Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары
Бұлшықет ішіне және вена ішіне. Препарат дозасы мен емдеу курсы ауру ағымының ауырлығын, инфекцияның шоғырлануын және қоздырғыш сезімталдығын, жас шамасы мен дене салмағын, бүйрек функциясын ескере отырып, әркімге жеке белгіленеді.
Дене салмағы ≥ 40 кг ересектер мен балаларда пайдалану
Инфекция
Дозалануы
Интермиттирлеуші енгізу
Муковисцидозға шалдығушыларда тыныс алу жолдарының инфекциялары
тәулігіне әр 8 сағат сайын дене салмағына 100-150 мг/кг, ең жоғарысы 9 г/тәулік1
Фебрильді нейтропения
әр 8 сағат сайын 2 г
Ауруханаішілік пневмония
Бактериялық менингит
Бактериемия*
Сүйектер мен буындар инфекциялары
әр 8 сағат сайын 1-2 г
Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
Асқынған интраабдоминальді инфекциялар
Үздіксіз амбулаторлық перитонеальді диализбен байланысты перитонит
Несеп шығару жолдарының асқынған
инфекциялары
әр 8 немесе 12 сағат сайын 1-2 г
Қуық асты безіне жасалатын операциялар (трансуретральді резекция) кезінде инфекциялық асқынулар профилактикасы
анестезияда индукциялау кезінде 1 г,
катетерді алып тастаған сәтте 1 г
Созылмалы ортаңғы отит
әр 8 сағат сайын 1-2 г
Қатерлі сыртқы отит
Тұрақты инфузия
Фебрильді нейтропения
Әр 24 сағат сайын 4-тен 6 г дейін тұрақты инфузиялық енгізуге ұласатын 2 г жүктеме дозасы енгізіледі1
Ауруханаішілік пневмония
Муковисцидозға шалдығушыларда тыныс алу жолдарының инфекциялары
Бактериялық менингит
Бактериемия*
Сүйектер мен буындар инфекциялары
Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
Асқынған интраабдоминальді инфекциялар
Үздіксіз амбулаторлық перитонеальді диализбен байланысты перитонит
1 Бүйрек функциясы дұрыс пациенттерде жағымсыз реакцияларсыз 9 г/тәулік қолданылды.
*Егер бұл ҚОЛДАНЫЛУЫ бөлімінде келтірілген инфекциялармен астасатын болса немесе астасуына күдік туындаса.
Дене салмағы <40 кг балаларда пайдалану
> 2 айлық жастағы балалар
Инфекция
Дозалануы
Интермиттирлеуші енгізу
Несеп шығару жолдарының асқынған
инфекциялары
тәулігіне 3 қабылдауға дене салмағына 100-150 мг/кг, ең жоғарысы 6 г/тәулік
Созылмалы ортаңғы отит
Қатерлі сыртқы отит
Балалардағы нейтропения
тәулігіне 3 қабылдауға дене салмағына 150 мг/кг, ең жоғарысы 6 г/тәулік
Муковисцидозға шалдығушыларда тыныс алу жолдарының инфекциялары
Бактериялық менингит
Бактериемия*
Сүйектер мен буындар инфекциялары
тәулігіне 3 қабылдауға дене салмағына 100-150 мг/кг, ең жоғарысы 6 г/тәулік
Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
Асқынған интраабдоминальді инфекциялар
Үздіксіз амбулаторлық перитонеальді диализбен байланысты перитонит
Тұрақты инфузия
Фебрильді нейтропения
100-200 мг/кг тұрақты инфузиялық енгізуге ұласатын дене салмағына 60-100 мг/кг жүктеме дозасы енгізіледі, ең жоғарысы 6 г/тәулікке дейін
Ауруханаішілік пневмония
Муковисцидозға шалдығушыларда тыныс алу жолдарының инфекциялары
Бактериялық менингит
Бактериемия*
Сүйектер мен буындар инфекциялары
Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
Асқынған интраабдоминальді инфекциялар
Үздіксіз амбулаторлық перитонеальді диализбен байланысты перитонит
Жаңа туған нәрестелер және ≤ 2 айлық жастағы балалар
Интермиттирлеуші енгізу
Инфекциялардың көпшілігі
тәулігіне 2 қабылдауға дене салмағына
25-60 мг/кг 1
1 Жаңа туған нәрестелер және ≤ 2 айлық жастағы балаларда қан плазмасынан
T½ ересектердегіден 2-3 есе ұзақтау болуы мүмкін.
