+21 бонус

ЦЕФАЗОЛИН 1,0 г лиофилизат дл/приг. р-ра д/ин. №1 фл

430 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефазолин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құтының ішінде белсенді зат – 0.5 г және 1.0 г натрий цефазолині (цефазолинге шаққанда)
Қолданылуы
Цефазолин натрий тұзы, цефазолинге сезімтал қоздырғыштардан туындаған ересектер мен 1 айдан асқан балалардағы күрделі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады: S. pneumoniae, Klebsiella, H. influenzae, Staph. aureus (пенициллинге сезімтал және пенициллинге төзімді) және А тобының бета-гемолиздік стрептококктарынан туындаған тыныс алу жолдарының инфекциялары. Escherichia coli, P. mirabilis және Klebsiella туындаған несеп шығару жолдары мен кіші жамбас ағзаларының инфекциялары. Ішек таяқшаларынан, стрептококктардың әртүрлі штаммдарынан, P. mirabilis, Klebsiella және Staph. aureus туындаған өт шығару жолдарының инфекциялары. Staph. aureus (пенициллинге сезімтал және төзімді), А тобының бета-гемолиздік стрептококктарынан және стрептококктардың басқа штаммдарынан туындаған тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары. Staph. aureus туындаған сүйек пен буындардың инфекциялары. S. pneumoniae, Staph. aureus (пенициллинге сезімтал және пенициллинге төзімді), P. mirabilis, Escherichia coli және Klebsiella туындаған септицемия. Staph. aureus (пенициллинге сезімтал және пенициллинге төзімді) және А тобының бета-гемолиздік стрептококктарынан туындаған эндокардит. Операция уақытындағы профилактика: операция алдындағы, операция кезіндегі және операциядан кейінгі, хирургиялық араласуларға ұшыраған пациенттерде жұқтыру қаупі немесе жұқтырудың қаупі зор болғанда операциядан кейінгі белгілі бір инфекциялардың жиілігін төмендетуге бағытталған профилактика. Бактерияға қарсы препараттарды орынды пайдалануға және тағайындауға қатысты ресми ұсынымдарды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
цефазолинге және басқа цефалоспориндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық анамнезінде цефалоспориндерге немесе кез келген бета- лактамды басқа антибиотиктерге аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары болуы Лидокаин ерітіндісі еріткіш ретінде пайдаланылатын цефазолинді бұлшықет ішіне енгізер алдында лидокаинге қолдануға болмайтын жағдайлар болмауы тиіс, балаларда еріткіш ретінде тек 1% лидокаин қолданылады, лидокаин ерітіндісін пайдаланып препаратты 1 жастан кіші балаларда қолдануға жол берілмейді.
Дозасы
Дозалау микроорганизмнің сезімталдығына және аурудың ауырлығына байланысты болады. Ересектер • Сезімталдығы жоғары грамоң микроорганизмдерден туындаған инфекцияларда, ересектер үшін әдеттегі доза тәулігіне теңдей екі немесе үш қабылданатын 1–2 г құрайды. • Сезімталдығы азырақ грамоң және грамтеріс агенттерден туындаған инфекцияларда, әдеттегі дозасы күніне теңдей үш немесе төрт қабылданатын 3–4 г құрайды. Эндокардит сияқты өте күрделі инфекцияларда цефазолин күніне 6 г дозаларда тағайындалды. Бүйрек функциясының бұзылуы бар ересектерде жинақталуға жол бермеу үшін неғұрлым төмен доза қажет болуы мүмкін. Осындай төменірек дозалау қандағы деңгейінің негізінде анықталуы мүмкін. Егер бұл мүмкін болса, дозалануын ҚМА және/немесе креатинин клиренсінің негізінде анықтауға болады. 0.5 г бастапқы дозадан кейін демеуші доза үшін бағдар ретінде келесі ұсынымдарды пайдалануға болады. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде Цефазолинмен демеуші ем дозалары Бүйрек функциясының бұзылуы ҚМА* (мг%) Креатинин клиренсі (мл/мин) Грамоң инфекциялар Грамтеріс инфекциялар Жартылай шығарылу уақыты (сағат) Жеңіл бұзылуы 20-34 70-40 0,25–0,5 г әр 8 сағатта 0.5 г -1 г әр 8 сағатта 3-5 Орташа бұзылуы 35-49 40-20 0,125–0,25 г әр 12 сағатта 0,25–0,6 г әр 12 сағатта 6-12 Ауыр бұзылуы 50-75 20-5 0,075–0,15 г әр 24 сағатта 0,15–0,4 г әр 24 сағатта 15-30 * қандағы мочевина азоты Периоперациялық дайындық Инфекциялық (әлеуетті) операцияларда операциядан кейінгі инфекцияланудың алдын алу үшін ұсынылатын дозалары: а. Операция алдында 1 сағат бұрын вена ішіне 30 минут ішінде 1 грамм енгізеді. б. Ұзаққа