+41 бонус

ДЕКЕТОН 25 мг №20 таб

820 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Декскетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: АБДИ ИБРАХИМ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 36,90 мг декскетопрофен трометамолы (25 мг декскетопрофенге баламалы) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (рН 101), жүгері крахмалы, натрий крахмал гликоляты (А типі), глицерил дистеараты қабығының құрамы: Опадрай II 85F18422 ақ* *поливинил спирті, полиэтиленгликоль 3350 ұнтақ, титанның қостотығы (Е 171), тальк
Қолданылуы
Дикетон келесілерде қолданылады: - қарқындылық дәрежесі жеңіл және орташа ауыруды симптомдық емдеуде - бұлшықет пен сүйектің ауыруында - ауырсынумен жүретін етеккір мен тіс ауыруында
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затына, кез келген басқа ҚҚСД немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - егер әсері ұқсас заттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы және басқа ҚҚСД) демікпе ұстамаларының, бронх түйілуінің, жедел риниттің дамуына түрткі болса немесе мұрын полиптерінің дамуын, есекжемнің немесе ангионевроздық ісінудің дамуын туғызса - қазіргі уақытта немесе бұрын белсенді немесе қайталанатын пептидік ойық жараның /АІЖ қан кетулердің болуы (екі немесе одан да көп жекелеген көріністері расталған ойық жара ауруы немесе қан кетулер), сондай-ақ, созылмалы диспепсия жағдайында немесе пептидтік ойық жараға/ қан кетуге күдіктенген кезде - анамнезде осының алдындағы ҚҚСД емімен байланысты асқазан-ішектен қан кетулердің немесе тесілудің болуы - асқазан-ішектен қан кету, басқа белсенді немесе қанағыштығы жоғары фазадағы қан кету, қан ұюының бұзылуы - Крон ауруы немесе спецификалық емес ойық жаралы колит - жүректің ауыр жеткіліксіздігі - бүйрек функциясының орташа немесе ауыр дәрежедегі бұзылуы (креатинин клиренсі ≤ 59 мл/мин) - бауыр функциясының ауыр бұзылуы (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша 10-15) - геморрагиялық диатез және қан ұюының басқа бұзылулары - кетопрофенмен немесе фибраттармен емдеу кезіндегі фотоаллергиялық немесе фотоуытты реакциялар -  созылмалы диспепсиея  - айқын дегидратацияда (құсудың, диареяның немесе сұйықтықты аз ішудің нәтижесінде)      - жүктіліктің үшінші триместрі және лактация кезеңі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Дозалану режимі Ауырудың сипаты мен айқындығына байланысты ұсынылатын дозасы, 4-6 сағат аралықпен 12,5 мг немесе 8 сағат аралықпен 25 мг құрайды. Тәуліктік жиынтық дозасы 75 мг аспауға тиіс. Жағымсыз әсерлерін, жағдайды жақсарту үшін қажетті азғантай уақыт ішінде ең аз тиімді дозасын пайдаланудың есебінен азайтуға болады. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды пероральді түрде, жеткілікті мөлшердегі сумен ішу арқылы қабылдау керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Тамақпен бірге қабылдау препараттың сіңірілуін баяулатады; сондықтан, қатты ауырулар кезінде препаратты ас ішкенге дейін кемінде 30 минут бұрын қабылдау ұсынылады. Емдеу ұзақтығы Декетон таблеткаларын ұзақ уақыт бойы қолдануға арналмаған; емдеу симптомдар бар кезбен шектелуге тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.