+680 бонус

ДАЛАЦИН 2% 20г ваг. крем

13600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Клиндамицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: США
  • Өндіруші: ПФАЙЗЕР МАНУФАКТУРИН
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г кремнің құрамында 23.77 г клиндамицин фосфаты (20,00 г клиндамицинге баламалы) бар. қосымша заттар: сорбитан моностеараты, полисорбат 60, пропиленгликоль, стеарин қышқылы, цетостеарил спирті, цетилпальмитат/ Cutina CP, минералды май (сұйық парафин), бензил спирті, тазартылған су.
Қолданылуы
- жүкті емес әйелдердегі және жүктіліктің екінші және үшінші триместрі кезіндегі бактериялық вагинозда (гемофильді вагинитте, гарднереллезді вагинитте, спецификалық емес вагинитте, коринобактериялы вагинит немесе анаэробты вагинозда) Ескертпе Жоғарыда көрсетілген көрсетілім бойынша пайдалану үшін, бактериялық вагиноздың клиникалық диагнозы әдетте төмендегілердің негізінде қойылады: - рН 4,5-тен асатын гомогендік қынаптық бөлінісінің болуы; - аминдер түрткі болатын, KOH 10 % ерітіндісімен араластырғанда «балық» иісі ретінде сипатталатын иістің болуы; - микроскопия кезінде негізгі жасушалардың анықталуы. Грам бойынша бактериялық вагиноз диагнозына сәйкес келетін боялу нәтижелері: - Lactobacillus болмауымен немесе концентрациясының айтарлықтай азаюымен; - Gardnerella морфотипінің басымдығымен; - лейкоциттердің болмауымен немесе санының аздығымен сипатталады. Әдетте вульвовагиниттің қоздырғыштары ретінде қарастырылатын басқа қоздырғыштардың, мысалы Trichomonas vaginalis, Chlamydia trachomatis, N. gonorrhoeae, Candida albicans және Herpes simplex вирусының бар-жоқтығын анықтау керек.
Қарсы көрсетілімдер
- 6.1 бөлімінде аталған клиндамицинге, линкомицинге немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық - анамнезінде Крон ауруы, спецификалық емес ойықжаралы колит немесе антибиотикпен астасқан колит болуы - жүктіліктің I триместрі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған)
Дозасы
Ұсынылатын дозасы: жүкті емес әйелдер үшін толық бір аппликатор (5 г крем, шамамен 100 мг клиндамицин) 3 немесе 7 күн қатарынан және жүкті әйелдер үшін 7 күн қатарынан, дұрысы ұйықтар алдында қынап ішіне енгізіледі. Енгізу әдісі және жолы Интравагинальді. 20 г кремнің қаптамасында кремді қынапқа дұрыс енгізуге арналған 3 пластмасса аппликатор болады. Кремі бар сықпаның қалпақшасын ашыңыз. Пластмасса аппликаторды сықпаның оймамен жабдықталған мойнына бұрап кигізіңіз. Сықпаның келесі ұшын жиыра отырып, кремді аппликаторға абайлап сығып шығарыңыз. Поршені түбіне дейін жеткен кезде аппликатор толады. Аппликаторды сықпадан бұрап ажыратыңыз және қалпақшасын бұраңыз. Шалқадан жатқан қалыпта, аппликаторды көлденеңінен ұстап, оны қынапқа сақтықпен, жағымсыз сезінулерді тудырмайтындай, барынша тереңірек енгізіңіз. Поршенін баяу, түбіне дейін баса отырып, кремді қынапқа енгізіңіз. Аппликаторды қынаптан абайлап шығарып алыңыз және оны лақтырып тастаңыз. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Құрамында 2% қынаптық крем бар клиндамицин фосфатын қынапқа қолдану кезінде жүйелік әсерді қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде сіңіруге болады. Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу үшін жүгініңіз. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы Өте жиі (пациенттердің шамамен 10% астамында кездеседі): Жиі (пациенттердің 1% астамында кездеседі, бірақ 10% кем емес) қынаптық монилиаз вульвовагинит вульвовагинальді бұзылыс трихомонадтық вагинит монилиаз (қынаптық емес) патологиялық босанулар Жиі емес (пациенттердің 0,1% астамында кездеседі, бірақ 1% кем емес) қынап бөліністері метроррагия несеп шығару жолдарының инфекциясы эндометриоз етеккір оралымының бұзылуы вагинит/қынап инфекциясы қынаптың ауыруы дизурия іш аумағының оқшауланған ауыруы іштегі жайылған ауыру іштің шаншуы ауыздан жағымсыз иіс шығуы бас ауыру бактериялық инфекция зеңдік инфекция қабынумен жүретін ісіну аллергиялық реакция жүрек айнуы құсу іштің қатуы диспепсия метеоризм диарея асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар жалған жарғақшалы колит гипертиреоз бас айналуы және вертиго мұрыннан қан кету қышыну (қолданған және қолданылмаған жерлердегі) монилиаз бөртпе макулопапулезді бөртпе эритема есекжем дәм сезудің бұрмалануы жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық Орталығы» РМК ШЖҚ http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.