+104 бонус

ЦЕРУКАЛ 2% 2 мл № 10 амп

9:00-ден кейін қолжетімді
2090 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метоклопрамид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ГЕРМАНИЯ
  • Өндіруші: Меркле ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір ампуланың ішінде белсенді зат – 10,54 мг метоклопрамид гидрохлориді моногидраты (10 мг метоклопрамид гидрохлоридіне баламалы) қосымша заттар: 0,25 мг сусыз натрий сульфиті, динатрий этилендиаминтетраацетаты, натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- операциядан кейінгі жүрек айнуы мен құсудың профилактикасы - жедел бас сақинасы кезіндегі жүрек айнуы мен құсуды қоса алғанда, жүрек айнуы мен құсуды симптоматикалық емдеу - сәулелік емнен индукцияланған жүрек айнуы мен құсудың профилактикасы. Балаларда қолдану (2 жастан 18 жасқа дейін): - емнің екінші желісінің нұсқасы ретінде химиялық емнен индукцияланған кешіктірілген жүрек айну мен құсудың профилактикасы - емнің екінші желісінің нұсқасы ретінде операциядан кейінгі жүрек айнуы мен құсуды емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - асқазан-ішектен қан кету, асқазан-ішек тесілуі немесе механикалық ішек бітелісі, ол асқазан-ішек моторикасына қауіп төндіреді. - расталған немесе күдік тудыратын феохромоцитома, артериялық гипертензияның ауыр ұстамалары қаупіне байланысты. - нейролептиктерге немесе метоклопрамидке байланысты, анамнездегі кешеуілдеген дискинезия. - эпилепсия (ұстамалар жиілігінің немесе қарқындылығының жоғарылауы) - Паркинсон ауруы - леводопамен немесе допаминергиялық агонистермен бір мезгілде қолдану - анамнезде метоклопрамидті қолданғанда немесе НАДН-цитохром-b5-редуктаза тапшылығы кезінде анықталған метгемоглобинемия. - 2 жасқа дейінгі балаларға қолдану - жүктіліктің I және III триместрлері және лактация кезеңі
Дозасы
Ерітіндіні вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізуге болады. Вена ішіне дозаларды баяу болюстік инъекция түрінде (3 минут бойы) енгізу керек. Ересектер: Церукал®-Тева вена ішіне немесе бұлшықет ішіне күніне 1-3 рет 10 мг тағайындайды. Ең жоғары бір реттік доза 10 мг, ең жоғары тәуліктік дозасы 30 мг құрайды. 2-ден 5 жасқа дейінгі балалар: ең жоғары бір реттік доза дене салмағына 0,1-ден 0,15 мг/кг құрайды. Ең жоғары тәуліктік дозасы дене салмағына 0,5 мг/кг құрайды. 5 жастан 9 жасқа дейінгі балалар: салмағына байланысты 2,5 мг-ден 5 мг дейін. Ең жоғары тәуліктік доза 15 мг-ден аспайды. 9-дан 18 жасқа дейінгі балалар: ең жоғары бір реттік доза 5 мг, ең жоғары тәуліктік доза – 30 мг. 15 жастан 18 жасқа дейінгі балалар: салмағы 60 кг-ден асатын: ең жоғары бір реттік доза 10 мг, ең жоғары тәуліктік доза – 30 мг. Емдеудің ең жоғары ұзақтығы белгіленген ОКЖҚ емдеу үшін 48 сағатты құрайды. Емдеудің ең жоғары ұзақтығы химиялық емнен (CINV) туындаған кешеуілдеген жүрек айну мен құсудың алдын алу үшін 5 күнді құрайды. Дозалау кестесі: Жас (жылдармен) Салмағы (кг) Доза (мг) Жиілігі 2-3 10-14 1 күніне 3 ретке дейін 3-5 15-19 2 күніне 3 ретке дейін 5-9 20-29 2,5 күніне 3 ретке дейін 9-18 30-60 5 күніне 3 ретке дейін 15-18 60-тан астам 10 күніне 3 ретке дейін Асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлігін тексеру Ересектер: Церукал®-Тева 10 мг-дан, тексеру басталғанға дейін 10 минут бұрын, вена ішіне, баяу (3 минут бойы) тағайындайды. 2 жастан 18 жасқа дейінгі балалар: Церукал®-Тева дене салмағына 0,1 мг /кг, тексеру басталғанға дейін 10 минут бұрын, вена ішіне, баяу (3 минут бойы) тағайындайды. Цитостатикалық дәрілерден туындаған жүрек айну және құсу кезінде Церукал®-Тева вена ішіне тамшылату түрінде тағайындайды: 1 сызба Цитостатикалық дәрімен емдеу басталғанға дейін жарты сағат бұрын, сондай-ақ цитостатикалық дәріні қолданғаннан кейін 1 ½,3 ½, 5 ½, және 8 ½ сағаттан кейін дене салмағына 2 мг/кг қысқа мерзімді тамшылатып инфузия (15 минут ішінде). 2 сызба Цитостатикалық дәріні қолданудан 2 сағат бұрын дене салмағына 1 немесе 0,5 мг/кг, содан кейін цитостатикалық дәріні қолданғаннан кейін 24 сағат кезеңінде дене салмағына 0,5 немесе 0,25 мг/кг ұзақ тамшылатып инфузия (1 сағат ішінде). Инфузия үшін Церукал®-Тева инъекциялық ерітіндісін 50 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінде немесе 50% глюкоза ерітіндісінде сұйылту ұсынылады. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағылар Бүйрек және бауыр функцияларына, жалпы жағдайға сүйене отырып, егде жастағы пациенттерге дозаны азайтуды қарастырған жөн. Асцитпен бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде жартылай шығарылу кезеңінің ұлғаюы салдарынан дозаның жартысын қолданады. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде жағымсыз әсерлердің дамуы жағдайларын бақылау қажет. Олар пайда болған жағдайда препаратты қолдануды дереу тоқтатады. Цитостатиктермен емдеу курсының ұзақтығы аурудың ауырлығы мен ағымына байланысты және оны дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.