+213 бонус

ЦЕЛКОКС 200 мг №20 капс

4270 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Целекоксиб
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Пакистан
  • Өндіруші: Гетц Фарма ЛТД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - целекоксиб 100 мг немесе 200 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий лаурилсульфаты, повидон К-30 (PVP K-30), натрий кроскармеллозасы, магний стеараты капсула қабығының құрамы: FD&C көгілдір 1 (Е133)*, FD&C қызыл 3 (Е127)*, титанның қостотығы (Е 171), желатин, капсула қақпағының құрамы: FD&C сары 5 (Е102)*, FD&C көгілдір 1 (Е133)*/ FD&C көгілдір 1 (Е133)**, FD&C қызыл 3 (Е127)**, кармин (Е120)**, титанның қостотығы (Е 171), желатин. *-100 мг құрамында **-200 мг құрамында
Қолданылуы
Дәрілік препарат ересектерде симптоматикалық ем ретінде қолдануға арналған: - остеоартритте - ревматоидты артрит - шорбуынданған спондилиттің симптомдарын басуда ЦОГ-2 іріктелген тежегіштерін тағайындау туралы шешімді әрбір пациент үшін жалпы қауіпті бағалау негізінде қабылдау керек.
Қарсы көрсетілімдер
- целекоксибке және қосымша заттардың кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық - сульфонамидтерге белгілі аса жоғары сезімталдық - пептидтік жара және асқазан-ішектен қан кету - демікпе, жедел ринит, мұрын полипі, ангионевроздық ісіну, есекжем немесе ацетилсалицил қышқылын немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды, оның ішінде ЦОГ-2 тежегіштерін қабылдағаннан кейінгі анамнезіндегі басқа аллергиялық реакциялар бар пациенттер - креатинин клиренсі < 30 мл/мин болатын бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі - бауыр функциясының ауыр бұзылыстары (сарысудағы альбумин <25 г/л немесе Чайлд-Пью шкаласы бойынша >10) - жүректің созылмалы жеткіліксіздігі (NYHA II – IV дәрежесі) - клиникалық тұрғыдан расталған жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялардың аурулары және айқын сатыдағы цереброваскулярлық аурулар - ішектің қабыну аурулары - аортакоронарлық шунттау операциялары және операциядан кейінгі кезең - тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, Lapp -лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - жүктілік және бала емізу кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Целекоксиб дозасына және қабылдау ұзақтығына қарай жүрек-қан тамырлары ауруының даму қаупі артатындықтан оны барынша қысқа курстармен және тиімді ең төмен тәуліктік дозаларда тағайындау керек. Пациенттің, әсіресе остеоартриті бар пациенттерде ауру симптомдарының айқындығын азайтуға және емге реакциясын азайтуға қажеттілігін мезгіл-мезгіл бағалау керек. Остеоартрит Әдеттегі ұсынылатын тәуліктік доза күніне бір рет немесе екі рет қабылданатын 200 мг құрайды. Кейбір пациенттерде симптомдар айқындылығы жеткіліксіз азайған жағдайда дозаны күніне екі рет 200 мг дейін көбейту препарат тиімділігін жоғарылатуы мүмкін. Екі апта емдеуден кейін емдік әсерінің жоғарылауы болмаса емнің мүмкін болатын басқа әдістерін қарастыру керек. Ревматоидты артрит Бастапқы ұсынылатын тәуліктік доза екі рет қабылданатын 200 мг құрайды. Қажет болғанда, қабылдауды күніне екі рет 200 мг дейін арттыруға болады. Екі апта емдеуден кейін емдік әсерінің жоғарылауы болмаса емнің мүмкін болатын басқа әдістерін қарастыру керек. Шорбуынданған спондилит (Бехтерев ауруы) Ұсынылатын тәуліктік доза күніне бір рет немесе екі рет қабылданатын 200 мг құрайды. Кейбір пациенттерде симптомдар айқындығының азаюы жеткіліксіз болған жағдайда дозаны күніне бір рет немесе екі рет қабылдауға бөлінген 400 мг дейін арттыру препарат тиімділігін жоғарылатуы мүмкін. Екі апта емдеуден кейін емдік әсерінің жоғарылауы болмаса емнің мүмкін болатын басқа әдістерін қарастыру керек. Ең жоғары ұсынылған тәуліктік доза, ұзақ уақыт қабылдағанда барлық көрсетілімдер үшін - 400 мг. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Целекоксибті 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға тыйым салынады. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде (> 65 жас): осы жастан жасырақ ересектердегі сияқты, бастапқы ұсынылатын доза тәулігіне 200 мг құрайды. Содан кейін, қажет болғанда, оны тәулігіне екі рет 200 мг дейін жоғарылатуға болады. Дене салмағы 50 кг дейінгі егде жастағы пациенттерде препаратты сақтықпен қабылдау керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер: қан сарысуындағы альбуминнің мөлшері 25-35 г/л, диагностикаланған орташа дәрежедегі ауырлықтағы бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерде емді ұсынылған дозаның жартысынан бастау керек. Қолдану тәжірибесі бауыр циррозы бар пациенттермен шектеледі. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: Целекоксибті орташа және бір қалыпты дәрежедегі ауырлықтағы бүйрек жеткіліксіздігімен емделушілерде қолдану тәжірибесі шектеулі, сондықтан осындай емделушілерге препаратты сақтықпен қабылдау керек. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Капсуланы сумен іше отырып, бүтіндей жұту керек. Целкокс препаратын ас қабылдауға байланыссыз қолдануға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.