* Егер бұл ҚОЛДАНЫЛУЫ бөлімінде келтірілген инфекциялармен астасатын болса немесе астасуына күдік туындаса.
Балалар. Жаңа туған нәрестелер мен ≤ 2 айлық жастағы балаларда тұрақты в/і инфузия арқылы ЦЕФТАЗИДИМ-АКОС дәрісін қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі белгіленбеген.
Жасы ұлғайған пациенттер. Цефтазидим клиренсінің төмендеуін ескеріп, жасы ұлғайған жедел инфекцияларға шалдыққандар үшін, әсіресе, > 80 жастағы пациенттерде тәуліктік дозасы көбінесе 3 г-ден аспауы тиіс.
Бауыр жеткіліксіздігі. Жеңіл және орташа бауыр жеткіліксіздігіне шалдыққандар үшін дозалануын өзгерту қажет емес. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігіне шалдыққандар үшін клиникалық зерттеулер жүргізілмеген. Қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігін клиникалық қадағалау ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі. Цефтазидим өзгеріссіз күйде бүйрекпен бөлінеді, сондықтан бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерге дозаны азайту керек. Бастапқы дозасы 1 г құрауы тиіс. Демеуші дозасын белгілеу гломерулярлы сүзіліс жылдамдығына негізделуі тиіс.
Бүйрек жеткіліксіздігінде ұсынылатын цефтазидимнің демеуші дозалары — интермиттирлеуші енгізу
Дене салмағы ≥40 кг ересектер мен балалар
Креатинин
клиренсі, мл/мин
Қан плазмасында креатининнің жуық деңгейі, мкмоль/л (мг/дл)
Цефтазидимнің ұсынылатын бір реттік дозасы, г
Дозалау жиілігі, сағат
50-31
150-200 (1,7-2,3)
1
12
30-16
200-350 (2,3-4)
1
24
15-6
350-500 (4-5,6)
0,5
24
< 5
> 500 (> ,6)
0,5
48
Ауыр инфекциялары бар пациенттерге бір реттік дозаны 50% арттыруға немесе тиісінше енгізу жиілігін көбейтуге болады. Ондай пациенттерде қан плазмасында цефтазидим деңгейін бақылау ұсынылады.
Балаларда креатинин клиренсінің мәнін дене беткейі ауданына немесе салмағына қатынасына сай түзету керек.
Дене салмағы <40 кг балалар
Креатинин
клиренсі, мл/мин**
Қан плазмасында креатининнің жуық деңгейі*, мкмоль/л (мг/дл)
Әркімге жеке ұсынылатын дене салмағына мг/кг дозалануы
Дозалау жиілігі, сағат
50-31
150-200 (1,7-2,3)
25
12
30-16
200-350 (2,3-4)
25
24
15-6
350-500 (4-5,6)
12,5
24
< 5
> 500 (> 5,6)
12,5
48
*Ұсынымдарға сәйкес есептелген қан плазмасындағы креатинин деңгейі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің бәрінде бүйрек функциясының төмендеу деңгейіне дәл сәйкес келмеуі мүмкін.
