+22 бонус

ЦЕФТРИАКСОН 1 г №1 фл Биосинтез

440 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефтриаксон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Биосинтез ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат – цефтриаксон натрий трисесквигидраты (цефтриаксонға шаққанда) – 1,00 г
Қолданылуы
Препарат ересектер мен мерзімі жетіп туған нәрестелерді (туғаннан бастап) қоса, балаларда қолданылады. Цефтриаксонға сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық-қабыну аурулары: - бактериялық менингит - ауруханадан тыс (ауруханалық емес) пневмония - ауруханаішілік пневмония - жедел ортаңғы отит - құрсақ қуысы ағзаларының инфекциялары - несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары (оның ішінде пиелонефрит) - сүйектер мен буындардың инфекциялары - тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары - соз - мерез - бактериялық эндокардит Препарат келесілерде қолданылуы мүмкін: - ересектерде өршу сатысындағы өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларын (ӨСОА) емдеу үшін - кең таралған Лайм боррелиозын емдеу үшін (ересектерде және 15-күндік жаңа туған нәрестелерді қоса, балаларда аурудың ерте (II) және кеш (III) сатыларында) - хирургиялық араласым аймағында инфекциялардың операция алдындағы профилактикасы үшін - шамамен бактериялық сипаттағы нейтропениясы бар науқастарда қызба жағдайларында - жоғарыда аталған инфекциялардың кез келгенімен байланысты немесе шамамен байланысты болуы мүмкін, бактериемиясы бар пациенттерге енгізгенде Цефтриаксонды, егер қоздырғыштардың ықтимал ауқымы оның бактерияларға қарсы белсенділігі ауқымына жатпаса, бактерияларға қарсы басқа дәрілермен бірге қолдануға болады. Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше пайдалану жөніндегі нұсқауларды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- цефтриаксонға немесе басқа цефалоспориндерге аса жоғары сезімталдық - анамнезде бактерияларға қарсы бета-лактамдық кез келген басқа типті препараттарға (пенициллиндерге, монобактамдарға, карбапенемдерге) ауыр аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакциялар) - етеккірден кейінгі 41 аптаға дейінгі мерзімде шала туған нәрестелер (гестациялық жасы + хронологиялық жасы)* - күні жетіп туған нәрестелер (өмірінің 28 күніне дейін): а) гипербилирубинемия, сарғаю, гипоальбуминемия немесе ацидоз, билирубиннің байланысуы бұзылуы мүмкін жағдайлар бар болғанда* б) егер цефтриаксонның кальций тұздарының преципитаттарының түзілу қаупіне байланысты, оларға кальций немесе құрамында кальций бар ерітінділерді вена ішіне енгізу қажет болса (немесе қажет етілуі мүмкін). *Іn vitro зерттеулер цефтриаксон билирубинді оның сарысулық альбуминмен байланысынан ығыстырып шығаруы мүмкін екендігін, ол осы пациенттерде билирубинді энцефалопатияның қаупін арттыратындығын көрсетті. Лидокаинді еріткіш ретінде қолданған кезде, ерітіндіні бұлшықет ішіне енгізер алдында пациентте лидокаинді қолдануға қарсы көрсетілім бар-жоғын анықтау керек. Лидокаинді еріткіш ретінде қолданған кезде цефтриаксонның алынған ерітіндісін вена ішіне енгізуге болмайды!
Дозасы
Дозасы инфекцияның типіне, орналасуына және ауырлығына, қоздырғыштың сезімталдығына, пациенттің жасына және оның бауыр және бүйрек функциясының жай-күйіне байланысты болады. Төменде келтірілген кестелерде көрсетілген дозалар, осы көрсетілімдерде қолдану үшін ұсынылатын дозалар болып табылады. Ерекше ауыр жағдайларда көрсетілген диапазонның ең жоғары дозасын тағайындаудың дұрыстығын қарастыру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.