+23 бонус

ДЕКСАМЕТАЗОН 0,1% 10 мл кп глаз

460 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дексаметазон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ЛеКос ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат - 1.0 мг дексаметазон (дексаметазон натрий фосфаты түрінде), қосымша заттар: бор қышқылы, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
ДЕКСАМЕТАЗОН көзге тамызатын дәрі препараты конъюнктивит, кератит, ирит, иридоциклит, мөлдір қабықтың зақымдануы мен шеткі жаралар, сондай-ақ операциядан кейінгі жағдайлар сияқты қабыну және аллергиялық көз ауруларын емдеуге арналған.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - Herpes simplex қоздырғышы туындатқан кератит - вирустық кератиттер және конъюнктивиттер (Herpes zoster туындатқан кератиттен басқа) - желшешек, сиыр шешегі - көздің зеңдік аурулары - көздің жедел іріңді аурулары - мөлдір қабық эпителиопатиясы - жоғары көзішілік қысым - көздің микобактериялық инфекциялары - мөлдір қабықтың тесілуі - лактация кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде
Дозасы
Жедел қабыну жағдайларында зақымдалған көздің (көздің) конъюнктивалық қапшығына әр сағат сайын 1-2 тамшыдан тамызады, қабыну симптомдары азайған соң – әр 4 сағат сайын, одан кейін, қабыну белгілері азайған кезде дозаны күніне 3-4 рет 1 тамшыға дейін азайтуға болады (мұндай дозалау режимінде қабынуды бақылау жағдайында). Созылмалы қабыну жағдайларында әр 3-6 сағат сайын 1-2 тамшыдан тамызады, қажет болған жағдайда жиілігін арттыруға болады. Препаратты қолданудың ең жоғары ұзақтығы бірнеше күннен 2 аптаға дейін. Аллергия және орташа айқын қабыну кезінде ұсынылатын доза қажетті нәтиже болғанға дейін әрбір 3-4 сағат сайын 1-2 тамшыны құрайды. Емдеуді мерзімінен бұрын тоқтату ұсынылмайды, себебі бұл көздің қабыну процесінің қайталануын туындатуы мүмкін. Препаратты 2 апта ішінде көзішілік қысымның және мөлдір қабықтың жағдайын бақылау арқылы қолдану керек. Тамызудан кейін мұрын-көзжас каналын қысу немесе көзді сәл жабу ұсынылады. Бұл көз тіндері арқылы жергілікті қолданылатын дәрілік препараттың жүйелі сіңуін және жағымсыз әсерін төмендетеді. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде дәрілік заттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Субконъюнктивалық қолдану үшін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.