**Дене беткейі ауданының негізінде есептеп шығарылған немесе анықталған креатинин клиренсі.
Қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігін мұқият клиникалық қадағалау ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігінде ұсынылатын цефтазидимнің демеуші дозалары — тұрақты инфузия
Дене салмағы ≥ 40 кг ересектер мен балалар
Креатинин
клиренсі, мл/мин
Қан плазмасында
креатининнің жуық деңгейі, мкмоль/л (мг/дл)
Дозалау жиілігі, сағат
50-31
150-200 (1,7-2,3)
Әр 24 сағат сайын 1-ден 3 г дейін тұрақты инфузиялық енгізуге ұласатын 2 г жүктеме дозасы енгізіледі
30-16
200-350 (2,3-4)
Әр 24 сағат сайын 1 г тұрақты инфузиялық енгізуге ұласатын 2 г жүктеме дозасы енгізіледі
≤ 15
> (4-5,6)
Зерттелмеген
Дозасын таңдау сақтықпен жүргізілуі тиіс. Қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігін мұқият клиникалық қадағалау ұсынылады.
Дене салмағы <40 кг балалар. Бүйрек функциясы бұзылған дене салмағы < 40 кг балаларда тұрақты в/і инфузия арқылы ЦЕФТАЗИДИМ-АКОС қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігін мұқият клиникалық қадағалау ұсынылады.
Егер бүйрек функциясы бұзылған балаларда препаратты тұрақты в/і инфузия жолымен қолдану керек болса, сәбидің дене беткейі ауданына немесе дене салмағына сәйкес креатинин клиренсін түзетіп алу керек.
Гемодиализ. Гемодиализ кезінде қан плазмасынан цефтазидим T½ 3-5 сағат құрайды.
Әр гемодиализ сеансынан соң төменде берілген кестеде ұсынылатын
цефтазидимнің демеуші дозын енгізу керек.
Перитонеальді диализ. Цефтазидимді перитонеальді диализдің әдеттегі режимінде және ұзаққа созылатын амбулаторлық перитонеальді диализ жүргізгенде пайдалануға болады.
В/і қолданудан тыс, цефтазидимді диализ сұйықтығы құрамына қосуға болады (2 л диализ сұйықтығына көбінесе 125-тен 250 мг дейін).
Қарқынды ем бөлімдерінде ұзаққа созылатын артерия-веналық гемодиализ немесе жоғары ағынды гемофильтрация жүргізілетін бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылатын дозалануы бір реттік доза немесе бірнеше қабылдаулар түрінде 1 г/тәулік құрайды. Төмен ағынды гемофильтрацияда бүйрек функциясының бұзылуы кезіндегідей дозалары пайдаланылуы тиіс.
Вена-веналық гемофильтрация немесе вена-веналық гемодиализ жүргізілетін пациенттерге дозалануы туралы нұсқаулар кестелерде берілген.
Ұзақ уақыт вена-веналық гемофильтрация жүргізілетін пациенттерге цефтазидимді дозалау жөніндегі нұсқаулар
Резидуальді бүйрек
функциясы
(креатинин клиренсі), мл/мин
Ультрафильтрация жылдамдығына қарай демеуші дозасы, мг*
5 мл/мин
16,7 мл/мин
33,3 мл/мин
50 мл/мин
0
250
250
500
500
5
250
250
500
500
10
250
500
500
750
15
250
500
500
750
20
500
500
500
750
*Демеуші дозаны әр 12 сағат сайын енгізу керек.
Ұзақ уақыт вена-веналық гемодиализ жүргізілетін пациенттерде
цефтазидим дозалануы туралы нұсқаулар
Резидуальді бүйрек
функциясы
(креатинин клиренсі), мл/мин
Ағын жылдамдығына қарай диализатқа арналған
демеуші дозасы, мг*
1 л/сағат
2 л/сағат
Ультрафильтрация жылдамдығы
Ультрафильтрация жылдамдығы
0,5 л/сағ.
1 л/сағ.
2 л/сағ.
0,5 л/сағ.
1 л/сағ.
2 л/сағ.
0
500
500
500
500
500
750
5
500
500
750
500
500
750
10
500
500
750
500
750
1000
15
500
750
750
750
750
1000
20
750
750
1000
750
750
1000
Демеуші дозаны әр 12 сағат сайын енгізу керек.
