+202 бонус

ЦИТИКОЛИН-САНТО 10Г/100МЛ 30 МЛ

4050 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цитиколин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Химфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 100 мл препараттың құрамында белсенді зат – 10.450 г натрий цитиколині (цитиколинге баламалы (10.000 г) қосымша заттар: сұйық кристалды емес сорбитол, глицерин (глицерол), метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий цитрат дигидраты, натрий сахарині, калий сорбаты, лимон қышқылы моногидраты 50 % ерітіндісі, натрий гидроксидінің 0.1 М ерітіндісі, «Құлпынай 546» тағамдық хош иістендіргіші, тазартылған су
Қолданылуы
инсультпен байланысты неврологиялық және когнитивтік бұзылуларды емдеуде бассүйек-ми жарақаттарымен байланысты неврологиялық және когнитивтік бұзылыстарды емдеуде
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші зат цитиколинге, немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық парасимпатикалық жүйке жүйесінің тонусы жоғарылауында фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактозаны немесе сахароза-изомальтозды сіңірудің бұзылуы бар адамдарға
Дозасы
Ересектер Ересектер үшін ұсынылатын дозасы симптоматиканың ауырлығына қарай күніне 500 мг-ден 2000 мг-ге дейін (100 мг = 1 мл) құрайды. Ұсынылатын қабылдау жиілігі 6-8 апта бойы күніне 2 - 3 рет. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балаларда қолданылу тәжірибесі деректерінің шектеулілігіне байланысты препаратты тек, егер күтілетін емдік пайдасы кез келген ықтимал қаупінен асып түсетін болса ғана қолданған жөн. Егде жастағы адамдар Егде жастағы пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Ішуге қабылдауға арналған. Препаратты ашқаннан кейін сұйылтпай бірден ішуге немесе қабылдар алдында 1/2 стақан (120 мл) сумен сұйылтуға болады. Препаратты пипетка-дозатордың көмегімен қолдану алгоритмі: Пипетка-дозаторды поршенін толық түсіріп құтыға салыңыз. Поршенін кері тартып, пипетка-дозатордың шкаласына қарай отырып, препараттың қажетті дозасын сорып алыңыз. Ерітіндіні сұйылтпай ішке қабылдаңыз немесе оны бөлме температурасындағы бір стақан судың (120 мл) жартысымен алдын ала сұйылтыңыз. Әрбір қолданғаннан кейін пипетка-дозаторды сумен жуып-шаю ұсынылады.Сұйылтқан жағдайда, дайындалған ерітінді сақтауға келмейді және дайындағаннан кейін бірден қолдану ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.