+129 бонус

ЦЕФАЗОН 1 г №1 фл

2590 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефтриаксон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Свисс Парэнтэралс Пвт. Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құтының ішінде: белсенді зат - стерильді натрий цефтриаксоны 1000.0 мг сусыз цефтриаксонға баламалы
Қолданылуы
Цефтриаксонға сезімтал қоздырғыштардан туындаған инфекциялар: тыныс алу жолдарының инфекциялары, әсіресе пневмония, сондай-ақ ЛОР-ағзаларының инфекциясы абдоминальды инфекциялар (перитонит, өт жолдарының, сондай-ақ асқазан-ішек жолдарының инфекциясы) бүйрек және несеп шығару жолдарының инфекциялары созды қоса, жыныс мүшелерінің инфекциясы сепсис сүйектің, буынның, жұмсақ тіндердің, терінің инфекциялары, сондай-ақ жарақаттық инфекциялар иммунитеті әлсіз пациенттердегі инфекция менингит Лайм диссеминацияланған ауруы (ІІ және ІІІ сатылары) Асқазан-ішек жолындағы, өт жолдарындағы, урогенитальды және гинекологиялық аумақтардағы операциялар кезіндегі инфекциялардың периоперациялық профилактикасы, бірақ ықтималды немесе дәлелденген контаминация жағдайында ғана. Антибиотиктерді тиісті пайдалану бойынша ресми ұсынымдарды, әсіресе антибиотиктерге резистенттіліктің жоғарылауының алдын алу үшін қолдану жөніндегі ұсынымдарды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
Цефтриаксон цефтриаксонға, цефалоспориндерге немесе «Қосымша заттардың тізбесі» бөлімінде көрсетілген препараттың қосымша заттарының біріне аса жоғары сезімталдық - анамнездегі бета-лактамды бактерияға қарсы препараттарға (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдер) аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакциялар) - жүрек өткізгіштігінің бұзылуы, жедел декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі Шала туылған нәрестелер: - 41 аптаға дейінгіні қоса, шала туған балалар (жалпы гестациялық + хронологиялық жас) Мерзімі жетіп туылған нәрестелер (28 күндік жасқа дейін): - гипербилирубинемия (билирубиндік энцефалопатия қаупі) - нәрестелерге құрамында кальций бар ерітінділерді вена ішіне енгізу. Құрамында кальций бар ұзаққа созылатын инфузияларды қоса, құрамында кальций бар ерітінділермен вена ішілік емдеу тағайындалған немесе болжанатын жаңа туған нәрестелер (28 күнге дейін), цефтриаксон кальций тұздарының шөгуі салдарынан бүйрек пен өкпенің зақымдану қаупіне байланысты мысалы, парентеральды тамақтану кезінде. Лидокаин Ерітіндіні бұлшықет ішіне енгізер алдында еріткіш ретінде лидокаинді пайдаланған кезде пациентте лидокаинді қолдануға қарсы көрсетілімдер бар-жоғын анықтау керек («Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз). Лидокаинді еріткіш ретінде пайдаланып алынған цефтриаксон ерітіндісін вена ішіне енгізуге болмайды.
Дозасы
Цефазон препаратының дозасы аурудың ағымының ауырлығына, орналасуына, микроорганизмнің түріне және оның цефтриаксонға сезімталдығына, сондай-ақ пациенттің жасына, бүйрек және бауыр функциясына байланысты жеке белгіленеді. Ересектер мен 12 жастан асқан балалар Тәулігіне бір рет (әрбір 24 сағат сайын) 1-2 г. Ауыр инфекцияларда немесе орташа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекцияларда тәуліктік бір реттік дозаны 4 г дейін арттыруға болады. Жаңа туған нәрестелер, сәбилер және 12 жасқа дейінгі балалар Келесі тәуліктік бір реттік дозалар ұсынылады: Жаңа туған нәрестелер (14 күнге дейінгі) Тәулігіне бір рет дене салмағына 20-50 мг/кг; тәуліктік доза 50 мг/кг аспауы тиіс. Цефазон препаратын мерзімінен бұрын жаңа туған нәрестелерде 41 аптаға дейін етеккір тоқтағаннан кейінгі жаста (гестациялық және постнатальды жас жиынтығы) қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Цефазон препаратын құрамында кальций бар препараттардың ұзақ инфузиясын қоса, құрамында кальций бар венаішілік ерітінділермен емдеуді қажет ететін (болжам бойынша) жаңа туған нәрестелерге (≤28 күн), мысалы, парентеральды тамақтану кезінде, цефтриаксон кальций тұздары преципитаттарының түзілу қаупіне байланысты қолдануға болмайды. Жаңа туған нәрестелер, сәбилер және балалар (15 күннен 12 жасқа дейін) Тәулігіне бір рет дене салмағына 20-80 мг/кг. Дене салмағы 50 кг және одан жоғары балаларға ересектерге арналған дозалар тағайындалады. Нәрестелер мен 12 жасқа дейінгі балалардағы дене салмағының кг-на 50 мг және одан жоғары венаішілік дозаларды кем дегенде 30 минут бойы баяу инфузия түрінде енгізу керек. Жаңа туған нәрестелерде билирубин энцефалопатиясының ықтимал қаупін азайту үшін, венаішілік дозаларды 60 минут ішінде енгізу керек. Егде жастағы пациенттер Бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары болмаған жағдайда ≥65 жастағы пациенттерде Цефазон препаратының дозасын түзету талап етілмейді. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы аурудың көрсетілімдері мен ағымына байланысты. Біріктірілген ем Цефазон препараты мен аминогликозидтердің көптеген грамтеріс бактерияларға қатысты синергизмі бар екендігі эксперименталды түрде көрсетілді. Бұл біріктірілімдер тиімділігінің жоғарылауы әрдайым болжанбайтынына қарамастан, оны Pseudomonas aeruginosa туындаған ауыр, өмірге қауіп төндіретін инфекциялардың дамуында оны қолдану ықтималдығын қарастыру керек. Химиялық үйлесімсіздік салдарынан екі дәрілік зат ұсынылған дозада бөлек енгізілуі керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.