Енгізу. ЦЕФТАЗИДИМ-АКОС в/і инъекциялық немесе инфузиялық немесе терең б/і инъекция арқылы енгізіледі. Б/і енгізуге ұсынылатын жерлер үлкен бөксе бұлшықетінің жоғарғы сыртқы шаршысы немесе санның латеральді бөлігі болып табылады.
Цефтазидим ерітінділерін, егер науқас сұйықтықты парентеральді алса, тікелей венаға немесе в/і инфузияға арналған жүйеге енгізуге болады.
Дозалануы аурудың ауырлығына, инфекцияның сезімталдығына, шоғырлануы мен типіне, сондай-ақ пациенттің жас шамасы мен бүйрек функциясына байланысты.
Антибиотикке жүре пайда болатын төзімділік әртүрлі аймақтарда ерекшеленеді және уақыт өте өзгеруі мүмкін, ал жекелеген штаммдар үшін едәуір өзгешеленуі мүмкін. Антибиотикке сезімталдық туралы жергілікті (шоғырлану) деректерді, әсіресе, ауыр инфекцияларды емдеуде пайдаланған дұрыс.
Дайындау жөніндегі нұсқаулық. ЦЕФТАЗИДИМ-АКОС в/і енгізуге кеңінен пайдаланылатын ерітінділердің көпшілігімен үйлесімді. Бірақ инъекцияларға арналған натрий бикарбонаты еріткіш рөлінде пайдалануға жатпайды (Дәрілермен өзара әрекеттесуін қараңыз).
Барлық көлемдегі құтылар төмен қысымда жасалады. Дәрінің ерітілуіне қарай көміртегі қостотығы бөлінеді және құтыдағы қысым артады. Ерітілген препараттағы көміртегі қостотығының аздаған көпіршіктерін ескермеуге болады.
Енгізілетін дозалануы
Еріткіштің қажетті мөлшері, мл
Жуық концентрациясы, мг/мл
250 мг
Б/і
1
210
В/і болюс
2,5
90
500 мг
Б/і
1,5
260
В/і болюс
5
90
1 г
Б/і
3
260
В/і болюс
10
90
В/і инфузия
50*
20
2 г
В/і болюс
10
170
В/і инфузия
50*
40
*Еріту 2 сатыда жүргізілу керек.
Ерітіндінің түсі концентрациясына, еріткішке және сақтау шарттарына қарай ашық-сарыдан янтарь түсіне дейін өзгеріп отырады. Нұсқаулар қадағаланғанда дәрінің әсері оның реңінің құбылуына байланысты емес.
Цефтазидим 1-40 мг/мл концентрациясында мына ерітінділермен үйлеседі: 0,9% натрий хлориді ерітіндісі; М/6 натрий лактаты ерітіндісі; Хартман ерітіндісі; 5% глюкоза ерітіндісі; 0,225% натрий хлориді ерітіндісі және 5% глюкоза ерітіндісі; 0,45% натрий хлориді ерітіндісі және 5% глюкоза ерітіндісі; 0,9% натрий хлориді ерітіндісі және 5% глюкоза ерітіндісі; 0,18% натрий хлориді ерітіндісі және 4% глюкоза ерітіндісі; 10% глюкоза ерітіндісі; 10% глюкоза 40 ерітіндісі және 0,9% натрий хлориді ерітіндісі; 10% глюкоза 40 ерітіндісі және 5% глюкоза ерітіндісі; 6% декстран 70 ерітіндісі және 0,9% натрий хлориді ерітіндісі; 6% декстран 70 ерітіндісі және 5% глюкоза ерітіндісі.
Цефтазидим 0,05-0,25 мг/мл концентрациясында интраперитонеальді диализге (лактат) арналған сұйықтықпен үйлесімді.
Б/і енгізу үшін цефтазидимді 0,5% немесе 1% лидокаин гидрохлориді ерітіндісінде ерітуге болады.
