+34 бонус

ЦИПРОЛЕТ 3 мг/мл 5 мл гл капли

680 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ципрофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Д-р Редди`с Лабораторис Лтд
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат - 3.49 мг ципрофлоксацин гидрохлориді, 3.00 мг ципрофлоксацинге баламалы қосымша заттар: натрий хлориді, натрий тұзы ЭДТА, 50% бензалконий хлориді ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ересектер, балалар (8-11 жас) және жасөспірімдер (12-16 жас). ципрофлоксацинге сезімтал штамдардан туындаған көздің және қосалқыларының беткейлік инфекциялары мөлдір қабықтың ойық жаралары Антибактериялық дәрілерді тиісінше пайдалану туралы ресми нұсқауларды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық хинолондарға аса жоғары сезімталдық 8 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер, балалар (8-11 жас) және жасөспірімдер (12-16 жас). Мөлдір қабықтың ойық жаралары: Ципролет 3 мг/мл көзге тамызатын дәрі келесі уақыт аралықтарында, тіпті түнгі уақытта да қолданылуы тиіс: алғашқы тәулікте зақымдалған көздің конъюнктива қалтасына 2 тамшыдан әр 15 минут сайын алғашқы алты сағат ішінде; және содан кейін зақымдалған көздің конъюнктива қалтасына 2 тамшыдан әр 30 минут сайын тәулік аяқталғанға дейін екінші тәулікте зақымдалған көздің конъюнктива қалтасына 2 тамшыдан сағат сайын үшінші тәуліктен бастап он төртінші тәулікке дейін екі тамшыдан зақымдалған көздің конъюнктива қалтасына әр 4 сағат сайын. Мөлдір қабық ойық жарасын емдеу ұзақтығы 14 күннен астамды құрауы мүмкін; дозасы мен емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер реттейді. Көз бен оның қосалқыларының беткейлік инфекциялары: Әдеттегі доза зақымдалған көздің конъюнктива қалтасына күніне 4 рет 1 немесе 2 тамшы. Күрделі инфекция болған жағдайда доза алғашқы екі күнде ұйықтамаған сағаттарда әр 2 сағат сайын 1-2 тамшыны құрайды. Кез келген көрсеткіш кезінде емнің ең көп ұзақтығы - 21 күн ұсынылады. 8 жастан асқан балалардағы доза ересектермен бірдей. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Ципролет көзге тамызатын дәрі қауіпсіздігі мен тиімділігі 0 ден 12 жасқа дейінгі 230 балада анықталды. Пациенттердің бұл тобында елеулі жағымсыз реакциялар байқалмады. Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігінде қолдану Бүйрек немесе бауыр проблемалары бар пациенттерде Ципролет көзге тамызатын дәрісін қолданып ешқандай зерттеулер жүргізілген жоқ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.