+412 бонус

Д-Вит Ламира 10 000 таблетки

8245 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Колекальциферол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ОАЭ
  • Өндіруші: КвестВитаминзМидлИстФзе
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - D3 дәрумені 5000 ХБ (0.125 мг колекальциферолға баламалы) 50 мг немесе D3 дәрумені 10 000 ХБ (0.25 мг колекальциферолға баламалы) 100 мг, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза PH 102, гидратацияланған коллоидты кремнийдің қостотығы, сусыз дикальций фосфаты, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, қабықтың құрамы: Сепифилм LP014 мөлдір: гидроксипропилметилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, Сеписперс құрғақ 5047 қызыл: гидроксипропилметилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, титанның қостотығы Е171, темірдің қызыл тотығы Е172. Таблеткада “D5K” және “D10K” жазбаларын жазу үшін қолданылатын сияның құрамы: шеллак негізіндегі жалтыр ~ 45% (20% этерификацияланған) этанолда (Е904), изопропил спирті, темірдің қара тотығы (Е172), н-бутил спирті, пропиленгликоль, амммоний гидроксиді
Қолданылуы
- ересектер мен жасөспірімдерде (12 жастан бастап) D дәруменінің тапшылығын емдеу - қаупі жоғары пациенттерде және D дәруменіне қажеттілік жоғары жағдайларда D дәрумені тапшылығының профилактикасында - D дәруменінің тапшылығы қаупі бар пациенттерде остеопорозға арналған арнайы терапияға қосымша ретінде, кальциймен бірге болғаны жақсырақ
Қарсы көрсетілімдер
- D дәруменіне немесе препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық - D гипервитаминозы - гиперфосфатемиямен бірге бүйректік остеодистрофия - гиперкальциемия және/немесе гиперкальциурия - несептас ауруы - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
Дозасы
Тапшылықты, жетіспеушілікті түзетуге және демеуші емге арналған доза D дәруменінің жеткіліксіздігінің ауырлық дәрежесіне және емдеуге жауап беруге байланысты жеке таңдалады. D дәрумені тапшылығын емдеу: тәулігіне 5000 – 10000 ХБ есебінен жүргізіледі, бұл 8 апта бойы тәулігіне 1 рет 1-2 таблеткадан Д-Вит Ламира 5000 ХБ қабылдауға сәйкес келеді. Демеуші ем: күніне 1 200 – 2 000 ХБ есебінен жүргізіледі, бұл 3 күнде 1 рет Д-Вит Ламира 5000 ХБ 1 таблеткасына сәйкес келеді. Демеуші ем мақсаттық деңгейге қол жеткізуді сақтау үшін кейінгі 3-4 ай ішінде қандағы 25-(OH) D концентрациясын бақылай отырып жүргізіледі. 12-18 жастағы жасөспірімдерде D дәруменінің жетіспеушілігі немесе тапшылығы: күніне 800 ХБ есебінен жүргізіледі, бұл аптасына 1 рет 1 таблеткадан Д-Вит Ламира 5000 ХБ қабылдауға сәйкес келеді. Емдеу тек дәрігердің бақылауымен және қан сарысуындағы 25- (OH) D деңгейінің бақылауымен жүзеге асырылады Енгізу әдісі және жолы Пероральді. Препарат тамақ қабылдауына қарамастан қабылданады. Таблетканы толығымен жұтқан жөн (шайнамай) және сумен бірге ішу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.