+883 бонус

ЦЕРЕБРОЛИЗИН р-р д/ин 20 мл №5 амп

17670 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Препараты для лечения заболеваний нервной системы другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: ЭВЕР Валинджект ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл су ерітіндісінің құрамында: белсенді зат – церебролизин концентраты (шошқа миының ақуызынан алынған протеолитикалық пептидті фракциясы) 215,2 мг, қосымша зат - инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Цереброваскулярлық бұзылуларды демеуші емдеу үшін, әсіресе келесі көрсеткіштер үшін: - Альцгеймер типті  сенильді деменцияда және қантамырлар деменциясында - инсульттен кейінгі асқынуларда - бассүйекішілік-ми жарақаттары (соғып алулары мен мидың шайқалуы) Церебролизин® НЕЙРО ересектер мен егде жастағы (>65 жас) пациенттерде қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе басқа қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық - эпилепсиялық статус - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
Дозасы
Қолдану жөніндегі нұсқаулар Мынадай дозалар қолданылады: Күнделікті ұсынылатын доза Емнің ұзақтығы Альцгеймер типті  сенильді деменция және қантамырлар деменциясы 10 -30 мл 4 апта Ишемиялық инсульт 20-50 мл 10-21 күн Геморрагиялық инсульт 30-50 мл 10-21 күн Бассүйекішілік-ми жарақаттары 20-50 мл 7-30 күн Емнің тиімділігін арттыру үшін емнің оң нәтижелерін алғанға дейін әр 2 ай сайын бірнеше рет қайталау курстары жүргізілуі мүмкін. Емдеудің екінші циклынан бастап күнделікті қолдануды аптасына 2-3 рет препаратты қабылдауға ауыстыруға болады. Бір емдеу курсы  4 апталық емдеу ұзақтығына сәйкес келеді (аптасына 5 инъекция). Церебролизин® НЕЙРО препаратын инъекция түрінде қолданылады: бұлшықет ішіне (5 мл дейін) және вена ішіне (10 мл дейін). 10 мл-ден жоғары дозаларды ұсынылған стандартты ерітінділермен сұйылтқаннан кейін баяу вена ішіне инфузия арқылы енгізу ұсынылады. Инфузияның ұзақтығы 15-тен 60 минутқа дейін болуы керек. Церебролизин® НЕЙРО препаратының инфузияға арналған мынадай стандартты ерітінділермен үйлесімділігі тексерілді және расталды (препарат бөлме температурасында, жарықтан қорғалмаған жерде сақтау кезінде кемінде 24 сағат бойы физикалық және химиялық тұрақты): - 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі (9 мг NaCl/мл) - Рингер ерітіндісі (Na+ 153,98 ммоль/ л, Ca2+ 2,74 ммоль/л, K+ 4,02 ммоль/л, Cl-163,48 ммоль/л) - глюкозаның 5% ерітіндісі Церебролизин® НЕЙРО препаратын дәрумендер және жүрек қан айналымын жақсартатын препараттармен бір мезгілде тағайындауға болады, алайда бұл препараттарды Церебролизин® НЕЙРО препаратымен бір шприцте араластыруға болмайды. Егер Церебролизин® НЕЙРО препараты ұзақ уақыт құюға арналған катетер арқылы енгізілетін болса, катетерді қолданғанға дейін және кейін жүйе натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісімен шайылуы тиіс. Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған канюляларды пайдаланған кезде, Церебролизин® НЕЙРО препараты енгізілгенге дейін және одан кейін натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісімен жуып шаю керек. Тек бір рет қолдануға арналған. Тек янтарь түсті мөлдір ерітінділерді пайдаланыңыз. Пайдаланылмаған ерітінділерді жергілікті талаптарға сәйкес дереу утилизациялау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.