+206 бонус

ЦЕФЯПС 500 мг №12 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
4135 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефуроксим
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: SPEY MEDICAL PVT. LTD.
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 250.00 мг немесе 500.00 мг цефуроксим (303.717 мг немесе 601.434 мг аморфтық цефуроксим аксетилі түрінде), қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, натрий гидрокарбонаты,  кросповидон (полиплаздон XL 10 ), натрий кроскармеллозасы (Ac-Di-Sol), натрий лаурилсульфаты (Texapon K 12 P PH), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200 Фарма), тальк, микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 112), қабықтың құрамы Опадрай  ақ  03H580000: НРМС 2910/гипромеллоза 6 cps, титанның қостотығы (Е 171), пропиленгликоль, натрий бензоаты (Е211), тазартылған су.
Қолданылуы
Цефяпс препараты ересектер мен 6 жастан асқан балаларда төменде атап көрсетілген инфекцияларды емдеу үшін қолданылады: - жедел стрептококты тонзиллит және фарингит - жедел бактериялық синусит - жедел ортаңғы отит - созылмалы бронхиттің өршуі - цистит - пиелонефрит - тері мен жұмсақ тіндердің асқынбаған инфекциялары - Лайм ауруының бастапқы сатысы. Препаратты бактерияға қарсы препараттарды дұрыс қолдану жөніндегі қолданыстағы нұсқаулықтарды ескере отырып қолдану қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- цефуроксимге, цефалоспориндер тобындағы басқа антибиотиктерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - цефалоспориндік антибиотиктерге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер -анамнезінде бета-лактамды бактерияға қарсы дәрілердің кез келген басқа типіне (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдер) ауыр аса жоғары сезімталдық (мысалы, анафилаксиялық реакция) - 6 жасқа дейінгі балалар (осы дәрілік түр үшін). Сақтықпен: - жүктіліктің бірінші триместрі.
Дозасы
Ересектер мен балалар ≥40 кг Жедел тонзиллит, фарингит және жедел бактериялық синусит: күніне екі рет  250 мг-ден. Жедел ортаңғы отит: күніне екі рет 500 мг-ден. Созылмалы бронхиттің өршуі: күніне екі рет 500 мг-ден. Цистит: күніне екі рет 250 мг-ден. Пиелонефрит: күніне екі рет 250 мг-ден. Тері мен жұмсақ тіндердің асқынбаған инфекциялары: 250 мг-ды күніне екі рет 10-14 күн ішінде Лайм ауруы: 14 күн бойы күніне екі рет 500 мг (10-нан 21 күнге дейін) Балалар <40 кг Жедел тонзиллит және фарингит, жедел бактериялық синусит: күніне екі рет 10 мг/кг, ең көбі күніне екі рет 125 мг-ден. 2 жастағы және одан үлкен балаларға жедел ортаңғы отитте немесе аса ауыр инфекцияларда: күніне екі рет 15 мг/кг-ден, ең көбі күніне екі рет  250 мг-ден. Цистит: күніне екі рет 15 мг/кг, ең көбі күніне екі рет  250 мг-ден. Пиелонефрит: күніне екі рет 15 мг/кг, ең көбі күніне екі рет  250 мг-ден,10-14 күн бойы. Тері мен жұмсақ тіндердің асқынбаған инфекциялары: күніне екі рет 15 мг/кг, ең көбі күніне екі рет  250 мг-ден 10-14 күн ішінде. Лайм ауруы: күніне екі рет 15 мг/кг,  ең көбі күніне екі рет  250 мг-ден 14 күн бойы (10-нан 21 күнге дейін). 3 айдан кіші балаларда цефуроксим аксетилді қолдану тәжірибесі жоқ. Цефуроксим аксетил таблеткалары және ішу үшін суспензия дайындауға арналған цефуроксим аксетил түйіршіктері биоэквивалентті емес және "миллиграммға миллиграмм" негізінде өзара алмастырылмайды. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде цефуроксим аксетилінің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Цефуроксим негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Бүйрек функциясының айқын бұзылулары бар пациенттерде баяу шығарылуын компенсациялау үшін Цефяпс препаратының дозасын төмендету ұсынылады. Цефуроксим организмнен диализ арқылы тиімді шығарылады. Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде Цефяпс препаратының ұсынылатын дозалары Креатинин клиренсі кезінде - ≥30 мл/мин/1,73 м 2 (жартылай шығарылу кезеңі 1,4 сағат–2,4 сағат) дозаны түзету қажет емес: (стандартты доза күніне екі рет 125 мг-ден 500 мг-ге дейін); Креатинин клиренсі кезінде-10-29 мл/мин/1,73 м 2 (жартылай шығарылу кезеңі-4,6 сағат): әр 24 сағат сайын стандартты жеке доза; Креатинин клиренсі кезінде - <10 мл / мин/1,73 м 2 (жартылай шығарылу кезеңі -16,8 сағат: әр 48 сағат сайын стандартты жеке доза; Гемодиализ кезінде (жартылай шығарылу кезеңі– 2 сағат - 4 сағат): диализ процедурасының соңында қосымша стандартты, бір реттік жеке доза қажет. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттердің қолдануы жөнінде деректер жоқ. Цефуроксим негізінен бүйрек арқылы шығарылатындықтан, бауыр дисфункциясының болуы оның әсеріне ықпал етпейді деп күтілуде. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Сіңуін жақсарту үшін Цефяпс препаратын тамақтан кейін қабылдау керек. Цефяпс таблеткаларын ұнтақтауға болмайды, сондықтан таблеткаларды жұта алмайтын пациенттерді емдеген кезде оларды қолдануға болмайды. Балаларда цефуроксим аксетилінің оральді суспензиясын қолдануға болады. Дозаға байланысты басқа дәрілік түрлер қолжетімді. Емдеу ұзақтығы Препаратты қолданудың орташа ұзақтығы орта есеппен 7 күнді құрайды (5-тен 10 күнге дейін).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.