+8 бонус

ЦЕФАЗОЛИН-АКОС 1г №1 флакон

9:00-ден кейін қолжетімді
160 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефазолин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Синтез ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде: белсенді зат – натрий цефазолині (цефазолинге шаққанда) 1 г.
Қолданылуы
Цефазолин-АКОС цефазолинге сезімтал қоздырғыштардан туындаған ересектер мен 1 айдан асқан балалардағы ауыр инфекцияларды емдеу үшін қолданылады: S. pneumoniae, клебсиелла, H. influenzae, алтын түстес стафилакокк (пенициллинге сезімтал және пенициллинге төзімді) және А тобының бета-гемолитикалық стрептококктардан туындаған тыныс алу жолдарының инфекциялары; E. coli, Proteus mirabilis және клебсиелладан туындаған несеп шығару және жыныс жолдарының инфекциялары; E. coli, стрептококктардың әртүрлі штамдары, P. mirabilis, клебсиелла және алтын түстес стафилококктан туындаған өт жолдарының инфекциялары; алтын түстес стафилококк (пенициллинге сезімтал және пенициллинге төзімді), А тобындағы бета-гемолитикалық стрептококктардан және стрептококктың басқа штамдарынан туындаған тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары; алтын түстес стафилококктан туындаған сүйек пен буын инфекциялары; S. pneumoniae, Staphylococcus aureus (пенициллинге сезімтал және пенициллинге төзімді), P. mirabilis, E. coli және клебсиелладан туындаған сепсис; алтын түстес стафилококк (пенициллинге сезімтал және пенициллинге төзімді) және А тобындағы бета-гемолитикалық стрептококктан туындаған эндокардит; периоперациялық профилактика: инфекциялық немесе ықтимал инфекциялық деп жіктелген операциядан кейінгі пациенттерде операциядан кейінгі белгілі бір инфекциялардың жиілігін төмендетуге бағытталған операция алдындағы, интраоперациялық және операциядан кейінгі профилактика. Бактерияға қарсы препараттарды дұрыс қолдану мен тағайындауға қатысты ресми ұсыныстарды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
цефалоспориндер тобының препараттарына және басқа беталактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық;
Дозасы
Дозасы, енгізу әдісі және дозалау аралығы инфекцияның ауырлығына, анықталған қоздырғыштардың сезімталдығына және пациенттің жағдайына (мысалы, бүйрек функциясы) байланысты. Бүйрек функциясы бұзылмаған ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер Жоғары сезімтал қоздырғыштардан туындаған инфекциялар Ересектерге арналған әдеттегі доза күніне 1 г-нан 2 г-ға дейінді құрайды, жиілігі – екі немесе үш теңдей доза (әр 8-12 сағат сайын бір дозадан). Сезімталдығы азырақ қоздырғыштардан туындаған инфекциялар Әдеттегі доза күніне 3-тен 4 г-ға дейінді құрайды, жиілігі – үш немесе төрт теңдей доза (әр 6-8 сағат сайын бір дозадан). Ауыр және өмірге қауіп төндіретін инфекциялар кезінде Дозасы күніне 6-дан 12 г-ға дейін, жиілігі үш немесе төрт теңдей дозаны құрайды (әр 6-8 сағат сайын бір дозадан). Операция алдындағы профилактика үшін ересектер мен жасөспірімдерге келесі дозалар ұсынылады: А) операция басталғанға дейін 30-60 минут бұрын вена ішіне немесе бұлшықет ішіне 1 г; Б) ұзақтау операциялық араласулар үшін (мысалы, 2 сағат немесе одан да көп) операция кезінде вена ішіне немесе бұлшықет ішіне 0,5-тен 1 г-ға дейін (енгізу операцияның ұзақтығына байланысты өзгереді); В) операциядан кейін 24 сағат ішінде 6-8 сағат сайын вена ішіне немесе бұлшықет ішіне 0,5-тен 1 г-ға дейін, немесе инфекцияның пайда болуы ерекше қауіп төндіретін хирургиялық араласулар кезінде 3-5 күн бойы. Операция алдындағы кезеңде дозаны енгізу сарысу мен тіндердегі антибиотиктердің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін операция басталғанға дейін 30-60 минут бұрын уақтылы жүргізілуі маңызды, одан өзге инфекция қаупі болған жағдайда сарысу мен тіндерде цефазолиннің талапқа сай мөлшерін қамтамасыз ету үшін препаратты операция кезінде тиісті аралықпен енгізу керек. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек функциясы бұзылған ересек пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған ересектерге кумуляцияны болдырмау үшін дозаны түзету қажет. Дозаны төмендету қандағы препарат деңгейін анықтауға негізделуі мүмкін. Егер бұл мүмкін болмаса, доза креатинин клиренсінің мәніне қарай есептеледі. Бүйрек функциясы бұзылған жағдайда тиісті бастапқы дозаны тағайындау керек. Кейінгі дозалануы бүйрек функциясының бұзылу дәрежесіне, инфекцияның ауырлығына және қоздырғыштың сезімталдығына байланысты болуы керек. Гемодиализдегі пациенттерде емдеу режимі диализ жағдайларына байланысты. Креатинин клиренсі (мл/мин) Сарысудағы креатинин (мг/100 мл) Доза Жиілігі ≥ 55 ≤ 1,5 Стандартты доза Қалыпты жиілік 35–54 1,6–3,0 Стандартты доза 8 сағат сайын немесе одан да көп 11–34 3,1–4,5 Стандартты дозаның жартысы 12 сағат сайын ≤ 10 ≥ 4,6 Стандартты дозаның жартысы 18-24 сағат сайын Сәбилер (1 айдан асқан) және балалар 3-4 қабылдауға тең бөлінген 25-50 мг/кг жалпы тәуліктік доза ауырлық дәрежесі орташа инфекцияларда тиімді. Ауыр инфекциялар кезінде жалпы тәуліктік дозаны 100 мг/кг дейін арттыруға болады. Бүйрек функциясы бұзылған балалар Бүйрек функциясы бұзылған балаларға (ересектер сияқты) дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Дозаны төмендету қандағы антибиотик деңгейін анықтауға негізделуі мүмкін. Егер бұл мүмкін болмаса, дозаны келесі нұсқауларға сәйкес креатинин клиренсін есептеу негізінде анықтауға болады. Бүйрек функциясы бұзылған жағдайда тиісті бастапқы дозаны тағайындау керек. Кейінгі дозалануы бүйрек функциясының бұзылу дәрежесіне, инфекцияның ауырлығына және қоздырғыштың сезімталдығына байланысты болуы керек. Креатинин клиренсі (мл/мин) Тәуліктік доза 70–40 Тәуліктік дозаның 60%-ы 40–20 Тәуліктік дозаның 25%-ы 20–5 Тәуліктік дозаның 10%-ы Шала туылған нәрестелер мен 1 айға дейінгі сәбилер Шала туылған нәрестелер мен 1 айға дейінгі сәбилерде қолдану қауіпсіздігі анықталмаған, бұл пациенттерде цефазолинді қолдану ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Бүйрек функциясы қалыпты егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.