+70 бонус

ЦИПРОЛЕТ 500 мг №10 таб

1405 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ципрофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Д-р Редди`с Лабораторис Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – ципрофлоксацин 250 мг немесе 500 мг қосымша заттар: жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, коллоидты кремнийдің қостотығы, тазартылған тальк, магний стеараты, қабықтың құрамы: гипромеллоза, сорбин қышқылы, титанның қостотығы (Е171), тазартылған тальк, макрогол (6000), полисорбат 80, диметикон.
Қолданылуы
Ципролет® келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады. Емді бастамас бұрын ципрофлоксацинге резистенттілік туралы қолда бар ақпаратқа ерекше назар аудару керек. Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды ескеру керек . Ересектер Грамтеріс бактериялар туғызған төменгі тыныс жолдарының инфекциялары өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының (ӨСОА) өршуі Ципролет® 250 мг ӨСОА өршуі кезінде, егер осы инфекцияларды емдеу үшін әдетте ұсынылатын басқа антибиотиктер жарамсыз деп саналса ғана қолданылуы керек. муковисцидоз кезіндегі немесе бронхоэктаздар кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары пневмония Созылмалы іріңді ортаңғы отит Созылмалы синуситтің, әсіресе, грамтеріс бактериялар туғызған өршуі Несеп шығару жолдарының инфекциялары асқынбаған жедел цистит. Асқынбаған жедел цистит кезінде Ципролет® 250 мг тағайындалады. Бұл инфекцияларды емдеу үшін әдетте ұсынылатын басқа антибиотиктер жарамсыз деп саналған жағдайда ғана қолданылуы керек. жедел пиелонефрит несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары бактериялық простатит Жыныс жолдарының инфекциялары Neisseria gonorrhoeae сезімтал штаммдар туғызған гонококкты уретрит және цервицит Эпидидимоорхит, Neisseria gonorrhoeae сезімтал штаммдары туғызған жағдайларды қоса Әйелдерде кіші жамбас ағзаларының қабынуы (кіші жамбастың қабыну аурулары), Neisseria gonorrhoeae сезімтал штаммдар туғызған жағдайларды қоса Neisseria gonorrhoeae туғызғаны белгілі немесе болжанатын жоғарыда тізбеленген жыныс жолдарының инфекцияларында ципрофлоксацинге төзімділіктің таралуы туралы жергілікті ақпаратты алу және зертханалық зерттеулер негізінде сезімталдықты растау ерекше маңызды. Асқазан-ішек жолының инфекциялары (мысалы, саяхатшылар диареясы) Интраабдоминальді инфекция Грамтеріс бактериялар туғызған терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары Қатерлі сыртқы отит Сүйектер мен буындар инфекциялары Neisseria meningitides туғызған инвазиялық инфекциялар профилактикасы Сібір ойық жарасының өкпедегі түрі (жанасудан кейінгі профилактика және емдеу) Ципрофлоксацинді, егер қызба бактериялық инфекциядан туындаған деген күдік болса, нейтропения және қызбасы бар пациенттерді емдеуге пайдалануға болады. Балалар мен жасөспірімдер Муковисцидоз бар пациенттердегі Pseudomonas aeruginosa туғызған бронх-өкпе инфекциялары Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары және жедел пиелонефрит Ингаляциялық сібір жарасы (жанасудан кейінгі профилактика және емдеу) Ципролет® бұл қажет болып саналатын жағдайларда, балалар мен жасөспірімдерде ауыр инфекцияларды емдеу үшін де қолданылуы мүмкін. Емдеуді балалар мен жасөспірімдерде муковисцидоз және (немесе) ауыр инфекцияларды емдеу тәжірибесі бар дәрігерлер ғана жүргізуі тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
ципрофлоксацинге, фторхинолондар тобының басқа препараттарына немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық ципрофлоксацин мен тизанидинді бір мезгілде қолдану эпилепсия анамнезінде антибиотиктермен емдеуден кейінгі сіңірлер зақымдануы глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы жалғанжарғақшалы колит грамоң және анаэробты бактериялар туғызған ауыр инфекциялар мен инфекцияларды емдеуге арналған монотерапияда
Дозасы
Дозалары инфекцияның сипаты мен ауырлығына, сондай-ақ болжамды қоздырғыш сезімталдығына, пациенттің бүйрек функциясына қарай белгіленеді, ал балалар мен жасөспірімдерде пациенттің дене салмағы ескеріледі. Емдеу ұзақтығы көрсетілім, инфекция типі мен ауырлығы, ципрофлоксацинге сезімталдық негізінде белгіленеді, емдеу аурудың ауырлық дәрежесіне, сондай-ақ клиникалық және бактериологиялық үдерістерге тәуелді. Кейбір бактериялар (мысалы, Pseudomonas aeruginosa, Acinetobacter немесе Stafilococ) туғызған инфекцияларды емдеуде ципрофлоксациннің жоғарырақ дозалары қажет етуі мүмкін және бактерияға қарсы бір немесе бірнеше сай келетін басқа препаратпен біріктіруге болады. Кейбір инфекцияларды (мысалы, әйелдердегі кіші жамбас ағзаларының қабынуы, құрсақішілік инфекция, нейтропениямен науқастардағы инфекциялар, сүйектер мен буындар инфекциялары) емдеуде оларды туғызатын патогенді микроорганизмдерге қарай бактерияға қарсы бір немесе бірнеше үйлесімді препаратты қосымша енгізу қажет болады. Ересектер Емдеу ұзақтығы

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.