+209 бонус

ЦИКЛОФЕРОН 150 мг №20 таб

4180 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Другие иммуностимуляторы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: «Научно-технологическая фармацевтическая фирма «ПОЛИСАН»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: меглюмин акридонацетаты акридонсірке қышқылына шаққанда 150.00 мг, келесі үлгіде алынған: акридонсірке қышқылы 150.00 мг, N-метилглюкамин (меглюмин) 146.00 мг, қосымша заттар: повидон К 30, кальций стеараты, гипромеллоза, полисорбат 80; ішекте еритін қабық: метакрил қышқылы және этилакрилат сополимері [1:1], пропиленгликоль (1.79 мг).
Қолданылуы
Ересектерде кешенді емдеуде - тұмау және жедел респираторлық аурулар - герпестік инфекция 6 жастан бастап балаларда кешенді емдеуде: - тұмау және жедел респираторлық аурулар - герпестік инфекция 6 жастан бастап балаларда профилактика үшін: - тұмау және жедел респираторлық аурулар
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа және қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Препарат жас мөлшеріне қарай дозада қабылданады: 6 жастағы балаларға: бір қабылдауға 150 мг (1 таблетка), ең жоғары тәуліктік доза – 150 мг (1 таблетка); 7-11 жастағы балаларға: бір қабылдауға 300-450 мг (2-3 таблетка), ең жоғары тәуліктік доза – 450 мг (3 таблетка); ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: бір қабылдауға 450-600 мг (3-4 таблетка), ең жоғары тәуліктік доза – 900 мг (6 таблетка). Қайталау курсын бірінші курс аяқталғаннан кейін 2-3 аптадан кейін жүргізген жөн. Ересектерде - Тұмау мен жедел респираторлық ауруларды емдеу кезінде препаратты 600 мг-ден (4 таблетка) 1, 2, 4, 6, 8-тәулікте қабылдайды. Емдеуді аурудың алғашқы симптомдары кезінде бастау керек. Тұмаудың ауыр ағымында бірінші күні 600 - 900 мг (4-6 таблетка), содан кейін жасқа байланысты дозада қабылданады. Қажет болса, қосымша симптоматикалық ем жүргізіледі (ыстық түсіретін, ауыруды басатын, қақырық шығаратын дәрілер). Емдеу курсы – 20-30 таблетка. - Герпестік инфекция кезінде препаратты 300-600 мг-ден (2-4 таблетка) 1, 2, 4, 6, 8, 11, 14, 17, 20, 23-тәулікте қабылдайды. Емдеу аурудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде тиімді. Емдеу курсы – 20-40 таблетка. 6 жастан бастап балаларда - Тұмау және жедел респираторлық аурулар кезінде, сондай-ақ тұмау мен жедел респираторлық аурулардың шұғыл спецификалық емес профилактикасы үшін (тұмаумен немесе басқа этиологиядағы ЖРА ауырған науқастарда тікелей байланыс кезінде, тұмау эпидемиясы кезінде) препаратты жасына байланысты дозаларда 1, 2, 4, 6, 8, 11, 14, 17, 20, 23-тәулікте қабылдайды. Емдеу курсы жағдайдың ауырлығына және клиникалық симптомдардың ауырлығына байланысты 5-тен 10 қабылдауға дейінді құрайды. - Герпестік инфекция кезінде препарат емнің 1, 2, 4, 6, 8, 11, 14-тәулігінде жасқа байланысты дозада қабылданады. Емдеу курсы жағдайдың ауырлығына және клиникалық белгілердің айқындылығына байланысты өзгеруі мүмкін. Енгізу әдісі мен жолы Ішке тәулігіне бір рет тамақтанудан 30 минут бұрын, шайнамай, дене салмағының 10 мг/кг шаққанда ½ стақан сумен іше отырып қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.