Екі препараттың да тиімділігі 4 мг/мл дозадағы цефтазидимді мына заттармен араластырғанда сақталады: инъекцияға арналған 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде немесе 0,5% глюкоза ерітіндісінде 1 мг/мл гидрокортизон (натрий фосфаты гидрокортизоны); инъекцияға арналған 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде 3 мг/мл цефуроксим (натрий цефуроксимі); инъекцияға арналған 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде 4 мг/мл клоксациллин (натрий клоксациллині); инъекцияға арналған 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде 10 немесе 50 ХБ/мл гепарин; инъекцияға арналған 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде 10 немесе 40 мэкв/л калий хлориді.
Инъекцияға арналған 1,5 мл суда ерітілген ЦЕФТАЗИДИМ-АКОС 500 мг құтының ішіндегісін метронидазол ерітіндісіне қосуға болады (100 мл-де 500 мг), осы орайда екі дәрі де өз белсенділігін сақтайды.
Б/і немесе в/і болюстік инъекция үшін ерітінділер дайындау:
1. Құтының қақпағы арқылы шприц инесін кіргізіп, ұсынылатын еріткіш көлемін енгізу.
2. Шприцтің инесін суырып алып, мөлдір ерітінді алынғанша құтыны сілку.
3. Құтыны төңкеру. Шприц поршені толық енгізілгенде инені құтыға орнату. Ерітіндіні түгел шприцке жинау, осы орайда ине үнемі ерітіндіге батып тұруы тиіс. Көмірқышқыл газының кішкене көпіршіктеріне көңіл бөлмеуге болады.
В/і инфузиялар үшін ерітінділер дайындау (1,0 г және 2,0 г құтылар):
1. Құтының қақпағы арқылы шприц инесін кіргізіп, 10 мл еріткіш енгізу.
2. Шприц инесін суырып алып, мөлдір ерітінді алынғанша құтыны сілку.
3. Дәрі толық еріп кеткенше ауа соратын инені орнатпау. Құтыдағы ішкі қысымды әлсірету үшін құтыға қақпақ арқылы ауа соратын инені кіргізу.
4. Ауа соратын инені суырмастан, жалпы көлемді 50 мл дейін жеткізу. Ауа соратын инені суырып, құтыны сілкіп және көбіне қолданылатын инфузияға арналған жүйені іске қосу.
Ескертпе. Дәрінің стерильділігін қамтамасыз ету үшін дәрі еріп кеткенше қақпақ арқылы ауа соратын инені кіргізу өте маңызды.
Ерітінділер дайындау
Б/і енгізу үшін 1,0 г немесе 2,0 г ЦЕФТАЗИДИМ-АКОС инъекцияға арналған 3 мл суда ерітіледі; вена ішіне енгізу үшін инъекцияға арналған 10 мл суда ерітіледі.
Вена ішіне тамшылатып енгізу үшін жоғарыда сипатталған тәсілмен алынған препарат ерітіндісі вена ішіне енгізуге арналған келесі 50-100 мл еріткіштердің біреуінде қосымша сұйылтылады:
0.9% натрий хлориді ерітіндісі.
Рингер ерітіндісі,
5%, 10% глюкоза (декстроза) ерітіндісі,
0.9% натрий хлориді ерітіндісімен 5% глюкоза (декстроза) ерітіндісі,
- 5% натрий бикарбонаты ерітіндісі.
Ұнтақты еріткенде көміртегі қостотығы бөлінеді. Еріткішті енгізуден кейін мөлдір ерітінді алу үшін құтыны сілку қажет. Препараттың алынған дайын ерітіндісінде көміртегі қостотығының кішкене көпіршіктері болуы мүмкін.
Алынған ерітінді ашық-сарыдан күңгірт-сары түске дейін болуы мүмкін. Егер препаратты сұйылтуға ұсынылатын ережелердің бәрі қадағаланса, оның тиімділігі реңіне байланысты емес.
Жаңадан дайындалған ерітіндіні ғана пайдалану керек!
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.