+22 бонус

ЦИПРОФЛОКСАЦИН 500 мг №10 таблеток

440 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ципрофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Синтез ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат – ципрофлоксацин гидрохлориді моногидраты 295 мг және 590 мг, (ципрофлоксацинге шаққанда) 250 мг және 500 мг; қосымша заттар: ядро құрамы: жүгері крахмалы, желатинденген крахмал, кросповидон, лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, тальк, магний стеараты; қабықтың құрамы: гипромеллоза, макрогол-4000, пропиленгликоль,тальк, коповидон, титанның қостотығы Е171.
Қолданылуы
Препарат ципрофлоксацинге сезімтал микроорганизмдер тудыратын бірқатар инфекцияларды емдеуге арналған. Терапияны бастар алдында микроорганизмдердің ципрофлоксацинге төзімділігі туралы қолда бар ақпаратқа ерекше назар аудару керек. Антибиотиктерді дұрыс қолдану бойынша ресми нұсқауларды ескеру қажет. Ересектер Төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясы: өкпенің созылмалы обструктивті ауруының (ӨСОА) асқынуы. Асқыну кезінде (ӨСОА) ципрофлоксацинді әдетте мұндай инфекцияларды емдеу үшін ұсынылатын басқа бактерияға қарсы препараттарды қолдану орынсыз болып саналған жағдайда ғана қолдану керек; муковисцидоз немесе бронхоэктаз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары; пневмония. Созылмалы іріңді ортаңғы отит. Созылмалы синуситтің өршуі. Несеп шығару жолдарының инфекциялары: асқынбаған жедел цистит. Асқынбаған жедел цистит кезінде ципрофлоксацинді әдетте мұндай инфекцияларды емдеу үшін ұсынылатын басқа бактерияға қарсы препараттарды пайдалану жарамсыз болып саналған жағдайда ғана қолдану керек; жедел пиелонефрит; несеп шығару жолдарының асқынған инфекциясы; бактериялық простатит. Жыныс ағзаларының инфекциясы: гонококкты уретрит және цервицит; Neisseria gonorrhoeae сезімтал штаммдары тудырған эпидидимоорхит; жамбастың қабыну аурулары, оған қоса Neisseria gonorrhoeae сезімтал штаммдарынан туындаған жағдайлар. Асқазан-ішек жолының инфекциялары. Құрсақішілік инфекциялар. Грамтеріс бактериялар тудырған тері мен жұмсақ тіндердің инфекциясы. Қатерлі ортаңғы отит. Сүйек және буын инфекциялары. Neisseria meningitidis тудырған инвазивті инфекциялардың профилактикасы. Сібір ойық жарасының өкпе түріндегі постконтактілі профилактикасы және емдеу. ЦИПРОФЛОКСАЦИНДІ бактериялық инфекциядан туындаған деп күдіктенген кезде нейтропениясы және қызбасы бар пациенттерді емдеу үшін қолдануға болады. Балалар мен жасөспірімдер Pseudomonas aeruginosa тудырған муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары. Асқынған несеп шығару жолдарының инфекциясы және жедел пиелонефрит. Сібір ойық жарасының өкпе түріндегі постконтактілі профилактикасы және емдеу. Қажет деп саналатын жағдайларда балалар мен жасөспірімдерде ауыр инфекцияларды емдеу. Емдеуді балалар мен жасөспірімдерде муковисцидозды және/немесе ауыр инфекцияларды емдеу тәжірибесі бар дәрігерлер ғана тағайындауы керек.
Қарсы көрсетілімдер
Әсер етуші затқа, басқа хинолондарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. Ципрофлоксацин мен тизанидинді бірге қолдану. Фторхинолондық антибиотиктерді мына кезде қолдануға болмайды: Ауыр емес және бактерияға қарсы терапиясыз өтуі мүмкін инфекцияларды емдеу (мысалы, ауызжұтқыншақ инфекциясы). Бактериялық емес (созылмалы) простатит сияқты бактериялық емес инфекцияларды емдеу. Саяхатшы диареясының немесе төменгі несеп шығару жолдарының қайталанатын инфекцияларының алдын алу (қуықтан тыс таралмайтын инфекциялар). Орташа бактериялық инфекцияларды емдеу, егер басқа әдетте ұсынылатын бактерияға қарсы препараттарды қолдану мүмкін болмаса.
Дозасы
Доза инфекцияның қолданылуы, ауырлығы мен локализациясы, патогендік микроорганизмдердің ципрофлоксацинге сезімталдығы, пациенттің бүйрек функциясы, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердегі дене салмағы бойынша анықталады. Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына және оның клиникалық және бактериологиялық ағымына байланысты. Белгілі бір бактериялар тудыратын инфекцияларды емдеуде (мысалы, Pseudomonas aeruginosa, Acinetobacter немесе Staphylococcus) ципрофлоксациннің жоғары дозалары және басқа тиісті бактерияға қарсы дәрілермен бірге қолдану қажет болуы мүмкін. Кейбір инфекцияларды (мысалы, кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары, интраабдоминальді инфекциялар, нейтропениясы бар пациенттердегі инфекциялар және сүйек пен буын инфекциялары) емдеу кезінде қоздырғыштарға байланысты басқа тиісті бактерияға қарсы дәрілермен бірге қолдануды қажет етуі мүмкін. Ересектер

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.