+124 бонус

ЦЕТРИМАК 5 мг №30 таб

2480 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левоцетиризин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Маклеодз Фармасьютикалз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 5 мг левоцетиризин дигидрохлориді, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Р101), натрий кроскармеллоза моногидраты (AC-Di-SolSD711), коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы (аэросил 200), лактоза моногидраты, магний стеараты, қабығының құрамы: әмбебап Instacoat (A05G10679) (гипромеллоза 5 cps, полиэтиленгликоль 400, титанның қостотығы (Е171))
Қолданылуы
- аллергиялық ринитті (оған қоса тұрақты аллергиялық ринит) және есекжемді симптоматикалық емдеу
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа, цетиризинге, гидроксизинге немесе пиперазин туындыларына немесе препараттың кез келген компоненттеріне аса жоғары сезімталдық - диализді қажет ететін бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысы бар пациенттер (креатинин клиренсі 15 мл/мин кем) - 6 жасқа дейінгі балалар - лактация кезеңі - галактозаны сирек тұқым қуалайтын жақпаушылығында, Lapp лактазаның тұқым қуалайтын тапшылығы, және/немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясында.
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: ұсынылған тәуліктік доза 5 мг (1 таблетка) құрайды. 6-12 жас аралығындағы балалар: ұсынылған тәуліктік доза 5 мг (1 таблетка) құрайды, оны екі бөліп қабылдау керек (таңертең ½ таблетка және кешке ½ таблетка). Пациенттердің ерекше топтары Балалар Бүйрек жеткіліксіздігі бар балаларға креатинин клиренсі мен дене салмағын ескере отырып, дозаны жеке түзету қажет. Егде жастағы пациенттер Бүйректің қалыпты қызметі жағдайында дозаны төмендету қажет емес. Орташа және ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар егде жастағы пациенттерге дозаны түзету ұсынылады ("Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер" қараңыз). Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Енгізу кезеңділігін бүйрек функциясына сәйкес жеке белгілеген жөн. Төменде көрсетілген кестеде дозаның қажетті өзгерістері көрсетілген. Осы кестені пайдалану үшін пациентте креатинин клиренсін мл/мин (CLcr) бағалаған жөн. Қан сарысуының креатинин деңгейін (мг/дл) анықтағаннан кейін CLcr (мл/мин) мәнін келесі формуламен бағалауға болады: Ерлер үшін: [140 – жасы (жылдар)] салмағы (кг) Clcr = ————————————--------——— 72 сарысу креатинині (мг/дл) Әйелдер үшін: алынған мән 0,85 Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету: Топ Креатинин клиренсі (мл/мин) Дозасы және қабылдау жиілігі Бүйрек функциясы қалыпты ≥ 90 Күніне бір рет 5 мг Бүйрек функциясының жеңіл бұзылуы 60 - <90 Күніне бір рет 5 мг Бүйрек функциясының орташа бұзылуы 30 - <60 2 күнде бір рет 5 мг Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы 15 - <30 3 күнде бір рет 5 мг Бүйрек ауруының соңғы сатысы – диализдегі пациенттер <15 Диализді қажет ететін пациенттер Қолдануға болмайды Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Дозалау режимін түзету қажет емес. Бауыр мен бүйрек функциясының біріккен бұзылулары бар пациенттерге дозаны түзету ұсынылады ("Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер" қараңыз). Енгізу әдісі және жолы Препаратты шайнамай, аздаған мөлшердегі сумен ішіп, ас қабылдауға байланыссыз ішке қабылдайды. Тәуліктік дозаны бір қабылдаумен ішке қабылдау ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.