) енгізу, содан кейін 40-100 мг (балаларға 40 мг) дексаметазон в/і, қажет болған жағдайда қайталау керек. Ауыр дәрежедегі жедел демікпелік ұстама. Ересектер: 8-20 мг в/і шұғыл инъекция, қажет болған жағдайда әр 4 сағат сайын 8 мг қайтадан инъекция жасау. Балалар: дене салмағына 0.15-0.3 мг/кг в/і немесе тиісті түрде пероральді немесе дене салмағына 1.2 мг/кг болюсті, содан кейін дене салмағына 0.3 мг/кг әр 4-6 сағат сайын. Сонымен қатар, аминофилин мен секретолитикалық дәрілерді қолдануға болады. Тері ауруларының жедел түрлері: аурудың түріне және ауырлығына байланысты тәуліктік дозалар 8-40 мг в/і құрайды, кейбір жағдайларда 100 мг дейін. Әрі қарай емдеу - дозаны біртіндеп төмендете отырып, пероральді түрлеріне ауыстыру арқылы. Ревматизмдік жүйелік аурулардың белсенді фазалары: жүйелі қызыл жегі тәулігіне 6-16 мг. Ағымы үдемелі ауыр белсенді ревматоидты артрит: жылдам деструкциямен қатар жүретін түрлерінде: тәулігіне 12-16 мг, буыннан тыс көріністерінде: тәулігіне 6-12 мг. Ауыр инфекциялық аурулар, уытты жағдайлар (мысалы, туберкулез, сүзек қызбасы; тек бір мезгілде тиісті инфекцияға қарсы ем кезінде) тәулігіне 4-20 мг в/і, жекелеген жағдайларда (мысалы, сүзек қызбасы) бастапқы доза 200 мг дейін болуы мүмкін. Қатерлі ісіктерге арналған паллиативті ем: бастапқыда тәулігіне 8-16 мг, ұзақ мерзімді емде тәулігіне 4-12 мг. Құсуға қарсы ем сызбасы шеңберінде цитостатикалық емнен туындаған құсудың профилактикасы және емдеу: химиотерапия басталғанға дейін 10-20 мг в/і немесе тиісті түрде пероральді, содан кейін қажеттілігі бойынша 4-8 мг күн сайын 2-3 рет 1-3 күн ішінде (орташа эметогендік химиотерапия кезінде) немесе 6 күнге дейін (жоғары эметогендік химиотерапия). Операциядан кейінгі құсудың профилактикасы және емдеу: операция басталғанға дейін 8-20 мг в/і жеке дозасы, 2 жастан асқан балалар: дене салмағына 0.15-0.5 мг/кг (ең көбі 16 мг). COVID-19 емдеу үшін: ересектер - 10 күн бойы тиісті түрінде күніне бір рет вена ішіне немесе пероральді 6 мг. Балалар: педиатриялық пациенттер үшін (12 жастағы және одан асқан жасөспірімдер) 10 күн бойы тиісті түрінде күніне бір рет вена ішіне немесе пероральді 6 мг дозасы ұсынылады. Егде жастағы пациенттер және бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер: дозаны түзету қажет емес. Жергілікті қолдану Жергілікті инфильтрация және инъекциялық ем көп жағдайда 4-8 мг қолдану арқылы жүзеге асырылады, ұсақ буындарға инъекция кезінде және субконъюнктивалық қолдану кезінде 2 мг дексаметазон фосфаты жеткілікті. Енгізу әдісі мен жолы Вена ішіне инъекция немесе инфузия кезінде препаратты баяу енгізу керек (2-3 минут). Егер вена ішіне инъекция мүмкін болмаса немесе қанайналым функциясы бұзылғанда, бұлшықет ішіне инъекция жасауға болады. Дексаметазон, 4 мг/мл, инъекцияға арналған ерітінді, препаратын инфильтрациялық, буынішілік немесе субконъюнктивалық жолмен де қолдануға болады. Қолдану ұзақтығы көрсетілімдерге сәйкес анықталады. Гипотиреозда немесе бауыр циррозында салыстырмалы түрде төмен дозалар жеткілікті болуы мүмкін немесе дозаны төмендету қажет болуы мүмкін. Буынішілік инъекциялар ашық араласым ретінде қарастырылады және тек қатаң асептикалық жағдайларда жүргізілуі керек. Әдетте, симптомдарды сәтті жеңілдету үшін бір реттік буын ішіне жасалатын инъекция жеткілікті. Егер қайталама инъекция қажет болса, онда мұндай инъекция 3-4 апта өткен соң барып орындалуы керек. Бір буынға жасалатын инъекция саны шектеулі және 3-4 инъекциядан аспауы керек. Әсіресе, инъекцияны қайта жасағаннан кейін буынның жағдайын медициналық бақылау қажет. Инфильтрация: инфильтрация ең қатты ауырсыну аумағында немесе сіңірлер бекіген жерде жүзеге асырылады. Сіңір ішіне инъекция жасауға жол берілмейді! Препаратты қысқа уақыт аралығында қолданудан аулақ болу керек. Қатаң асептикалық сақтандыру шараларын сақтауға назар аудару керек. Ерітіндінің пайдалануға жарамдылығы Тек мөлдір ерітінділерді қолдану керек. Ампуланың ішіндегісі тек бір рет қолдануға арналған. Инъекциялық ерітіндінің кез келген қалдықтары жергілікті талаптарға сәйкес утилизациялануы керек. Дексаметазонды, 4 мг/мл, инъекцияға арналған ерітінді, тікелей вена ішіне енгізу керек немесе мүмкіндігінше инфузиялық жүйеге енгізу керек. Препарат келесі инфузиялық ерітінділермен үйлесімді (сәйкесінше 250 және 500 мл): изотониялық физиологиялық ерітінді, Рингер ерітіндісі немесе 5% глюкоза ерітіндісі. Басқа инфузиялық ерітінділермен біріктірілген кезде тиісті жеткізушілердің ақпаратына назар аудару керек, үйлесімділікті, қолдануға болмайтын жағдайларды, жағымсыз әсерлер мен өзара әрекеттесулерді ескеру қажет. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы негізгі ауруға және аурудың ағымына байланысты. Сіздің емдеуші дәрігеріңіз сіз үшін жеке емдеу жоспарын жасайды, оны қатаң ұстануыңыз керек. Емдеудің қанағаттанарлық нәтижесіне қол жеткізген кезде қажетті клиникалық реакцияны ұстап тұру үшін дозаны ең төменгі дозаға дейін төмендетеді немесе препаратты қолдануды тоқтатады. 10 күннен асатын емді кенеттен тоқтату бүйрекүсті безінің жедел жеткіліксіздігінің туындауына әкелуі мүмкін, сондықтан емдеу аяқталғаннан кейін препаратты тоқтату біртіндеп жүзеге асыру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.