ДЕКСАЛГИН 25 мг №10 таб

2250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Декскетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Менарини Интернэшнл Оперейшнз Люксембург С.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 36.9 мг декскетопрофен трометамолы (25 мг декскетопрофенге баламалы), қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, натрий крахмалы гликоляты, глицерин дистеараты, қабық құрамы: құрғақ лак: гипромелоза, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 6000, пропиленгликоль.
Қолданылуы
Дексалгин® препараты 18 жастан асқан ересектерде қолдануға көрсетілген. Қаңқа-бұлшықет ауыруы (әлсіз немесе орташа білінетін), альгодисменорея, тіс ауыру. Препарат симптоматикалық емдеу үшін, қолдану сәтіндегі ауыру мен қабынуды азайтуға арналған.
Қарсы көрсетілімдер
Дексалгин® таблеткалар препаратын келесі жай-күйлерде қолдану қарсы көрсетілімді: әсер етуші затқа, кез келген басқа қабынуға қарсы стероидты емес препаратқа (ҚҚСП) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер әсер етуі ұқсас заттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы және басқа ҚҚСП) демікпе ұстамаларының, бронх түйілуі, жедел риниттің дамуына түрткі болатын немесе мұрын полиптерінің дамуын, есекжем немесе ангионевроздық ісінудің пайда болуын тудыратын пациенттер анамнезінде кетопрофенмен немесе фибраттармен емдеу кезіндегі фотоаллергиялық немесе фотоуытты реакциялар дамуы болған пациенттер; анамнезінде алдыңғы ҚҚСП емімен байланысты асқазан-ішек қан кетуі немесе тесілуі (перфорация) болған пациенттер белсенді пептидтік ойық жарамен/асқазан-ішектен қан кету немесе анамнезінде асқазан-ішек қан кетуі, ойық жаралануы немесе тесілуі болған пациенттер созылмалы диспепсиясы бар пациенттер белсенді фазадағы қан кетуі немесе жоғары қанағыштығы бар пациенттер Крон ауруы, спецификалық емес ойық жаралы колит бар пациенттер жүректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер бүйрек функциясының орташа немесе ауыр дәрежелі бұзылуы бар (креатинин клиренсі < 59 мл/мин) пациенттер бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 10-15 балл) пациенттер бүйректің үдемелі аурулары, расталған гиперкалиемия; бүйректің созылмалы ауруы: 3а (шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) 45-59 мл/мин/1,73 м2), 3б (ШСЖ 30-44 мл/мин/1,73 м2), 4 (ШСЖ 15-29 мл/мин/1,73 м2), 5 (ШСЖ <15 мл/мин/1,73 м2) сатылары); аорта-коронарлық шунттау жасаудан кейінгі кезең; жүректің ауыр жеткіліксіздігі; геморрагиялық диатез және қан ұюының басқа бұзылулары бар пациенттер айқын дегидратациясы бар пациенттер (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз ішу нәтижесінде) жүктіліктің III-ші триместрі және лактация кезеңі
Дозасы
Декскетопрофен ұзақ уақыт емдеуге арналмаған, препаратпен емдеу курсы симптомдардың көрініс беру кезеңімен шектелуі тиіс. Ересектер Ауырсыну түріне және қарқындылығына қарай ұсынылатын доза әр 4-6 сағат сайын 12,5 мг (1/2 таблетка) немесе әр 8 сағат сайын 25 мг (1 таблетка) құрайды. Тәуліктік доза 75 мг-ден аспауы тиіс. Дексалгин® таблеткалар препараты тек қысқа мерзімді қолдануға арналған; емдеу симптомдар болған кезеңмен шектелуі тиіс. Ең аз тиімді доза симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде қолданылуы тиіс. Егде жастағы пациенттер Емдеуді ең төмен дозалардан (тәуліктік доза 50 мг) бастау ұсынылады. Препарат жағымдылығы жақсы болғанда дозаны дағдылы түріне дейін арттыруға болады. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылуларында емдеуді ең төмен дозалардан (тәуліктік доза 50 мг) және дәрігердің қатаң қадағалауымен бастау керек. Препаратты бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде пайдалануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі ауырлығының жеңіл дәрежесіндегі (созылмалы бүйрек ауруы, 2 саты (ШСЖ 60-89 мл/мин/1,73 м2) пациенттерде Дексалгин препаратымен емдеуді дәрігердің қадағалауымен ұсынылған ең төмен дозадан бастау керек. Дексалгин препаратын бүйректің созылмалы ауруының 3а (ШСЖ 45-59 мл/мин/1,73 м2), 3б (ШСЖ 30-44 мл/мин/1,73 м2), 4 (ШСЖ 15-29 мл/мин/1,73 м2) және 5 (ШСЖ < 15 мл/мин/1,73 м2) сатыларындағы пациенттерде қолдану қарсы көрсетілімді. Балалар мен жасөспірімдер Декскетопрофен қауіпсіздігі мен тиімділігі балалар мен жасөспірімдерде анықталмаған. Осыған байланысты, препаратты пациенттердің осы тобында пайдалануға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Дексалгин® ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды жеткілікті сұйықтық мөлшерімен (мысалы, 1 стақан сумен) іше отырып, тұтастай жұтады. Бір мезгілде ас ішу препараттың сіңу жылдамдығын төмендетеді, сондықтан Дексалгин® таблеткаларын ас ішуге дейін кемінде 30 минут бұрын қабылдау ұсынылады. Таблеткаларды тең дозаларда екі жартыға бөлуге болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.