ДАЛАЦИН 300 мг №16 капс

3900 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Клиндамицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Пфайзер ПГМ
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында: белсенді зат - 177,515 мг немесе 355,030 мг клиндамицин гидрохлориді (150,000 мг немесе 300,000 мг клиндамицинге баламалы), қосымша заттар: магний стеараты, жүгері крахмалы, тальк, лактоза моногидраты, капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), желатин.
Қолданылуы
Емдеу үшін Клиндамицин өзіне сезімтал микроорганизмдермен туындаған ауыр инфекцияларды емдеуге арналған: – құлақ, мұрын және тамақ инфекциялары; – бронх-өкпе инфекциялары; – стоматологиялық инфекциялар; – тері инфекциялары; – урогениталий инфекцияларында; – сүйек-буын инфекциялары; – операциядан кейінгі абдоминальді инфекциялар; – септицемиялар. Тіпті олар препаратқа сезімтал микроорганизмдермен туындаса да, менингеальді инфекциялар бұған жатпайды, өйткені Далацин емдік тұрғыдан тиімді мөлшерлерінде жұлын сұйықтығына диффузияланбайды. Профилактика Бета-лактамдарға аллергиясы бар пациенттерде амбулаториялық стоматологиялық емде және жоғарғы тыныс алу жолдарының емінде инфекциялық эндокардиттің профилактикасы үшін. Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықтардағы нұсқауларды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа, линкомицинге немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде атап келтірілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық препараттың дәрілік түріне байланысты 6 жасқа дейінгі балаларда жүктіліктің бірінші триместрі және лактация кезеңі тұқым қуалайтын лактаза жеткіліксіздігі, тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы
Дозасы
Дәрігердің нұсқауларын әрдайым бұлжытпай сақтаңыз. Анықтама ретінде төменде әдеттегі дозалары келтірілген. Инфекцияларды емдеу Ересек пациенттерде: тәулігіне 600-ден 1800 мг дейін 2, 3 немесе 4 дозасы түрінде. 6 жастан асқан балаларда: тәулігіне 8-ден 25 мг/кг дейін 3 немесе 4 дозасы түрінде. Инфекциялық эндокардиттің профилактикасы үшін Ересек пациенттерде: емшара алдындағы бір сағат ішінде 600 мг пероральді. 6 жастан асқан балаларда: емшара алдындағы бір сағат ішінде 15 мг/кг пероральді. Енгізу әдісі және жолы Пероральді қабылдау. Капсулаларды тұтастай, бір үлкен стақан сумен ішіп жұтыңыз. Далацин® капсулалары оларды тұтастай жұта алмайтын балаларға арналмаған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.