+39 бонус

Ципровид-DF капли глазные и ушные 5 мл

9:00-ден кейін қолжетімді
780 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дексаметазон в комбинации с противомикробными препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО "DOSFARM"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір мл препараттың құрамында белсенді заттар: 3,0 мг ципрофлоксацинге баламалы ципрофлоксацин гидрохлориді, 1,0 мг дексаметазон қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, гидроксипропилбетациклодекстрин, маннитол, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ципровид-DF® дәрілік препараты ципрофлоксацинге сезімтал бактериялардың штаммдарынан туындаған келесі инфекциялық ауруларды емдеуге қолданылады: Ересектердегі және 8 жастан асқан балалардағы көз және оның қосалқыларының бактериялық қабыну аурулары - көздің мөлдір қабығының ойық жарасы - көздің беткейлік инфекциялары - жедел және жеделге жуық конъюнктивит - кератит - алдыңғы увеит - блефарит және қабақтың басқа қабыну аурулары - көздің және оның қосалқыларының жарақаттарынан кейін және көз алмасына жасалған операциялар кезіндегі инфекциялық асқынулар профилактикасы және емдеу. Ересектер мен балалардағы құлақтың бактериялық қабыну аурулары - тимпаностомиялық түтікшесі бар пациенттердегі ортаңғы жедел отит (ОЖОТ) - жедел сыртқы отит (ЖСО). Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды назарға алу керек.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - вирустық (мысалы, желшешек, қарапайым герпес) және зеңді отиттік инфекциялар - 8 жасқа дейінгі балалар (офтальмологияда қолданған кезде)
Дозасы
Жергілікті офтальмологиялық қолдану Ересектер және 8 жастан асқан балалар Көздің мөлдір қабығының ойық жарасы Препаратты келесі уақыт аралықтары арқылы, тіпті түнгі уақытта да енгізу керек. Алғашқы тәулікте зақымданған көзге алғашқы 6 сағаттың ішінде 2 тамшыдан әр 15 минут сайын, содан соң күннің қалған уақытында зақымданған көзге 2 тамшыдан әр 30 минут сайын тамызады. Екінші тәулікте зақымданған көзге сағат сайын 2 тамшыдан тамызады. Үшінші күннен бастап он төртінші күнге дейін зақымданған көзге 2 тамшыдан әр 4 сағат сайын тамызады. Егер пациент 14 күннен артық емдеуді қажет ететін болса, дозалану режимі емдеуші дәрігердің шешімі бойынша белгіленеді. Көздің беткейлік инфекциялары Әдеттегі доза зақымданған көзге (көздерге) күніне 4 рет 1-2 тамшыны құрайды. Ауыр инфекцияларда, дозалануы алғашқы екі күн ішінде сергек жүрген кезеңде әр 2 сағат сайын 1-2 тамшыны құрауы мүмкін. Көз және оның қосалқыларының бактериялық қабыну аурулары: Конъюнктива қалтасына әр төрт-алты сағат сайын 1-2 тамшы тамызады. Алғашқы 24-48 сағатта инстилляцияны әр екі сағат сайын жасауға болады. Емдеу курсы: - жедел бактериялық конъюнктивит, блефаритте – 5-тен 14 күнге дейін - кератитте – 2-4 апта - көз алмасының тесілуімен хирургиялық араласулардан кейінгі қабыну ауруларының профилактикасы үшін – 5 күннен 1 айға дейін. Егер препарат 10 күннен ұзақ пайдаланылса, пациенттің көзішілік қысымына мониторинг өткізу керек. Кез келген көрсетілім үшін емнің 21 күндік ең жоғары ұзақтығы ұсынылады. Балалар 8 жастан асқан балалар үшін офтальмологиялық қолдану кезіндегі дозалануы ересектердегімен бірдей. Препараттың құрамында бензалконий хлориді болуына байланысты, 8 жасқа толмаған балаларда қолдануға болмайды. Жергілікті отиттік қолдану Құлақтың бактериялық қабыну аурулары: Ересектер және егде жастағы адамдар