+48 бонус

ЦИФРАН 500 мг №10 таб

960 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ципрофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Сан Фармасьютикал Индастриез Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - ципрофлоксацин гидрохлориді 582.37 мг (500 мг ципрофлоксацинге баламалы) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Avicel PH101), жүгері крахмалы, жүгері крахмалы (біріктіру үшін), магний стеараты, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий крахмалы гликоляты (А типі), тазартылған су қабығы: тазартылған су, опадрай OY-S-58910 ақ (гипромеллоза (Е464), титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль 400, тальк (Е553))
Қолданылуы
Ересектер: - грамтеріс бактериялардан туындаған төменгі тыныс алу жолдарының аурулары (өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі, муковисцидоз немесе бронхоэктаздар кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары, пневмония) - созылмалы іріңді ортаңғы отит, созылмалы синуситтің өршуі (әсіресе егер ол граммтеріс бактериялардан туындаған болса) - қатерлі сыртқы отит - несеп шығару жолдарының инфекциялары (асқынған және асқынбаған жедел цистит, жедел пиелонефрит, несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары, бактериялық простатит) - жыныстық жолдардың инфекциялары (гонококктық уретрит, цервицит, орхоэпидидимит, оның ішінде препаратқа сезімтал Neisseria gonorrhoeae туғызған кіші жамбас ағзаларының қабынбалы аурулары) - асқазан-ішек жолдарының инфекциялары (мысалы, саяхатшылар диареясы) - құрсақішілік инфекциялар - грамтеріс бактериялар туындатқан тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары - менингококктық инфекция туғызған инвазивтік аурулардың профилактикасы - сүйектер мен буындардың инфекциялары - сібір ойық жарасының өкпелік түрі (жанасудан кейінгі алдын алу және түбегейлі емдеу) - нейтропениясы бар (бактериялық инфекция аясындағы қызбасы бар) пациенттерді емдеу. Балалар мен 6 жастан асқан жасөспірімдер баламалы емдеу әдістері болмаған жағдайда: Pseudomonas aeruginosa туғызған муковисцидоз аясындағы бронх-өкпе инфекциялары - сібір ойық жарасының өкпелік түрі (жанасудан кейінгі профилактика және түбегейлі емдеу) - несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары және пиелонефрит. Емді балалар мен жасөспірімдердегі муковисцидозды және/немесе ауыр инфекцияларды емдеуде тәжірибесі бар мамандар ғана тағайындауы керек.
Қарсы көрсетілімдер
- ципрофлоксацинге немесе бактерияларға қарсы хинолондар класына жататын басқа да препараттарға жоғары сезімталдық, сондай-ақ препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
Дозасы
Ересектерге Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі инфекцияларда: тәулігіне екі рет 250-500 мг. Ауыр және асқынған инфекцияларда: тәулігіне екі рет 750 мг. Ең жоғары бір реттік доза – 750 мг. Ең жоғары тәуліктік доза – 1500 мг Емдеу ұзақтығы: емнің ұзақтығы инфекцияның түрі мен ауырлығына байланысты, бұл ретте пациенттің клиникалық және бактериологиялық жауабын ескеру керек. Көптеген инфекциялар үшін емді симптомдар жойылғаннан кейін кемінде 48 сағат бойына жалғастыру керек. Емнің орташа ұзақтығы 5-10 күнді құрайды, бірақ ауыр немесе асқынған инфекцияларда ұзақтау емдеу курсы талап етілуі мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.