+556 бонус

ЦЕФТРИАКСОН-ВИСТА 1г №10 фл

11130 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефтриаксон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: МИСТРАЛ КЭПИТЭЛ МЭНЕДЖМЕНТ ЛИМИТЕД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтыдағы препарат құрамында белсенді зат – цефтриаксон (цефтриаксон динатрий гемигептагидраты (стерильді) түрінде), 1 г, Қосымша заттар: жоқ.
Қолданылуы
Төменде тізілген инфекцияларды ересектер мен балаларда, оның ішінде мерзімі жетіп туған нәрестелерде (туғаннан бастап) емдеу: – бактериялық менингит; – ауруханадан тыс пневмония; – ауруханалық пневмония; – жедел ортаңғы отит; – құрсақ қуысы ағзаларының инфекциясы; – несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары (пиелонефритті қоса); – сүйек және буын инфекциялары; – тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары; – соз; – мерез; – бактериялық эндокардит. Цефтриаксон-Вистаны мына кезде қолдануға болады: - ересектердегі өкпенің созылмалы обструктивті ауруының жедел асқынуын емдеу; - ересектер мен 15 күннен бастап нәрестелерді қоса, балаларда Лайм диссеминацияланған боррелиозын (ерте (II кезең) және кеш (ІІІ кезең)) емдеу; - хирургиялық араласу орнында инфекциялардың операция алдындағы профилактикасы; - бактериялық инфекцияға күдікпен қызба дамыған нейтропениясы бар пациенттерді жүргізу; - жоғарыда аталған инфекциялардың кез келгеніне байланысты туындаған немесе жоғарыда аталған инфекциялардың кез келгеніне күдік болса, бактериемиясы бар пациенттерді емдеу. Егер бактериялық қоздырғыштардың ықтимал диапазоны оның әсер ету спектріне тура келмеген жағдайда, Цефтриаксон-Вистаны басқа бактерияға қарсы препараттармен бірге тағайындау керек. Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдануға қатысты ресми нұсқауларды назарға алған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
Цефтриаксонға немесе кез келген басқа цефалоспоринге жоғары сезімталдық. Анамнезінде -лактамды бактерияға қарсы препараттардың кез келген басқа типіне (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдер) ауыр аса жоғары сезімталдық реакцияларының (мысалы, анафилаксиялық реакциялар) болуы. Цефтриаксон мына кезде қолданылмайды: Құрсақішілік даму мерзімін ескере отырып, ≤ 41 апта (гестациялық жас + туғаннан кейінгі жас)* жас шамасындағы шала туған нәрестелерге. Мерзімі жетіп туған нәрестелерге (≤28 күн жасында): гипербилирубинемия, сарғаю, гипоальбуминемия немесе ацидоз болғанда, өйткені мұндай жағдайларда билирубиннің байланысы бұзылуы мүмкін*. кальций препараттарын немесе құрамында кальций бар ерітінділердің инфузияларын вена ішіне енгізуді қажет ететін (немесе қажет етеді деп күтілетін), өйткені цефтриаксонның кальций тұзы преципитаттарының түзілу қаупі бар. *In vitro зерттеулерінде цефтриаксон қан сарысуының альбуминімен байланысты билирубинді ығыстыруы мүмкін екендігі көрсетілген, бұл осындай пациенттерде билирубин энцефалопатиясының даму қаупіне алып келеді. Цефтриаксонды бұлшықет ішіне енгізер алдында лидокаинді еріткіш ретінде қолданған жағдайда қолдануға қарсы көрсетілімдердің болуын міндетті түрде алып тастау керек. Құрамында лидокаин бар цефтриаксон ерітінділерін ешқашан вена ішіне енгізуге болмайды.
Дозасы
Дозалау Препараттың дозасы инфекцияның ауырлығына, сезімталдығына, орналасуына және типіне, сондай-ақ пациенттің жасына және бауыры мен бүйрегінің функциясына байланысты. Төменде осы көрсеткіштер үшін ұсынылған дозалар келтірілген. Аса ауыр жағдайларда ұсынылған диапазоннан жоғары дозаны қолдану керек. 1-кесте Ересектер мен 12 жастан асқан балалар (≥ 50 кг). Цефтриаксон дозасы* Енгізу жиілігі**

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.