+18 бонус

ЦЕФАЗОЛИН 1 гр №1 фл. Красфарма

365 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефазолин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Красфарма ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 құтының ішінде: белсенді зат Натрий цефазолині цефазолинге шаққанда – 1.0 г. қосымша заттар – жоқ.
Қолданылуы
Цефазолинге сезімтал микроорганизмдер тудырған бактериялық инфекциялар: - тыныс жолдарының инфекциялары - несеп шығару және жыныс жолдарының инфекциялары - өт шығару жолдарының инфекциялары - терінің, жұмсақ тіндердің, сүйектер мен буындардың инфекциялары, остеомиелитті қоса - бактериялық эндокардит - сепсис - инфекциялар дамуының периоперациялық профилактикасы (цефазолинді профилактикалық қолдану операциядан кейінгі кезеңде инфекцияның даму ықтималдығын төмендетуі мүмкін). Антибиотиктерге микроорганизмдердің in vitro сезімталдығы географиялық аймаққа байланысты және уақыт өтуімен өзгереді. Сондықтан бактерияға қарсы емді таңдағанда қоздырғыштардың төзімділігі туралы жергілікті деректерді ескеру қажет. Емді антибиотиктерге сезімталдық тестісінің нәтижелерін алуға дейін эмпирикалық түрде бастауға болады, бірақ мүмкіндік болса, бөлінген қоздырғыштың бактерияға қарсы препараттарға сезімталдығын анықтап алу керек.
Қарсы көрсетілімдер
- цефазолинге және басқа цефалоспориндерге аса жоғары сезімталдық - кез келген басқа бета-лактамды антибиотиктерге (пенициллиндер, монобактамдар, карбапенемдер) ауыр аса жоғары сезімталдық реакцияларының (мысалы, анафилактоидты реакциялардың) анамнезде болуы - 1 айға дейінгі жаңа туған нәрестелік кезеңі, оның ішінде шала туған нәрестелер. Лидокаин ерітіндісін еріткіш ретінде пайдаланғанда – лидокаинді қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
Дозасы
Препарат дозалары және емдеу курсының ұзақтығы инфекция ағымының ауырлығы мен орналасуын, сондай-ақ қоздырғыштың ықтимал сезімталдығын ескере отырып, әркімге жеке белгіленеді. Ересектерде қолдану Инфекция түрі Бір реттік доза Енгізу жиілігі Сезімтал грам-оң кокктар туғызған ауырлығы жеңіл дәрежедегі инфекциялар 0,5-1 г Әр 8 сағат сайын Пневмококкты пневмония 0,5 г Әр 12 сағат сайын Несеп шығару жолдарының асқынбаған жедел инфекциялары 1 г Әр 12 сағат сайын Ауырлығы орташа немесе ауыр дәрежедегі инфекциялар 0,5-1 г Әр 6-8 сағат сайын Өмірге қатерлі инфекциялар (мысалы, сепсис, бактериялық эндокардит)* 1-1,5 г Әр 6 сағат сайын *сирек жағдайларда тәулігіне 12 г дейінгі дозалар қолданылады. Периоперациялық профилактика Бірінші доза – 1 г цефазолин вена ішіне (в/і) немесе бұлшықет ішіне (б/і) хирургиялық операция басталуына дейін 30 минут – 1 сағат бұрын енгізілу керек. Ұзаққа созылатын хирургиялық операцияларда (2 сағат және одан көп) операция кезінде тікелей 0,5-1 г препарат қосымша енгізіледі. Қажет болса, операциядан кейін 24 сағат ішінде 0,5-1 г препаратты 6-8 сағат аралықпен в/і немесе б/і енгізеді. Егер ықтималды инфекция пациентке елеулі қатер төндірсе (мысалы, жүрекке операциядан кейін немесе буынды толық ауыстыру сияқты күрделі ортопедиялық операциядан кейін), араласудан кейін 3-5 күн ішінде цефазолин енгізуді жалғастыру ұсынылады. Хирургиялық тілік жасау кезінде қан сарысуында және тіндерде антибиотиктің жеткілікті концентрациялары болу үшін жоғарыда көрсетілген цефазолиннің бірінші дозасын енгізу уақытын қадағалау маңызды. Анаэробты инфекцияның жоғары даму қаупі жағдайында (мысалы, жуан ішекке операциялық араласудан кейін) анаэробтарға қатысты белсенді препаратты қосымша қолдану ұсынылады. Бүйрек функциясының бұзылуы бар ересек пациенттерде дозаны түзету Креатинин клиренсі (КК) (мл/мин × 1,73 м2) Креатинин концентрациясы (мг/100 мл) Доза (бастапқыдан %) Енгізулер арасындағы үзілістер ≥ 55 ≤ 1,5 100% Дозаны түзету қажет емес 35-54 1,6-3,0 100% 8 сағат 11-34 3,1-4,5 50% 12 сағат ≤ 10 ≥ 4,6 50% 18-24 сағат Барлық ұсынылған дозалар инфекция көрсетілімі мен ауырлығына сәйкес келетін бастапқы дозадан кейін енгізіледі. Гемодиализде жүрген пациенттерде дозалау сызбасы қолданылатын диализ режиміне байланысты. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. 1 айдан 18 жасқа дейінгі балаларда қолдану Ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі инфекциялардың көпшілігін емдеу үшін 3-4 енгізуге бөлінген 25-50 мг/кг тәуліктік доза жеткілікті. Ауыр инфекциялар жағдайында тәуліктік дозаны ең жоғары ұсынылатын 100 мг/кг дозаға дейін арттыруға болады. Жаңа туған нәрестелерде препаратты қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Бүйрек функциясының бұзылуы бар балаларда дозаны түзету КК 70-40 мл/мин/1,73 м2 құрайтын балаларға 12 сағат өткен соң цефазолиннің орташа тәуліктік дозасынан 60% енгізіледі. КК 39-20 мл/мин/1,73 м2 балаларға 12 сағат өткен соң препараттың орташа тәуліктік дозасынан 25% енгізіледі. КК 19-5 мл/мин/1,73 м2 кезінде цефазолиннің орташа тәуліктік дозасының 10%-ы 24 сағат аралықпен енгізіледі. Барлық ұсынылған дозалар инфекцияның ауырлығына сәйкес келетін бастапқы дозадан кейін енгізіледі. Енгізу әдісі және жолы Цефазолин тек парентеральді енгізуге арналған – препаратты в/і (сорғалатып немесе тамшылатып) немесе терең б/і енгізу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.