+40 бонус

ЦЕФТРИАКСОН д/приг р-ра д/вв и вм введения 1 г №10 фл

800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефтриаксон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ОАО «Борисовский завод медицинских препаратов»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде: белсенді зат – цефтриаксон (цефтриаксон натрий тұзы түрінде) – 0,5 г немесе 1,0 г
Қолданылуы
Цефтриаксонға сезімтал қоздырғыштар тудыратын инфекциялар: тыныс алу жолдарының инфекциясы, әсіресе пневмония, сондай-ақ ЛОР-ағзалар инфекциясы абдоминальді инфекциялар (перитонит, өт жолдарының, сондай-ақ асқазан-ішек жолының инфекциялары) бүйрек және несеп шығару жолдарының инфекциялары жыныс ағзасының инфекциялары, оған қоса соз сепсис сүйек, буын, жұмсақ тіндер, тері инфекциялары, сондай-ақ жаралық инфекциялар иммунитеті әлсіреген пациенттердегі инфекциялар менингит диссеминацияланған Лайм ауруы (II және III сатылар) Асқазан-ішек жолындағы, өт жолындағы, урогенитальді және гинекологиялық аймақтағы операциялар кезінде инфекциялардың периоперативті профилактика, бірақ ықтимал немесе дәлелденген контаминация жағдайында ғана. Антибиотиктерді тиісінше пайдалану бойынша ресми ұсыныстарды, әсіресе антибиотиктерге резистенттіліктің жоғарылауын болдырмау үшін қолдану жөніндегі ұсыныстарды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
– цефтриаксонға, цефалоспориндерге аса жоғары сезімталдық – анамнездегі бактерияға қарсы бета-лактамды препараттардың кез келген басқа типіне (пенициллиндер, монобактамдар, карбапенемдер) аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакциялар) – жүрек өткізгіштігінің бұзылуы – жедел декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі Цефтриаксон мына кезде қолданылмайды: – 41 аптаны қоса жасқа дейін шала туған нәрестелерге (гестациялық жас, хронологиялық жас); – гипербилирубинемия, сарғаю, гипоальбуминемия немесе ацидоз, билирубин байланысының бұзылуы мүмкін жағдайлар болғанда жаңа туған нәрестелерге (өмірінің 28 күніне дейін), – егер оларға цефтриаксонның кальций тұзы преципитаттарының түзілу қаупіне орай, кальцийді немесе құрамында кальций бар ерітінділерді вена ішіне енгізу қажеттілігі болса (немесе қажет болуы мүмкін болса). * In vitro зерттеулер цефтриаксон билирубинді сарысулық альбуминмен байланысынан ығыстыра алатынын көрсетті, бұл мұндай пациенттерде билирубин энцефалопатиясының қаупін арттырады.
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар Күніне бір рет 1-2 г (24 сағат сайын). Ауыр инфекциялар немесе сезімталдығы орташа микроорганизмдерден туындаған инфекциялар кезінде, тәуліктік бір реттік дозасын 4 г дейін арттыруға болады. Жаңа туған нәрестелер, сәбилер және 12 жасқа дейінгі балалар Келесі тәуліктік бір реттік дозалары ұсынылады: Жаңа туған (14 күндігіне дейінгі) нәрестелер Дене салмағына тәулігіне бір рет 20-50 мг/кг; тәуліктік дозасы 50 мг/кг аспауы тиіс. Цефтриаксон препаратын етеккірден кейінгі 41 апта мерзімге дейін (гестациялық және постнатальді жасының жиынтығы) шала туған нәрестелерде қолдануға болмайды. Цефтриаксонның кальций тұздары преципитаттарының түзілуі қаупіне байланысты, Цефтриаксон препаратын жаңа туған (≤28 күн), құрамында кальций бар препараттардың ұзаққа созылатын инфузияларын қоса, құрамында кальций бар венаішілік ерітінділермен емдеу қажет (болуы ықтимал), мысалы, парентеральді қоректендіріліп жүрген нәрестелерге қолдануға болмайды. Жаңа туған нәрестелер, сәбилер және балалар (15 күннен 12 жасқа дейін) Күніне бір рет дене салмағының 20-80 мг/кг. Нәрестелер мен 12 жасқа дейінгі балалардағы дене салмағының кг-на 50 мг немесе одан да көп вена ішіне дозаларды кем дегенде 30 минут баяу инфузия түрінде енгізу керек. Жаңа туылған нәрестелерге билирубин энцефалопатиясының ықтимал қаупін азайту үшін венаішілік дозаларды 60 минут ішінде енгізу керек. Егде жастағы пациенттер Бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылуы болмаған жағдайда ≥65 жастағы пациенттерде цефтриаксон дозасын түзету талап етілмейді. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы көрсетілімдеріне және аурудың ағымына тәуелді. Біріктірілген ем Эксперимент жүзінде, цефтриаксон мен аминогликозидтер көптеген грамтеріс бактерияларға қатысты синергизмге ие екендігі көрсетілді. Аталған біріктірілімдердің тиімділігінің жоғарылығына әрдайым болжам жасалмайтындығына қарамастан, оны Pseudomonas aeruginosa туғызған, ауыр, өмірге қауіп төндіретін инфекциялар дамыған жағдайда қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Химиялық тұрғыдан үйлесімсіздігінің салдарынан, екі дәрілік затты ұсынылған дозасында бөлек-бөлек енгізу керек. Цефтриаксонмен химиялық үйлесімсіздік амсакрин, ванкомицин және флуконазолды вена ішіне енгізгенде де байқалды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.