+75 бонус

Ципромед 0,3% 5мл гл капли

1500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ципрофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: СЕНТИСС ФАРМА Пвт.Лтд.
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді зат - ципрофлоксацин (ципрофлоксацин гидрохлориді түріндегі) – 3 мг, қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, натрий хлориді, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, иньекцияға арналған су.
Қолданылуы
Дәрілік препарат емдеу үшін қолдануға көрсетілген: - мөлдір қабықтың ойық жараларын - ципрофлоксацинге сезімтал штаммдардн туындаған көздің және оның қосалқыларының беткейлік инфекцияларын Бактерияларға қарсы дәрілерді дұрыс пайдалану туралы ресми нұсқауларды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - хинолондарға жоғары сезімталдық - жүктілік - 8 жасқа дейінгі балаларда (препарат құрамында бензалконий хлориді болуына байланысты)
Дозасы
Ересектер мен 8 жастан асқан балалар Мөлдір қабықтың ойық жаралары Ципромед көзге тамызатын дәрі 3 мг/мл келесі уақыт аралықтарында, тіпті түнгі уақытта да қолданылуы тиіс: - алғашқы тәуліктерде зақымданған көздің конъюнктива қалтасына алғашқы алты сағатта әр 15 минут сайын 2 тамшыдан; және содан соң зақымданған көздің конъюнктива қалтасына тәулік соңына дейін әр 30 минут сайын 2 тамшыдан - екінші тәулікте зақымданған көздің конъюнктива қалтасына сағат сайын 2 тамшыдан - үшінші тәуліктен он төртінші тәулікке дейін зақымданған көздің конъюнктива қалтасына әр 4 сағат сайын екі тамшыдан. Мөлдір қабықтың ойық жараларын емдеу ұзақтығы 14 күннен артықты құрауы мүмкін; дозасы мен емдеудің ұзақтығын емдеуші дәрігер реттейді. Көздің және оның қойнауларының беткейлік инфекциялары Әдеттегі дозасы - зақымданған көздің конъюнктива қалтасына күніне 4 рет 1 немесе 2 тамшы. Күрделі инфекциялар жағдайында, алғашқы екі күндегі дозасы ояу уақыттарда әр 2 сағат сайын 1-2 тамшыны құрайды. Емдеудің әдеттегі ұзақтығы-7-14 күнді құрайды. Балалар 8 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде ципрофлоксациннің көзге тамызатын дәрісін қолданумен ешқандай зерттеулер жүргізілген жоқ Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ципрофлоксациннің көзге тамызатын дәрісін қолданумен ешқандай зерттеулер жүргізілген жоқ. Енгізу әдісі және жолы Жергілікті офтальмологиялық қолдануға арналған көзге тамызатын дәрісі. Тамызғаннан кейін қабақты жеңіл жабу немесе мұрын-көз жасы өзегін басып-қысу ұсынылады. Бұл көз тіндері арқылы енгізілген дәрілік препараттың жүйелі сіңуін төмендетеді және жүйелі жағымсыз әсерлердің дамуының профилактикасы ретінде қызмет етеді. Басқа жергілікті офтальмологиялық дәрілік препараттармен бірлескен ем жағдайында препараттар арасында шамамен 10-15 минут аралықты сақтау ұсынылады. Құты ішіндегісінің ластануын болдырмау үшін пипетка ұшын көзге немесе кез келген басқа беткейге тигізбеу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.