+78 бонус

ДЕКСАЛГИН САШЕТ 25 мг №10 гран.пакет

1565 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Декскетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Менарини Интернэшнл Оперейшнз Люксембург С.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір пакеттің ішінде белсенді зат – 36.9 мг декскетопрофен трометамолы (25 мг декскетопрофенге баламалы), қосымша заттар: аммоний глицирризинаты, неогесперидин дигидрохалкон, хинолинді сары (E 104), лимон хош иістендіргіші1, сахароза 1 Лимон хош иістендіргіші лимонды эфир майының, табиғиға ұқсас дәмдеуіш заттардың, бутилгидроксианизолдың, мальтодекстриннің және гуммиарабиктің қоспасы болып табылады.
Қолданылуы
Бұлшықет-қаңқа ауыруы, дисменорея, тіс ауыруы сияқты қарқындылығы жеңіл және орташа ауыруды симптоматикалық емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
Дексалгин® сашет препаратын келесі жағдайларда қолдануға болмайды: әсер етуші затқа, кез келген басқа ҚҚСП немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер әсер етуі ұқсас заттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы және басқа ҚҚСП) демікпе, бронх түйілуі, жедел ринит ұстамаларының дамуына түрткі болатын немесе мұрын полиптерінің дамуын, есекжем немесе ангионевроздық ісінудің пайда болуын туындататын пациенттер кетопрофен немесе фибраттармен емдеу кезінде фотоаллергиялық немесе фотоуытты реакциялардың дамуы белгілі пациенттер осының алдындағы ҚҚСП емімен байланысты асқазан-ішектен қан кету немесе тесілу (перфорация) анамнезінде болған пациенттер белсенді пептидті ойық жарасы/асқазан-ішектен қан кетуі бар немесе анамнезінде асқазан-ішек қан кетуі, ойық жаралануы немесе тесілуі болған пациенттер созылмалы диспепсия бар пациенттер белсенді фазадағы қан кетулері немесе жоғары қанағыштығы бар пациенттер Крон ауруы, спецификалық емес ойық жаралы колит бар пациенттер жүректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер бүйрек функциясының орташа немесе ауыр дәрежедегі бұзылуы (креатинин клиренсі ≤ 59 мл/мин) бар пациенттер бауыр функциясының ауыр бұзылуы (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 10-15 балл) бар пациенттер геморрагиялық диатез немесе қан ұюының басқа бұзылулары бар пациенттер айқын дегидратация бар пациенттер (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз ішу нәтижесінде) жүктіліктің III-ші триместрі және лактация кезеңі балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Препараттың жағымсыз әсерлерін симптомдарды жоюға қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде ұсынылған ең төмен дозаларын қолдану арқылы барынша азайтуға болады. Ересектер Ауырудың түрі мен қарқындылығына байланысты ұсынылатын доза әр 8 сағат сайын 25 мг (1 пакет) құрайды. Тәуліктік доза 75 мг-ден аспауы тиіс. Дексалгин® сашет препараты тек қысқа мерзімді қолдануға арналған; емдеу симптомдар болатын кезеңмен шектелуі тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Емдеуді ең төмен дозалардан (тәуліктік доза 50 мг) бастау ұсынылады. Препарат жағымдылығы жақсы болса, дозаны әдеттегі мөлшеріне дейін арттыруға болады. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылуларында емдеуді ең төмен дозалардан (тәуліктік доза 50 мг) және дәрігердің қатаң қадағалауымен бастау керек. Препаратты бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде пайдалануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бастапқы дозаны бүйрек функциясының әлсіз бұзылуы бар (креатинин клиренсі 60-89 мл/мин) пациенттерде 50 мг жалпы тәуліктік дозасына дейін төмендету керек. Дексалгин® сашет препаратын бүйрек функциясының орташа немесе ауыр бұзылуы бар (креатинин клиренсі ≤ 59 мл/мин) пациенттерде пайдалануға болмайды. Балалар Балалар және жасөспірімдерде декскетопрофен қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмады. Осыған байланысты препаратты пациенттердің осы тобында пайдалануға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін. Бір пакеттің ішіндегісін түгел бір стақан суда ерітіңіз, әбден еріп кету үшін жақсылап шайқаңыз/араластырыңыз. Бұл ерітіндіні дайындалған соң бірден қабылдау керек. Ас ішумен бірге қабылдау препараттың сіңуін баяулатады, сондықтан жедел ауыруларда препаратты тамақтанудан, кем дегенде, 15 минут бұрын қабылдау ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.