ЦЕТРИН ФОРТЕ 5 мг+10 мг №30 таб

4150 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Др. Редди'с Лабораторис Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында: белсенді заттар: левоцетиризин дигидрохлориді 5,00 мг; монтелукаст натрий 10,40 мг (10,00 мг монтелукастқа шаққанда ). қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 101), натрий кроскармеллозы, гипромеллоза (2910 5 cP), аз алмастырылған гипролоза (аз алмастырылған гидроксипропилцеллюлоза (HPC LH 11)), микрокристалды целлюлоза (PH 112), магний стеараты, тазартылған су қабық құрамы: Опадрай ақ OY-58900: гипромеллоза 5 cP, титанның қостотығы (Е171), макрогол
Қолданылуы
Жыл бойы (тұрақты) және маусымдық (аралық) аллергиялық ринит симптомдарын емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - креатинин клиренсі 10 мл/мин төмен ауыр бүйрек жеткіліксіздігі және гемодиализдегі пациенттерге - галактоза жақпаушылығы, Лаппа лактаза тапшылығы, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер - жүктілік және бала емізу кезеңі
Дозасы
Ересектер мен 18 жастан асқан балалар Ішке, 1 таблеткадан күніне 1 рет, кешке. Таблеткаларды тамақтану кезінде немесе одан кейін шайнамай тұтастай жұту керек. Емдеу курсы - 14 күн. Емдеу ұзақтығы Маусымдық (интермиттирлеуші) ринитті емдеу кезінде (симптомдардың аптасына 4 күннен аз болуы немесе олардың жалпы ұзақтығы 4 аптадан аз) емдеу ұзақтығы симптоматиканың ұзақтығына байланысты; симптомдар жоғалған кезде емдеу тоқтатылуы және симптомдар пайда болған кезде қайта басталуы мүмкін. Жыл бойы (тұрақты) аллергиялық ринитті емдеуде (аптасына 4 күннен астам симптомдардың болуы және олардың жалпы ұзақтығы 4 аптадан астам) емдеу аллергендерге әсер етудің барлық кезеңінде жалғасуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препаратты балаларға қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жаста сақтықпен қабылдау керек (шумақтық сүзілудің төмендеуі мүмкін). Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Орташа бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі >79 мл/мин) бар пациенттерге дозаны түзету қажет етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі орташа және ауыр (креатинин клиренсі <79 мл / мин -> 10 мл/мин) бар пациенттер үшін препаратты сақтықпен және қатаң медициналық қадағалаумен қолданған жөн. Енгізу әдісі мен жолы Ішке, 1 таблеткадан күніне 1 рет, кешке. Таблеткаларды тамақтану кезінде немесе одан кейін шайнамай тұтастай жұту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.