+245 бонус

ДЕКСАМЕТАЗОН 4 мг/1 мл №25 КРКА

4900 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дексаметазон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың ішінде белсенді зат - 4,37 мг дексаметазон натрий фосфаты (4,00 мг дексаметазон фосфатына баламалы), қосымша заттар: глицерин, динатрий эдетаты, натрий гидрофосфаты дигидраты, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Жүйелі қолдану - ми ісігінен туындаған мидың ісінуі, нейрохирургиялық емшаралар, церебральді абсцесс, бактериялық менингит (мысалы, туберкулез, іш сүзеті, бруцеллез) - әр түрлі жарақаттармен шок / жарақаттан кейінгі респираторлық дистресс-синдромның профилактикасы - бронх демікпесінің ауыр жедел ұстамасы - эритродермия, тұрпайы сулы бөртпе, жедел экзема сияқты таралған, жедел, ауыр тері ауруларын бастапқы парентеральді емдеу - жүйелі қызыл жегі (әсіресе висцеральді түрлері) сияқты аутоиммундық ауруларды бастапқы парентеральді емдеу - ауыр үдемелі ағымы бар белсенді ревматоидты артрит, мысалы, жылдам өтетін деструктивті түрлері және / немесе буыннан тыс көріністер - қатерлі жаңа түзілімдердің паллиативті емі - операциядан кейінгі немесе цитостатиктер туындатқан құсудың құсуға қарсы емдеу сызбаларының құрамында профилактика және емдеу Жергілікті қолдану - буынішілік инъекциялар: буындардың созылмалы қабыну ауруларын жалпы емдеуден кейін бір немесе бірнеше буындардың персистирлеуші қабынуы, белсенді остеоартрит, иық буынының периартропатиясының жедел түрлері - жергілікті инфильтрация (қатаң көрсетілімдер болған кезде): бактериялық емес тендинит және бурсит, периартропатия, инсерциялық тендинопатия - офтальмология: инфекциялық емес кератоконьюнктивит, склерит (некроздық склериттен басқа), алдыңғы және аралық увеит кезінде субконъюнктивальді енгізу
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немеcе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жеделі вирустық, бактериялық және жүйелі зеңді инфекцияларда (спецификалық ем болмаған кезде) Буынішілік инъекция үшін қарсы көрсетілген емдеуге жататын буынның ішінде немесе оған тікелей жақын жерде инфекцияның болуы бактериялық артрит емдеуге жататын буынның тұрақсыздығы қан кетуге бейімділік (өздігінен немесе антикоагулянтты препараттарды қолдану салдарынан) периартикулярлық кальцификация сүйектің аваскулярлық некрозы сіңірдің үзілуі Шарко табаны Қосымша этиотропты емсіз жергілікті инфильтрацияны жүргізу енгізу саласында инфекция болған жағдайда, сондай-ақ көздің вирустық, бактериялық және зеңді аурулары, мөлдір қабықтың жарақаттары мен ойық жаралары кезінде субконьюнктивальді енгізу кезінде қарсы көрсетілген.
Дозасы
Доза аурудың сипатына, ауырлығына және пациенттің жүргізілетін емделуге жеке реакциясына байланысты. Әдетте салыстырмалы түрде жоғары бастапқы дозалар енгізіледі және созылмалы ауруларға қарағанда жедел ауыр түрлерінде елеулі жоғары болуы тиіс. Егер өзгеше тағайындалмаса, дозалау бойынша мынадай ұсынымдар қолданылады: Жүйелі қолдану - Мидың ісінуі Ересектер: аурудың этиологиясына және ауырлығына байланысты бастапқы доза вена ішіне 8-10 мг (80 мг дейін), содан кейін тәулігіне 16-24 мг (48 мг дейін) вена ішіне, 4-8 күн бойы 3-4 (6) жеке дозаларға бөлінген. Сәулелік ем жүргізу және мидың операция жасалмайтын ісіктерін консервативті емдеу кезінде Дексаметазонды едәуір төмен дозаларда ұзақ енгізу қажет болуы мүмкін. - Бактериялық менингит салдарынан мидың ісінуі: 4 күн бойы әрбір 6 сағат сайын дене салмағына 0,15 мг/кг, балаларға - 2 күн бойы әрбір 12 сағат сайын дене салмағының 0,4 мг/кг; препаратты енгізу антибиотикотерапияға дейін басталады. Ауыр жағдайлар, уытты жай-күйлер (мысалы, туберкулез, іш сүзегі; тек қатарлас микробқа қарсы ем кезінде): доза вена ішіне тәулігіне 4-20 мг құрайды, жекелеген жағдайларда (мысалы, іш сүзегі) бастапқыда 200 мг дейін. Инфекциялық ауруларды емдеу кезінде кортикостероидты емді қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды назарға алған жөн. - Жарақаттан кейінгі шок / жарақаттан кейінгі респираторлық дистресс-синдромның профилактикасы Бастапқы доза вена ішіне 40-100 мг (балаларда - 40 мг) құрайды, қайталанатын доза 12 сағаттан кейін немесе 16-40 мг доза 2-3 күн бойы әрбір 6 сағат сайын енгізіледі. - Демікпенің ауыр ұстамасы: ересектер: мүмкіндігінше ертерек вена ішіне 8-20 мг. Балалар: дене салмағының 0,15-0,3 мг/кг вена ішіне. Қажет болған жағдайда көрсетілген дозаларды енгізуді пациенттің жеке реакциясына және клиникалық көрінісіне байланысты қайталау керек. - Жедел тері аурулары: күнделікті, аурудың сипаты мен ауырлық деңгейіне байланысты: тәуліктік дозалар вена ішіне 8-40 мг құрайды, ауыр жағдайларда 100 мг дейін. Әрі қарай емдеу кезінде дозаны азайту керек. - Ревматизмдік жүйелі аурулардың асқынуы: жүйелі қызыл жегі - тәулігіне 6-16 мг. - Ауыр үдемелі ағымы бар белсенді ревматоидты артрит: тез жүретін деструктивті түрлерінде доза тәулігіне 12-16 мг, буыннан тыс көріністерде - тәулігіне 6-12 мг құрайды. - Қатерлі жаңа түзілімдерді паллиативті емдеу: бастапқы доза тәулігіне 8-16 мг, ұзақ емдеу кезінде - тәулігіне 4-12 мг құрайды. - Цитостатикалық емнен туындаған құсудың профилактикасы және емдеу, құсуға қарсы сызбаның құрамында: химиотерапия басталғанға дейін вена ішіне 8-20 мг, одан әрі дозада - қажет болған жағдайда 2-3 күн бойы тәулігіне 1-2 рет 4-8 мг (орташа құсумен қатар жүретін химиотерапия) немесе 3-4 күнге дейін (айқын құсумен қатар жүретін химиотерапия). - Операциядан кейінгі құсудың профилактикасы және емдеу: бір реттік доза операциядан бұрын вена ішіне 4-8 мг; 2 жастан асқан балаларда: дене салмағына 0,15 мг/кг (ең жоғары доза 8 мг құрайды). Жергілікті қолдану Жергілікті инфильтрация және инъекциялар әдетте 4-8 мг дозада жүргізіледі; кіші буындарға буынішілік инъекция үшін немесе субконьюнктивальді инъекция үшін 2 мг дозада дексаметазон енгізу жеткілікті болып табылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.