созылатын операцияларда (2 сағат және одан көп) операция кезінде 0.5 г-ден 1 г дейін вена ішіне енгізеді (дозаны операцияның ұзақтығына байланысты түзетеді). в. Операциядан кейін 24 сағат ішінде әр 6–8 сағат сайын вена ішіне 0.5 г-ден 1 г дейін. Алғашқы хирургиялық кесік кезінде сарысудағы және тіндердегі антибиотиктің талапқа сай деңгейлерін қамтамасыз ету үшін, операция алдындағы дозаның операция басталардан аз уақыт бұрын (30 минуттан бір сағатқа дейін) енгізілуі маңызды; және цефазолин, қажет болса, микроорганизмдердің жоғары әсер ету кезеңдерінде антибиотиктің жеткілікті жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін операция кезінде тұрақты уақыт аралықтарымен енгізіледі. Цефазолинмен профилактиканы операция аяқталғаннан кейін 24 сағаттың ішінде тоқтату орынды. Инфекцияның дамуы ерекше жоғары қауіп төндіретін операцияларда (ашық жүрекке операция немесе эндопротездеу), цефазолинмен профилактиканы операция аяқталғаннан кейін 3–5 күн бойы жалғастыру керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Өте сезімтал грамоң микроорганизмдерден туындаған инфекцияларда, күніне 2–4 қабылдауға бөлінген дене салмағын шаққанда 25–50 мг/кг доза тиімді. Сезімталдығы азырақ грамоң микроорганизмдерден және грамтеріс қоздырғыштардан туындаған инфекцияларда, ұсынылатын ең жоғары доза 3 немесе 4 теңдес дозада дене салмағына 100 мг/кг. Бүйрек функциясының бұзылуы бар балаларда жинақталудың алдын алу үшін төменірек доза қажет болуы мүмкін. Бұл төменірек дозаны қандағы деңгейінің негізінде анықтауға болады. Егер бұл мүмкін болмаса, дозалануын төмендегі нұсқауларға сәйкес креатинин клиренсінің негізінде анықтауға болады. Ауырлығы орташа дәрежедегі бұзылуы бар (креатинин клиренсі 40–20 мл/мин) балаларға әр 12 сағат сайын қабылдауға бөлінген әдеттегі тәуліктік дозаның 25% жеткілікті болады. Ауыр бұзылулары бар балаларға (креатинин клиренсі 20–5 мл/мин) әр 24 сағат сайын қабылданатын әдеттегі тәуліктік дозаның 10% жеткілікті болады. Бұл ұсынымдардың бәрі бастапқы старттық дозаны қабылдаудан кейін жарамды. Сондай-ақ 4.4 «Айрықша нұсқаулар және қолдану кезіндегі сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз. Шала туғандар және 1 айға дейінгі нәрестелер Шала туған балалар мен бір айға дейінгі балаларда қолдану қауіпсіздігі анықталмағандықтан, бұл пациенттерде Цефазолинді қолдану ұсынылмайды. Сондай-ақ 4.4 «Айрықша нұсқаулар және қолдану кезіндегі сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз. Егде жастағы пациенттер Бүйрек функциясы қалыпты егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет жоқ Енгізу әдісі және жолы Препаратты бұлшықет ішіне (б/і) немесе вена ішіне (в/і) сорғалатып немесе тамшылатып енгізу керек. Құрамында лидокаин бар цефазолин ерітінділерін ешбір жағдайда вена ішіне енгізуге болмайды. Дәрілік препаратты қолданар алдында еріту жөніндегі нұсқаулық: Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінділерді дайындау Бұлшықет ішіне енгізу үшін құтының ішіндегіні инъекцияға арналған 3–5 мл стерильді суда немесе 0,5% лидокаин ерітіндісінде ерітеді, еріту кезінде құтының ішіндегі толық ерігенге дейін қатты сілкілеу қажет және бұлшықет ішіне тереңдетіп енгізеді. Құрамында лидокаин бар ерітіндіні вена ішіне енгізуге болмайды. Вена ішіне сорғалатып енгізуге арналған ерітінділерді дайындау Вена ішіне сорғалатып енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын натрий хлоридінің 10 мл изотониялық ерітіндісінде сұйылтады және 3–5 минут бойы баяу енгізеді. Вена ішіне тамшылатып енгізуге арналған ерітінділерді дайындау Вена ішіне тамшылатып енгізген кезде 0,5–1,0 г препаратты натрий хлоридінің 100–250 мл изотониялық ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылтады; инфузияны 20–30 минут бойы жүргізеді. Сұйылту кезінде құтының ішіндегісі түгел ерігенше қатты сілкілеу қажет. Емдеу ұзақтығы Аурудың ағымына байланысты. Антибиотиктермен емдеудің қағидаларына сәйкес Цефазолинмен емдеуді қызба басылғаннан кейін кем дегенде 2–3 күн бойы немесе қоздырғыштың эрадикациясы расталғанға дейін жалғастыру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.