+131 бонус

ЦЕФАМЕД 1г №1 флак

2620 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефтриаксон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Египет
  • Өндіруші: УОРЛД МЕДИЦИН ЛИМИТЕД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құты препарат құрамында белсенді зат - 500 мг немесе 1000 мг цефтриаксон (цефтриаксон натрий түрінде), Бір ампула еріткіш құрамында белсенді зат - 20 мг немесе 35 мг лидокаин  гидрохлориді, қосымша заттар: натрий хлориді, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Цефтриаксонға сезімтал қоздырғыштар тудыратын инфекциялар: тыныс алу жолдарының инфекциясы, әсіресе пневмония, сондай-ақ ЛОР -ағзалар инфекциялары абдоминальді инфекциялар (перитонит, өт жолдарының, сондай-ақ асқазан-ішек жолдарының инфекциялары) бүйрек және несеп шығару жолдарының инфекциялары жыныс мүшелерінің инфекциялары, соның ішінде гонорея сепсис сүйек, буын, жұмсақ тіндер, тері инфекциялары, сондай-ақ жара инфекциялары иммунитеті төмен пациенттердегі инфекциялар менингит диссеминацияланған Лайм ауруы (II және III кезеңдер). Асқазан-ішек жолдарындағы, өт жолдарындағы, урогенитальді және гинекологиялық аумақтардағы операциялар кезінде инфекциялардың периоперативті профилактикасы, бірақ әлеуетті немесе дәлелденген контаминация жағдайында ғана. Антибиотиктерді дұрыс пайдалану бойынша ресми нұсқауларды, әсіресе антибиотиктерге төзімділіктің жоғарылауын болдырмау үшін қолдану жөніндегі нұсқауларды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
цефтриаксонға, цефалоспориндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық анамнезінде басқа бета-лактамдық бактерияға қарсы препараттарға (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдер) аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакциялар) еріткіш-лидокаинге аса жоғары сезімталдық. Лидокаинді қолдана отырып, цефтриаксонды бұлшықет ішіне енгізер алдында лидокаинге қарсы көрсетілімдердің болуын жоққа шығару керек. Лидокаинді қолдануға болмайтын жағдайлар лидокаинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта келтірілген: Лидокаинге немесе басқа амидті анестетиктерге белгілі аса жоғары сезімталдық Жүректің толық блокадасы Гиповолемия Құрамында лидокаин бар цефтриаксон ерітінділерін вена ішіне енгізуге болмайды. жүрек өткізгіштігінің бұзылуы жедел декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі 41 аптаға дейін шала туған нәрестелер (жиынтық гестациялық және постнатальді жас) цефтриаксонның әсерімен сарысулық альбуминмен байланысынан билирубиннің ығысуы себепті билирубиндік энцефалопатияның даму қаупіне байланысты гипербилирубинемиясы бар жаңа туған нәрестелер жаңа туған нәрестелер мен құрамында кальций бар ерітінділер: Цефамед препаратын өлімге әкелетін өкпе мен бүйректегі цефтриаксон кальций тұздарының преципитаттарының түзілу қаупіне байланысты, мысалы, парентеральді тамақтану кезінде құрамында кальций бар препараттардың ұзақ инфузиясын қоса, құрамында кальций бар ерітінділерді вена ішіне енгізуді қажет ететін немесе қажет етуі мүмкін жаңа туған нәрестелерге (28 күнге дейінгі) қолдануға болмайды. Цефтриаксон және құрамында кальций бар ерітінділерді қабылдаған жаңа туған нәрестелерде өлімнің бірнеше жағдайы тіркелді, бұл ретте аутопсия кезінде өкпе мен бүйректе преципитаттар табылды. Осы жағдайлардың кейбірінде цефтриаксон мен құрамында кальций бар ерітінділерді енгізу үшін бірдей инфузиялық желі қолданылды, ал басқа жағдайларда инфузиялық желіде тұнба табылды. Цефтриаксон мен құрамында кальций бар ерітінділер әртүрлі уақытта және әртүрлі инфузиялық желілер арқылы енгізілгенде, кем дегенде бір неонатальді өлім жағдайы туралы хабарланды; аутопсия кезінде преципитаттар табылған жоқ. Жаңа туған нәрестелерден басқа пациенттердің басқа жас санаттарына қатысты мұндай хабарламалар болған жоқ.
