ДЕКСАМЕТАЗОН - КРКА 0,5 г №10 таблеток

780 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дексаметазон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 0,5 мг дексаметазон қосымша заттар: лактоза моногидраты, желатинденген крахмал*, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты * Жүгері крахмалынан дайындалған
Қолданылуы
Неврологиялық аурулар - ми ісігінен туындаған мидың ісінуі, нейрохирургиялық емшаралар, церебральді абсцесс Тыныс алу жүйесінің аурулары - бронх демікпесінің ауыр жедел ұстамасы Тері аурулары - эритродермия, тұрпайы сулы бөртпе, жедел экзема сияқты таралған, жедел, ауыр тері ауруларын бастапқы пероральді емдеу Аутоиммундық/ревматологиялық аурулар - жүйелі қызыл жегі (әсіресе висцеральді түрлері) сияқты аутоиммундық ауруларды бастапқы пероральді емдеу, - ауыр үдемелі ағымы бар белсенді ревматоидты артрит, мысалы, жылдам өтетін деструкциялық түрлері және / немесе буыннан тыс көріністер Инфекциялық аурулар - уытты жай-күймен ауыр инфекциялық аурулар (туберкулез, іш сүзегі) тек қана инфекцияға қарсы еммен бірге Онкологиялық аурулар - қатерлі жаңа түзілімдердің паллиативті емі Эндокринологиялық аурулар - ересектердегі туа біткен адреногенитальді синдром
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немеcе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Доза аурудың сипатына, ауырлығына және пациенттің жүргізілетін емделуге жеке реакциясына байланысты. Әдетте салыстырмалы түрде жоғары бастапқы дозалар енгізіледі және созылмалы ауруларға қарағанда жедел ауыр түрлерінде елеулі жоғары болуы тиіс. Егер басқасы тағайындалмаса, дозалау бойынша мынадай ұсынымдар қолданылады: Бас миының ісінуі: Себебіне және ауырлық дәрежесіне байланысты бастапқы доза вена ішіне 8-10 мг (80 мг дейін), содан кейін тәулігіне 16-24 мг (48 мг дейін) пероральді, 4-8 күн бойы 3-4 (6 дейін) жеке дозаларға бөлінген. Сәулелік ем және мидың операция жасалмайтын ісіктерін консервативті емдеу кезінде Дексаметазон - КРКА төмен дозаларын ұзақ қабылдау қажет болуы мүмкін. - Бактериялық менингит салдарынан мидың ісінуі: 4 күн бойы әрбір 6 сағат сайын дене салмағына 0,15 мг/кг, балаларға: бастапқы антибиотикпен емдеуден кейін 2 күн бойы әрбір 12 сағат сайын дене салмағының 0,4 мг/кг. - Демікпенің ауыр жедел ұстамасы: ересектер: 8-20 мг, содан кейін қажет болған жағдайда әрбір 4 сағат сайын 8 мг. Балалар: дене салмағының 0,15-0,3 мг/кг. - Өршу сатысындағы тері аурулары: аурудың сипаты мен ауырлық дәрежесіне байланысты тәуліктік доза 8-40 мг құрайды. Бұдан әрі емдеуді төмен дозаларды қолданумен жалғастыру керек. - Өршу сатысындағы жүйелі ревматологиялық аурулар: жүйелі қызыл жегі - тәулігіне 6-16 мг. - Белсенді ревматоидты артриттің ауыр үдемелі түрі: жылдам жүретін деструкциялық түрлерінде тәулігіне 12-16 мг, буыннан тыс көріністе тәулігіне 6-12 мг. - Ауыр инфекциялық аурулар, уытты жағдайлар (мысалы, туберкулез, іш сүзегі): тек қатарлас инфекцияға қарсы еммен біріктірілімде, бірнеше күн бойы 4-20 мг. - Қатерлі жаңа түзілімдерді паллиативті емдеу: бастапқы дозасы тәулігіне 8-16 мг, ұзақ емдеу кезінде тәулігіне 4-12 мг. - Ересектердегі туа біткен адреногенитальді синдром: бір реттік доза түрінде тәулігіне 0,25-0,75 мг. Қажет болған жағдайда емдеу сызбасына минералкортикоидтарды (флудрокортизон) қосады. Физикалық стресс жағдайларында (мысалы, жарақат, хирургиялық араласу), интеркуррентті инфекциялар және т.б. дозаны 2-3 есе, ал экстремалды стресс кезінде (мысалы, босану) - 10 есе арттыру қажет болуы мүмкін. Дозаны түзету үшін таблеткаларды бөлмеген жөн. 0,5 мг бір немесе бірнеше таблеткамен қамтамасыз етілмейтін дозамен емдеу қажет болған жағдайда басқа тиісті препараттарды қолдану туралы мәселені қарастыру керек. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды тамақтану кезінде немесе одан кейін қабылдау керек. Таблеткаларды сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін іше отырып, тұтастай жұту керек. Негізгі ауруға, клиникалық симптомдарға және жүргізілетін емге реакцияға байланысты емді кейіннен тоқтатумен препарат дозасын неғұрлым тез немесе баяу төмендетуге немесе барынша төмен демеуші дозада пациент жағдайын тұрақтандыруға және қажет болған жағдайда бүйрек үсті безі функциясына мониторинг жүргізуге болады. Жалпы, қажет болған жағдайда препараттың жоғары дозаларымен ұзақ емдеуді жүргізуге болады, бірақ бұл ретте барынша ықтимал төмен дозалар мен қысқа емдеу курсын пайдалану керек. Негізінен, препараттың дозасын біртіндеп азайту керек. Алғашқы емдеуден кейін қажет деп саналатын ұзақ мерзімді ем кезінде пациенттерді преднизонға/преднизолонға ауыстыру керек, өйткені бұл бүйрек үсті безінің функциясының төмендеуін азайтады. Гипотиреоз немесе бауыр циррозы кезінде төмен дозалы ем тиімді болуы мүмкін немесе препарат дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.