+163 бонус

ЦЕЛЕСТОДЕРМ-В с Гарамицином 30 г мазь

3260 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бетаметазон в комбинации с антибиотиками
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Бельгия
  • Өндіруші: Органон Хейст бв
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 г жақпамай құрамында белсенді заттар - бетаметазон валераты, 1.22 мг (1 мг бетаметазонға баламалы), - гентамицин, 1.00 мг немесе 1000 ХБ (гентамицин сульфаты түрінде), қосымша заттар - сұйық парафин, ақ жұмсақ парафин
Қолданылуы
Гентамицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған салдарлы инфекция болған кезде глюкокортикостероидты (ГКС) емге бейімді тері ауруларын жергілікті емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- бетаметазон валератына, гентамицин сульфатына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдығы, сондай ақ басқа глюкокортикостероидтарға немесе аминогликозидті антибиотиктерге -бастапқы бактериялық немесе вирустық инфекциядан туындаған тері аурулары -жүктіліктің бірінші триместрі, өйткені препараттың құрамына бетаметазон валераты кіреді - желшешекті қоса, вирустық инфекциялар - вакцинадан кейінгі реакциялар - тері туберкулезі және мерездің тері көріністері - терінің вирустық инфекциясы (қарапайым герпес, белдемелі герпес) - розацеа және розацеа тәрізді дерматит - дерматомикоздар - жүйелі әсер ететін аминогликозидті антибиотиктерді бір мезгілде қолдану (уытты реакциялардың даму қаупіне байланысты) - үдемелі бүйрек жеткіліксіздігі - 1 жасқа дейінгі балалар. Гарамицин® қосылған Целестодерм-В® препаратын көз аймағында және шырышты қабықтарда қолдануға болмайды. Гарамицин® қосылған Целестодерм-В® препаратын есту арнасы аумағында қолдануға болмайды. Әсер етуші затты сіңіру мүмкіндігіне байланысты ұзақ уақыт емдеуден, терінің кең аймақтарына қолданудан және/немесе окклюзиялық таңғыштарды пайдалана отырып, емдеуден аулақ болу керек.
Дозасы
Гарамицин® қосылған Целестодерм-В® жақпамай, жағдайдың ауырлығына байланысты тәулігіне 2-3 рет жағу керек. Балаларда препарат тәулігіне 1 рет қолданылады. Жағдай жақсарған кезде препаратты қолдану жиілігін азайтуға болады. Енгізу әдісі мен жолы Гарамицин® қосылған Целестодерм-В® жақпамайын терінің зақымдалған жерлеріне жұқа қабатпен жағу керек. Өңделген учаскелер дене беткейінің жалпы ауданының 10% - нан аспауы тиіс. Балаларда препаратты қысқа уақыт ішінде және терінің кішкене бөліктерінде ғана қолдану керек. Балаларды кортикостероидтар бар препараттармен емдеу кезінде ерекше сақ болу керек, өйткені баланың терісі арқылы глюкокортикостероидтардың сіңуі ересектерге қарағанда анағұрлым қарқынды. Бетаметазон валератының сіңу қаупі мүмкін болғандықтан препаратты окклюзиялық таңғыштар астына қолданбаған жөн. Препаратты енгізу әдісін тері процесінің сипатын және аурудың сатысын ескере отырып таңдау керек. Гарамицин® қосылған Целестодерм-В® препараты жақпамайын құрғақ, қабыршақтанған және мүйізгектенген теріге қолдану керек. Майлы теріде, суланғанда, қышыну, күйдіріп ашу, себореялық аурулар кезінде, жедел процесс сатысында, дененің қатпарларында Гарамицин® қосылған Целестодерм-В® кремін пайдалану ұсынылады. Емдеу ұзақтығы Гарамицин® қосылған Целестодерм-В® препараты жақпамайымен емдеу ұзақтығы 7-10 күннен аспауы керек (балаларда 7 күн), өйткені оның құрамына гентамицин кіреді. Симптомдардың басылуын медициналық растағаннан кейін (мысалы, күшті әсер ететін глюкокортикостероидты қолдану талап етілетін дерматоз немесе гентамицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған суперинфекция) емдеуді құрамына тек глюкокортикостероид (әсер ету күші жағынан аз болуы мүмкін) немесе антибиотик кіретін препаратпен жалғастырған жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.