Дозасы
Дозалау Бұлшықет ішіне (б/і) енгізу үшін құрамында лидокаин бар еріткіш қолданылады. Сондықтан цефтриаксонды бұлшықет ішіне енгізер алдында лидокаинді қолдануға кез келген қарсы көрсетілімдерді жоққа шығару керек. 15 жасқа дейінгі балаларда Цефамед препаратының ұнтағын еріткіш ретінде лидокаинді қолдануға тыйым салынады. 15 жасқа дейінгі балаларда кейіннен бұлшықет ішіне енгізу үшін Цефамед препараты ұнтағының еріткіші ретінде инъекцияға арналған суды қолдану керек. Бұлшықет ішіне енгізуді үлкен бұлшықеттерге жасау керек, бір бұлшықетке ең көбі 1 г енгізу керек. Лидокаинді еріткіш ретінде қолданған кезде алынған цефтриаксон ерітіндісін вена ішіне енгізуге болмайды! Лидокаинді еріткіш ретінде қолданған кезде пациенттерде лидокаинге теріішілік аллергиялық сынама жүргізу ұсынылады. Лидокаинді еріткіш ретінде қолданған кезде, ерітіндіні енгізер алдында пациентте лидокаинді қолдануға қарсы көрсетілімдердің болуын жоққа шығару керек (лидокаин дәрілік препаратының қысқаша сипаттамасын қараңыз), сондай-ақ анамнезінде лидокаинге аллергиялық реакцияларды ескеру керек. Ересектер мен 12 жастан асқан балалар Тәулігіне бір рет 1-2 г (24 сағат сайын). Ауыр инфекцияларда немесе орташа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекцияларда тәуліктік бір реттік доза 4 г дейін арттырылуы мүмкін. Жаңа туған нәрестелер, сәбилер және 12 жасқа дейінгі балалар Келесі тәуліктік бір реттік дозалар ұсынылады: Жаңа туған нәрестелер (14 күнге дейін) Тәулігіне бір рет дене салмағына 20-50 мг/кг; тәуліктік доза 50 мг/кг аспауы керек. Цефамед препаратын етеккірден кейінгі 41 аптаға дейінгі шала туған нәрестелерде (жиынтық гестациялық және постнатальді жас) қолдануға болмайды. Цефамед препаратын жаңа туған нәрестелерге (≤28 күн) қолдануға болмайды, олар (болжам бойынша) құрамында кальций бар венаішілік ерітінділермен емдеуді қажет етеді, соның ішінде кальций бар препараттардың ұзақ инфузиясы, мысалы, цефтриаксон кальций тұздарының преципитаттарының түзілу қаупіне байланысты парентеральды тамақтану кезінде. Жаңа туған нәрестелер, сәбилер және балалар (15 күннен бастап 12 жасқа дейін) Тәулігіне бір рет дене салмағына 20-80 мг / кг. Дене салмағы 50 кг және одан жоғары балаларға ересектерге арналған әдеттегі дозаны қолдану керек. Нәрестелер мен 12 жасқа дейінгі балаларға дене салмағының әр кг-на 50 мг немесе одан да көп венаішілік дозаларды кем дегенде 30 минут бойы баяу инфузия түрінде енгізу керек. Жаңа туған нәрестелерге билирубиндік энцефалопатияның ықтимал қаупін азайту үшін венаішілік дозаларды 60 минут ішінде енгізу керек. Егде жастағы пациенттер Бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары болмаған жағдайда ≥65 жастағы пациенттерде Цефамед препаратының дозасын түзету талап етілмейді. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы аурудың көрсеткіштері мен ағымына байланысты. Біріктірілген ем Цефтриаксон мен аминогликозидтердің көптеген грамтеріс бактерияларға қатысты синергизмі бар екендігі эксперименттік түрде көрсетілді. Бұл біріктірілімдердің тиімділігінің жоғарылауы әрдайым болжанбайтынына қарамастан, оны Pseudomonas aeruginosa тудырған ауыр, өмірге қауіп төндіретін инфекциялардың дамуы кезінде қолдану туралы мүмкіндікті қарастыру керек. Химиялық үйлесімсіздік салдарынан екі дәрілік зат та ұсынылған дозада бөлек енгізілуі тиіс. Цефтриаксонмен химиялық үйлесімсіздік амсакрин, ванкомицин және флуконазолды вена ішіне енгізгенде де байқалды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.