Цифран ОД 1000 мг №5 таб.п/о

975 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ципрофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Сан Фармасьютикал Индастриез Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат- 500.00 мг және 1000.00 мг ципрофлоксацин қосымша заттар: интрагранулят: натрий алгинаты, гипромеллоза, натрий бикарбонаты, кроспидон, магний стеараты; экстрагранулят: магний стеараты, тазартылған тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы; қабық: опадрай 31В58910 ақ (гипромеллоза, лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е171), макрогол 400, гипромеллоза, тазартылған тальк; Opacode S-1-17823 (Black) сия: жылтыр шеллак, изопропил спирті, темірдің тотығы/темірдің қара тотығы (Е 172), бутил спирті, пропиленгликоль, 28% аммиак ерітіндісі.
Қолданылуы
Емдеуді бастамас бұрын ципрофлоксацинге резистенттілік туралы қолда бар ақпаратқа ерекше назар аудару керек. Антибиотиктерді дұрыс пайдалану жөніндегі ресми ұсынымдарды ескеру қажет. Цифран ОД келесі инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген: Ересектер Грам теріс бактериялар тудыратын төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының (ӨСОА) асқынуы. ӨСОА асқынуы кезінде Цифран ОД осы инфекцияларды емдеу үшін әдетте ұсынылатын басқа антибиотиктер жарамсыз деп саналған жағдайда ғана қолданылуы керек. муковисцидоз немесе бронхоэктаз кезіндегі бронх өкпе инфекциялары Пневмония Созылмалы іріңді ортаңғы отит Созылмалы, әсіресе грамтеріс бактериялар туындататын синуситтің асқынуы. Несеп шығару жолдарының инфекциясы асқынбаған жедел цистит. Асқынбаған жедел цистит кезінде Цифран ОД осы инфекцияларды емдеу үшін әдетте ұсынылатын басқа антибиотиктер жарамсыз деп саналған жағдайда ғана қолданылуы керек. жедел пиелонефрит несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары бактериялық простатит Жыныс жолдарының инфекциясы Сезімтал Neisseria gonorrhoeae тудыратын гонококкты уретрит және цервицит Сезімтал Neisseria gonorrhoeae туындататын жағдайларды қоса, эпидидимоорхит Сезімтал Neisseria gonorrhoeae туындаған жағдайларды қоса, кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары (КЖАҚА) Асқазан-ішек жолдарының инфекциясы (мысалы, саяхатшылардың диареясы) Құрсақішілік инфекциялар Грам теріс бактериялардан туындаған тері мен жұмсақ тіндердің инфекциясы. Қатерлі сыртқы отит Сүйек пен буын инфекциясы Neisseria meningitidis туындаған инвазиялық инфекциялардың профилактикасы. Сібір жарасы қоздырғыштарын ингаляциялау (жанасудан кейінгі профилактика және емдік емдеу) Балалар мен жасөспірімдер Муковисцидозы бар пациенттерде көкіріңді таяқшадан туындаған бронх өкпе инфекциялары Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциясы және жедел пиелонефрит. Ингаляциялық сібір жарасы (жанасудан кейінгі профилактика және емдеу)
Қарсы көрсетілімдер
- ципрофлоксацинге немесе хинолон класының басқа бактерияға қарсы препараттарына немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - тизанидинмен, теофиллинмен бір мезгілде қабылдау - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Доза инфекцияның көрсетілімімен, ауырлығымен және орналасуымен, қоздырғыштың ципрофлоксацинге сезімталдығымен, бүйрек функциясымен және балалар мен жасөспірімдердегі пациенттің дене салмағымен анықталады. Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына, сондай-ақ клиникалық және бактериологиялық ағымға байланысты. Кейбір қоздырғыштар тудыратын инфекцияларды емдеу (мысалы, Pseudomonas aeruginosa, Acinetobacter немесе стафилококктар) ципрофлоксациннің едәуір жоғары дозаларын және басқа қолайлы бактерияға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолдануды қажет етуі мүмкін. Кейбір инфекцияларды емдеу (мысалы, кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары (КЖАҚА), құрсақішілік инфекциялар, нейтропениясы бар пациенттерде инфекциялар және сүйек пен буын инфекциялары) қоздырғышқа байланысты басқа микробқа қарсы дәрілерді қосымша енгізуді қажет етуі мүмкін. Ересектер

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.