+25 бонус

ЦИПРОФЛОКСАЦИН-DF 0,3% 10,0мл гл кап Ципрофлоксацин

500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ципрофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Досфарм ТОО
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат - ципрофлоксацин гидрохлориді (ципрофлоксацинге шаққанда), 3.00 мг қосымша заттар: бензалконий хлориді, натрий дигидрофосфат дигидраты, сорбитол, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ципрофлоксацин-DF ересектер мен 8 жастан асқан балаларға бактериялардың сезімтал штаммдарынан туындаған мөлдір қабықтың ойық жаралары мен көздің және қосалқыларын беткейлік инфекциясын емдеуге арналған. Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды қарау керек.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 8 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Мөлдір қабықтың ойық жараларында Ципрофлоксацин-DF келесі уақыт аралығында, тіпті түнде де енгізілуі керек: Бірінші күні алғашқы алты сағат ішінде әр 15 минут сайын зардап шеккен көзге 2 тамшыдан, содан кейін күннің қалған бөлігінде әр 30 минут сайын зардап шеккен көзге 2 тамшыдан тамызу керек. Екінші күні зардап шеккен көзге сағат сайын 2 тамшыдан тамызу керек. Үшінші күннен он төртінші күнге дейін әр 4 сағат сайын зардап шеккен көзге екі тамшыдан тамызу керек. Егер пациент 14 күннен артық емдеуді қажет етсе, дозалау режимі емдеуші дәрігердің қалауы бойынша қалады. Көздің беткейлік инфекциясында әдеттегі доза күніне төрт рет зардап шеккен көзге (екеуіне) бір немесе екі тамшыдан тұрады. Ауыр инфекциялар кезінде алғашқы екі күндегі доза оянған кезінде екі сағат сайын бір немесе екі тамшы болуы мүмкін. Кез-келген көрсеткіш үшін емнің барынша ұзақтығы 21 күн болып ұсынылады. 8 жас және одан асқан балалардағы доза ересектердегідей. Балалар Ципрофлоксацин-DF көзге тамызатын дәрінің қауіпсіздігі мен тиімділігі 0-ден 12 жасқа дейінгі 230 балада анықталды. Пациенттердің осы тобында елеулі жағымсыз реакциялар байқалмады. Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек немесе бауыр проблемалары бар пациенттерде Ципрофлоксацин-DF көзге тамызатын дәріні қолдану бойынша ешқандай зерттеулер жүргізілген жоқ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.