+12 бонус

ЦЕФТРИАКСОН АКОС 1 г пор д/пригот р-ра в/в и в/м введ №1 фл

250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефтриаксон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ПАО Синтез
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде: белсенді зат – 1 г натрий цефтриаксоны (цефтриаксонға шаққанда) – 1 г.
Қолданылуы
ЦЕФТРИАКСОН-АКОС препараты мерзімі жетіп туған нәрестелерді (туғаннан бастап) қоса, ересектер мен балаларда келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады: бактериялық менингит; ауруханадан тыс пневмония; ауруханалық пневмония; жедел ортаңғы отит; құрсақішілік инфекциялар; несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары (оның ішінде пиелонефрит); сүйек және буын инфекциялары; тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары; соз; мерез; бактериялық эндокардит. Препарат мына жағдайларда пайдаланылуы мүмкін: ересектерде өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының жедел өршуін емдеу үшін; 15 күндік жастан бастап жаңа туған нәрестелерді қоса, ересектер мен балаларда диссеминацияланған Лайм боррелиозын (ерте [II кезең] және кеш [III кезең]) емдеу үшін; хирургиялық араласу кезінде инфекцияның операция алдындағы профилактикасы үшін; бактериялық инфекциядан туындауы ықтимал нейтропениялық қызбасы бар пациенттерді емдеу кезінде; жоғарыда аталған инфекциялардың кез келгенімен байланысты немесе болжаммен байланысты болатын бактериемиясы бар пациенттерді емдеуде. ЦЕФТРИАКСОН-АКОС препаратын бактерия қоздырғыштарының ықтимал спектрі оның спектріне енбеген кезде басқа бактерияға қарсы препараттармен бірге тағайындау керек. Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
цефтриаксонға, кез келген басқа цефалоспоринге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; анамнезінде бета-лактамды бактерияға қарсы препараттың кез келген басқа типіне (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдер) ауыр аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакция); 41 аптаға дейінгі шала туған балалар (гестациялық жиынтығы және хронологиялық жасы). Мерзіміне жетіп туған нәрестелер (≤ 28 күндік жастағы) мына жағдайда: гипербилирубинемия, сарғаю, гипоальбуминемия немесе ацидоз, өйткені бұл жағдайларда билирубиннің байланысуы бұзылуы мүмкін*; Цефтриаксон-кальцийдің шөгу қаупіне байланысты вена ішіне кальций немесе құрамында кальций бар препараттардың инфузиясын енгізу қажет болғанда (немесе қажеттілік ықтимал болғанда). *in vitro зерттеулері цефтриаксон осындай пациенттерде билирубин энцефалопатиясының даму қаупін арттыра отырып, сарысулық альбуминмен байланысты билирубинді ығыстыра алатынын көрсетті. Лидокаинді қолдануға болмайтын жағдайлар цефтриаксонды бұлшықет ішіне енгізгенге дейін, лидокаин ерітіндісі еріткіш ретінде қолданылған кезде анықталуы керек (лидокаинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз, әсіресе қолдануға болмайтын жағдайларды). Құрамында лидокаин бар цефтриаксон ерітінділерін вена ішіне енгізуге болмайды.
Дозасы
Доза инфекцияның ауырлығына, сезімталдығына, орны мен типіне, сондай-ақ пациенттің жасына және бауыр және бүйрек функциясының жағдайына байланысты. Төменде келтірілген кестелерде ұсынылатын дозалар әдетте осы көрсетілімдерде ұсынылатын дозалар болып табылады. Аса ауыр жағдайларда ұсынылған диапазонның неғұрлым жоғары шегіндегі дозаны ескеру керек. Ересектер мен 12 жастан асқан балалар (≥50 кг)

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.