+33 бонус

ДЕКСАМЕТАЗОН 0,1%10 мл кп глаз

9:00-ден кейін қолжетімді
670 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дексаметазон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Румыния
  • Өндіруші: К.О. Ромфарм Компани С.Р.Л.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл препараттың құрамында белсенді зат – дексаметазон 1.00 мг; қосымша заттар: полисорбат 80, гипромеллоза (НРМС 4000 сР), натрий гидрофосфатының додекагидраты, лимон қышқылының моногидраты, натрий хлориді, динатрий эдетатының дигидраты, бензалконий хлориді, тазартылған су.
Қолданылуы
Кортикостероидтармен емдеуге жауап беретін көздің алдыңғы сегментінің инфекциялық емес қабынуы (ириттер мен увеиттерді қоса алғанда).
Қарсы көрсетілімдер
- дексаметазонға және препараттың кез келген басқа ингредиенттеріне жоғары сезімталдық - көздің вирустық және зеңдік аурулары - көздің іріңді аурулары (микробқа қарсы қосымша емсіз) - трахома - жоғары көзішілік қысым - мөлдір қабық эпителий бүтіндігінің зақымдануы - көз туберкулезі - жүктілік, лактация кезеңі - 8 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Тамызар алдында қолды тазалап жуыңыз. Қолданар алдында құтыны сілкіңіз! 8 жастан асқан ересектер, жасөспірімдер және балалар Көздің конъюнктивальді қапшығына әдетте күніне 2-4 рет 1-2 тамшысын жергілікті тамызады. Ауыр ауруларда сағат сайын тамызуға, дозаны емдеу үдерісіне сәйкес біртіндеп азайтуға болады. Тамызғаннан кейін мұрынкөзжасы арнасын қысу немесе қабақты жабу ұсынылады. Бұл жергілікті қолданылатын дәрілік препараттың жүйелі сіңуін және жағымсыз әсерін төмендетеді. Құтының ішіндегісінің ластануын болдырмау үшін тамшуырдың ұшын көзге немесе кез келген басқа беткейге тигізбеу керек. Егер емнің 7-8 күнінен кейін жақсару байқалмаса, емдік шараларды таңдауды қайта қарау қажет. Енгізу жолы және әдісі Препарат тек конъюнктивальді қапшыққа жергілікті қолдануға арналған. Көзішілік инъекция үшін қолдануға болмайды. Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар Офтальмологиялық қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз. Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерінің күшеюі (жергілікті көріністер). Емі: препаратты тоқтату және симптоматикалық ем тағайындау керек. Көз/көзді мол мөлшерде жылы сумен жуу қажет. Арнайы антидот жоқ. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу ұсынылады Дәрілік препаратты қолдану тәсілін анықтау үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну керек ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болса) қабылдау керек шаралар Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес). Жиі емес - дисгевзия - көздегі жайсыздық; кератит, конъюнктивит, көздің құрғауы, мөлдір қабықтың түссізденуімен байланысты көрінетін ақаулар, көздің жарыққа қарай алмауы, қышу, көздегі бөгде денені сезіну, жас ағудың күшеюі, көздегі аномальді сезім, қабақтың шетінің қабыршақпен жабылуы, көздің тітіркенуі, көздің гиперемиясы Бұл жағымсыз реакциялар постмаркетингтік тәжірибе кезінде байқалды. Белгісіз - жоғары сезімталдық - Кушинг синдромы, бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі - бас айналуы, бас ауыруы - глаукома, ойық жаралы кератит, көзішілік қысымның көтерілуі, көру жітілігінің төмендеуі, мөлдір қабық эрозиясы, қабақты түсіңкілігі, көздің ауыруы, мидриаз Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.