Тимпаностомиялық түтікшелер қойылған жедел ортаңғы отит бар пациенттерге және жедел сыртқы отит бар пациенттерге арналған тамызу жөніндегі әртүрлі нұсқаулықтарға сәйкес, 7 күн бойы күніне екі рет зақымданған құлаққа (құлақтарға) төрт тамшыдан тамызыңыз. Егде жастағы және басқа ересек пациенттер арасындағы қауіпсіздігі мен тиімділігінің ешқандай жалпы айырмашылықтары байқалмады. Балалар жасындағы пациенттер. Осы дәрінің 6 айлық және одан үлкен сәбилерде тимпаностомиялық түтікшелер қойылған жедел ортаңғы отитті емдеу үшін және 1 жастағы мен одан асқан балаларда жедел сыртқы отитті емдеу үшін қауіпсіз әрі тиімді екені дәлелденді. Ципровид-DF® препаратын балаларда ересектердегідей дозада қолдануға болады. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр және бүйрек функциясының (жеңілден орташа дәрежеге дейін) бұзылуы жүйелі қолданудан кейін ципрофлоксацин немесе дексаметазон фармакокинетикасына ықпал етпеді. Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде ципрофлоксацин/дексаметазон көзге немесе құлаққа тамызатын дәрісін жергілікті қолданудан кейін қан плазмасында ципрофлоксацин мен дексаметазон концентрацияларының аздап жоғарылауын байқауға болады. Алайда, жергілікті отиттік енгізуден кейін ципрофлоксацин немесе дексаметазонның жүйелі әсер етуі төмен болғандықтан, бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы тудырған жүйелі концентрациялардың кез келген жоғарылауы ұсынылған дозаларын пероральді немесе вена ішіне енгізуден кейін балаларда немесе ересектерде жағымдылығы жақсы болатын қан плазмасындағы концентрацияларынан бәрібір едәуір төмен болады. Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Ципровид-DF® препаратының дозасын түзету талап етілмейді. Енгізу әдісі және жолы Көз және құлаққа тек жергілікті қолдану үшін. Жергілікті офтальмологиялық қолдану Құты ішіндегісінің ластануын болдырмау үшін тамшуырдың ұшын көзге немесе кез келген басқа беткейге тигізбеу керек. Қолданғаннан кейін құтыны тығыз жабу керек. Тамызғаннан кейін мұрын-көз жасы жолының окклюзиясы немесе қабақты жабу ұсынылады. Бұл офтальмологиялық қолдану кезінде жергілікті қолданылатын дәрілік препараттың жүйелі сіңуін және жағымсыз әсерін төмендетеді. Жергілікті қолданылатын бірнеше офтальмологиялық препараттарды қолданғанда, тамызулар арасындағы кемінде 5 минут аралықты сақтау қажет. Ең соңында көз жақпамайларын жағу керек. Жергілікті отиттік қолдану Қолданар алдында құтыны жақсылап сілку керек. Суық препаратты тамызу нәтижесінде пайда болатын бас айналуды болдырмау үшін тамшылатқыш құтыны қолда бірнеше минут ұстау қажет. Пациент ауыратын құлағын жоғары қаратып жатуы керек, содан кейін тамшыларды құлақ қалқаның тартып ұстап тамызу керек. Тимпаностомиялық түтікшелері бар жедел отитпен ауыратын пациенттерде тамшылардың ортаңғы құлаққа енуін жеңілдету үшін ішке қарай итеріп, құлақ бүртігін 5 рет ары-бері тарту керек. Пациент препараттың тамшылары құлаққа жақсы баруы үшін ауыратын құлақты жоғары қаратып шамамен 5 минут жатуы керек. Басқа құлағы үшін де осы қажет болса, сол емшараны қайталаңыз. Тамшылатқыш құтының ұшының ластануын болдырмау және бактериялық қауіпті азайту үшін сақ болыңыз, құлақ қалқанына, сыртқы есту жолына және айналасындағы аймақтарға немесе басқа беткейлерге тамшылатқыш құтының ұштығын тигізбеңіз. Егер құты пайдаланылмаса, емдеу курсы аяқталғанға дейін оны тығыз жабық ұстау қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.