ЦИСТОН №100 таб Комплекс

1800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Урологические препараты другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Хималайя Драг Ко
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: Сабақты қосжеміс жапырақтары экстрактісі 65.0 мг Тілдік тасжарған тамырлары экстрактісі 49.0 мг Жүрекжапырақты риян тамырлары экстрактісі 16.0 мг Түйнек жер бадамы тамырсабағы экстрактісі 16.0 мг Кедір-бұдыр сабангүл дәндері экстрактісі 16.0 мг Ілмешекті айлауық сабағы экстрактісі 16.0 мг Күлгін верония шөбі экстрактісі  16.0 мг Тазартылған мумие 13.0 мг Кальций силикаты 16.0 мг Келесі өсімдік шикізаттарының қоспасынан алынған экстрактінің буымен өңделген: хош иісті насыбайгул, отты ат бұршақ, жатаған теміртікен, ұяң мимоза, хош иісті павония, дала қырықбуыны, тик ағашының дәндері қосымша заттар: натрий карбоксиметилцеллюлозасы (натрий кармеллозасы), микрокристалды целлюлоза, кросповидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Қолданылуы
- несептас ауруында, кристаллурияда - несеп шығару жолдарының инфекциялары кезінде (циститте, спецификалық емес уретритте, пиелитте) қосымша дәрі ретінде - тас түзілудің қайталануының профилактикасы үшін - әйелдердегі несепті ұстай алмаушылықта - несеп шығару кезіндегі күйдіріп ашытуда - подаграда, гиперурикемияда
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 6 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Несеп шығару жолдарының инфекцияларында (циститте, спецификалық емес уретритте, пиелитте) Ересектер: 7 күннен бастап қабыну үдерісі жойылғанға дейін тамақтан кейін күніне 3 рет 2 таблеткадан. Балалар: 6 жастан 11 жасқа дейін: тамақтан кейін күніне 3 рет 1 таблеткадан, 12-15 жасқа 7 күннен немесе қабыну үдерісі жойылғанға дейін тамақтан кейін күніне 2-3 рет 2 таблеткадан. Несептас ауруы, кристаллурия кезінде Ересектер 3-4 ай бойы күніне 2-3 рет2 таблеткадан, содан кейін тастар шыққанша күніне 2 рет 1 таблеткадан. Балалар: 6-11 жасқа 1 таблеткадан күніне  3 рет, содан кейін күніне 1 таблеткадан, емдеу курсы 4 ай; 11- 15 жасқа тастар шыққанша күніне 3 рет 2 таблеткадан. Подагра кезінде 1-ден 2 айға дейін күніне 3 рет 2 таблеткадан. Хирургиялық араласымнан және тастарды алып тастағаннан кейін, қашықтықтан жүргізілетін литотрипсиядан соң бүйрек конкременттерінің қайтадан түзілуінің профилактикасы үшін 4-5 ай бойы күніне 3 рет 1 таблеткадан. Балалар Тұншығу қаупіне байланысты, 6 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды. Егде жастағы пациенттер Дозасын түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозасын түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозасын түзету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қолдануға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.