ДЕКСАМЕТАЗОН 0,1% 10 мл капли глазные

9:00-ден кейін қолжетімді
425 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дексаметазон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: АО Фармак
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл препараттың құрамында: белсенді зат - дексаметазон натрий фосфаты 100 % құрғақ затқа шаққанда - 1,0 мг, қосымша заттар: бор қышқылы, натрий тетрабораты, динатрий эдетаты, бензалконий хлориді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
операциядан кейінгі кезеңдегі қабыну реакциясын қоса, конъюнктиваның, мөлдір қабықтың және көздің алдыңғы сегментінің стероидтарға сезімтал инфекциялық емес қабыну және аллергиялық жағдайларды емдеу
Қарсы көрсетілімдер
белсенді субстанцияға немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық жедел емделмеген бактериялық инфекциялар herpes simplex туындатқан жедел беткейлік кератит сиыр шешегі мен желшешек және мөлдір қабық пен конъюктиваның басқа да вирустық инфекциялары (herpes zoster тудырған кератитті қоспағанда) көз құрылымдарының зеңдік аурулары көздің микобактериялық инфекциялары көз туберкулезі мөлдір қабықтың перфорациясы балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Егде жастағы пациенттерді қоса, ересектерге қолдану. Ауыр немесе жедел қабыну кезінде бастапқы ем ретінде 1-2 сағат сайын зақымданған көздің (көздердің) конъюнктивалық қабына 1-2 тамшы тамызу керек. Оң әсер берген жағдайда дозаны күніне 4-6 рет зақымданған көздің (көздердің) конъюнктивалық қабына 1-2 тамшыға дейін азайту керек. Әрі қарай, егер бұл доза қабынуды бақылау үшін жеткілікті болса, дозаны күніне 3-4 рет 1 тамшыға дейін азайтуға болады. Егер қалаған нәтижеге 3-4 күн ішінде қол жеткізілмесе, қосымша жүйелі немесе субконьюнктивальді ем тағайындалуы мүмкін. Аллергия немесе шамалы қабыну кезінде доза қажетті әсерге жеткенге дейін 3-4 сағат сайын зақымдалған көздің (көздердің) конъюнктивалық қабына 1-2 тамшыны құрайды. Емдеуді мерзімінен бұрын тоқтатпаған жөн. Көзішілік қысымды үнемі бақылау ұсынылады. Инстилляциядан кейін қабақтарды абайлап жабу немесе мұрын-көзжасы окклюзиясы ұсынылады. Бұл көзге енгізілген дәрілердің жүйелі абсорбциясын төмендетеді, бұл жүйелі жағымсыз әсерлердің пайда болу ықтималдығын азайтады. Егер бір мезгілде көзге жергілікті қолдануға арналған бірнеше дәрілік заттар қолданылса, оларды қолдану арасындағы аралық кемінде 5 минутты құрауы тиіс. Көзге арналған жақпамайды соңынан қолданған жөн. Бауыр және бүйрек функцияларының бұзылуларында қолдану. Дексаметазон бүйрек және бауыр функцияларының бұзылулары бар пациенттерде зерттелмеген. Алайда, осы препаратты жергілікті қолданғаннан кейін дексаметазонның жүйелі абсорбциясының төмен болуына байланысты дозаны түзетудің қажеті жоқ. Енгізу әдісі және жолы Қолданар алдында құтыны жақсылап сілку керек. Тамшылатқыш жиегінің және суспензияның ластануын болдырмау үшін сақтық таныту және тамшылатқыш құтының шетін қабаққа, іргелес аумақтарға немесе басқа беткейлерге тигізбеу қажет. Назар аударыңыз! Қолдануды бастағанға дейін қалпақшаны мықтап бұрауға болмайды! Алғаш қолданар алдында құтының қалпақшасын барынша бұрау керек. Бұл жағдайда қақпақтың ішкі жағында орналасқан қылқан тесік жасайды. Тура қолданар алдында препараты бар құтыны дене температурасына дейін жылыту үшін алақанда ұстаған жөн. Қақпақшасын бұрап, шешіп алыңыз және құтының корпусын сәл басып, ерітіндіні көзге тамызыңыз. Препаратты тамызғаннан кейін қақпақшаны мықтап бұрап, нұсқаулықта келтірілген ұсыныстарға сәйкес препаратты сақтаңыз. Емдеу ұзақтығы Препаратты қолдану ұзақтығы бірнеше күннен 2 аптаға дейін ауытқиды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.