+65 бонус

ЦЕРУЛИН 0,5% 2 мл №10 амп

1310 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метоклопрамид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Химфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 2 мл препараттың құрамында белсенді зат - 10.0 мг метоклопрамид гидрохлориді (сусыз затқа шаққанда) қосымша заттар: натрий сульфиті,натрий хлориді, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
Ересектерде қолданылуы: операциядан кейінгі жүрек айнуы мен құсудың профилактикасы үшін. жедел бас сақинасы кезіндегі жүрек айнуы мен құсуды қоса, жүрек айнуы мен құсудың симптоматикалық емі үшін индукциялаған сәулелік емнен туындаған жүрек айнуы мен құсудың профилактикасы үшін. Балаларда қолданылуы (1 жастан бастап 18 жасқа дейін): операциядан кейінгі жүрек айнуы мен құсуды емдеудің екінші желісі; химиотерапиядан пайда болған кешеуілдеген жүрек айнуы мен құсу профилактикасының екінші желісі.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық асқазан-ішектен қан кету, ішектің механикалық бітелуі немесе тесілуі, асқазан-ішек жолдарының перистальтикасын стимуляциялау қауіпті болатын жағдайлар; расталған немесе күдік болған феохромоцитома (ауыр артериялық гипертензия қаупіне байланысты); нейролептиктермен немесе метоклопрамидпен емдеуде дамыған анамнездегі кешеуілді дискинезия; эпилепсия (ұстамалардың жиілігі мен ауырлығы артуына байланысты); Паркинсон ауруы; леводопамен немесе дофаминді рецепторлар агонистерімен бір мезгілде қолдану; метоклопрамидті қолдануға немесе никотинамидадениндинуклеотид (НАДН) цитохрома b5-редуктаза тапшылығына байланысты болатын анамнездегі метгемоглобинемия; экстрапирамидалық бұзылулардың даму қаупінің жоғарылауына байланысты 1 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Дистониялық жағымсыз әсерлердің болу мүмкіндігін ең аз ету үшін Церулин® препаратын дозалау бойынша ұсыныстарды қатаң сақтау керек. Препаратты жүрек айнуы мен құсуды тудыруы мүмкін кез келген ауруды болдырмайтын мұқият тексеруден кейін ғана қолдану керек (мысалы, мидың тітіркенуі). Ересектер Операциядан кейінгі жүрек айнуы мен құсудың профилактикасы: ұсынылатын бір реттік доза 10 мг құрайды. Жүрек айнуы мен құсуды симптомдық емдеу, соның ішінде жедел бас сақинасындағы жүрек айнуы мен құсуды, сондай-ақ сәулелік терапия мен химиотерапиядан индуцирленген жүрек айнуы мен құсудың профилактикасы үшін: ұсынылатын бір реттік доза 10 мг құрайды, оны тәулігіне үш ретке дейін енгізуге болады. Ең жоғары ұсынылатын тәуліктік доза дене салмағына қарай 30 мг немесе 0,5 мг/кг болады. Препаратты инъекция түрінде қолдану ұзақтығы барынша қысқа болуы әрі соңынан мүмкіндігінше тезірек пероральді немесе ректальді қабылдауға ауысуы тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде бүйрек пен бауыр функциясын және денсаулық жай-күйінің жалпы орнықсыздығын ескере отырып, дозаны төмендету талап етілуі мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысындағы пациенттерде (креатинин клиренсі ≤ 15 мл / мин) тәуліктік доза 75%-ға төмендетілуі тиіс. Орташа және ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі 15-60 мл/мин) тәуліктік доза 50%-ға төмендетілуі тиіс. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде тәуліктік дозаны 50%-ға дейін азайту керек. 1 жастан бастап 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер Метоклопрамид бір жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілімде. Барлық көрсетілімдер: ұсынылатын бір реттік доза дене салмағына қарай 0,1-ден 0,15 мг/кг дейінді құрайды, күніне үш ретке дейін. Ең жоғары тәуліктік доза дене салмағына қарай 0,5 мг/кг құрайды. 1 жастан бастап 18 жасқа дейінгі балалардағы Жас шамасы Дене салмағы Дозасы Енгізу жиілігі 1-3 жас 10-14 кг 1 мг Күніне 3 ретке дейін 3-5 жас 15-19 кг 2 мг Күніне 3 ретке дейін 5-9 жас 20-29 кг 2,5 мг Күніне 3 ретке дейін 9-15 жас 30-60 кг 5 мг Күніне 3 ретке дейін 15-18 жас 60 кг артық 10 мг Күніне 3 ретке дейін Операциядан кейінгі жүрек айнуы мен құсуды емдеудің ең жоғары ұзақтығы 48 сағат болады. Химиотерапиядан пайда болған жүрек айнуы мен құсудың профилактикасы үшін емдеудің ең жоғары ұзақтығы 5 күн болады. Қабылдау арасындағы қажетті ең аз аралық 6 сағатты құрауы тиіс, оның ішінде құсу себебінен дәрілік затты жоғалтқан жағдайда да . Енгізу әдісі және жолы Церулинді® бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізіледі. Венаішілік инъекцияларды болюсті баяу (кемінде 3 минут) енгізу керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Оның ішінде,құсудың салдарынан дәрілік зат жойылатын жағдайда, қабылдаулар арасындағы қажетті ең аз аралық 6 сағатты құрауы тиіс .

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.