+124 бонус

ЦЕФ-III + лидокаин 1 г 1 флак б/раст

2490 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефтриаксон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: КАЗАХСТАН
  • Өндіруші: Химфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құтының ішінде белсенді зат - натрий цефтриаксоны (цефтриаксонға шаққанда) 1.0 г, еріткіш «Лидокаин гидрохлориді, инъекцияға арналған 1% ерітінді - 3.5 мл» Бір ампуланың (3.5 мл препарат) ішінде белсенді зат – лидокаин гидрохлориді (100% затқа шаққанда) 35.0 мг қосымша заттар: 0.1 М натрий гидроксидінің ерітіндісі, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
Цефтриаксонға сезімтал патогендерден туындаған инфекциялар бактериялық менингитте тыныс алу жолдарының инфекциялары, әсіресе пневмония, сондай-ақ ЛОР-ағзалардың инфекцияларында құрсақ қуысы ағзаларының инфекцияларында (перитонит, өт жүретін түтіктердің және асқазан-ішек жолдарының инфекциялары) бүйрек және несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында (пиелонефритті қоса) сүйек, буындардың, жұмсақ тіндердің, терінің инфекцияларында және жара инфекцияларында созды қоса, жыныс ағзаларының инфекциялары сепсис ересек пациенттердегі және 15 күннен асқан жаңа туған нәрестелерді қоса, балалардағы диссеминацияланған Лайм-боррелиозда (II және III сатылары) иммундық қорғанышы әлсіреген пациенттердегі инфекцияларда Асқазан-ішек жолдарында, өт жүретін түтіктерде, урогениталдық және гинекологиялық аймақтардағы операциялардағы инфекциялардың, бірақ ықтимал немесе белгілі бір жұқтыру жағдайында ғана болатын операция кезеңіндегі профилактикасы. Антибиотиктерді тиісінше қолдану бойынша ресми ұсыныстарды, атап айтқанда антибиотикке төзімділіктің артуын болдырмау үшін оларды қолдану жөніндегі ұсыныстарды орындау қажет.
Қарсы көрсетілімдер
цефтриаксонға, цефалоспориндерге немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. бактерияға қарсы бета-лактамды препараттарға (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдер) аса жоғары сезімталдықтың анамнездегі ауыр реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакциялар). еріткіші – лидокаинге аса жоғары сезімталдық. Лидокаинді пайдаланып цефтриаксонның бұлшықетішілік инъекциясын жүргізер алдында лидокаинге қарсы көрсетілімдердің бар-жоқтығын анықтау қажет. Лидокаинді қолдануға болмайтын жағдайлар лидокаинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта келтірілген. Белсенді заты лидокаинге немесе анилидті типтегі басқа жергілікті анестетиктерге белгілі жоғары сезімталдық.
Дозасы
Бұлшықет ішіне (б/і) енгізу үшін құрамында лидокаин бар еріткіш пайдаланылады. Сол себепті цефтриаксонды бұлшықет ішіне енгізу алдында лидокаинге кез келген қарсы көрсетілімнің бар-жоғын анықтау керек (“Қолдануға болмайтын жағдайлар” бөлімін қараңыз). Лидокаинді 15 жасқа толмаған балаларда Цеф III®+Лидо препараты ұнтағының еріткіші ретінде пайдалануға тыйым салынады. 15 жасқа дейінгі балаларда Цеф III®+ Лидо препаратының ұнтағын еріткіш ретінде кейіннен бұлшықет ішіне енгізу үшін инъекцияға арналған суды пайдалану керек. Бұлшықет ішіне енгізуді ірі бұлшықеттерге орындау керек, бір бұлшықетке 1 г-ден артық енгізуге болмайды. Лидокаинді еріткіш ретінде пайдаланған кезде цефтриаксонның алынған ерітіндісін вена ішіне енгізуге болмайды! 15 жастан асқан пациенттерде лидокаинді еріткіш ретінде пайдаланған кезде лидокаинге теріішілік аллергиялық сынама жүргізу ұсынылады. Лидокаинді еріткіш ретінде пайдаланған кезде ерітіндіні енгізер алдында пациентте лидокаинді қолдануға қарсы көрсетілімдердің жоқ екенін анықтау (лидокаин дәрілік препаратының қысқаша сипаттамасын қараңыз), сондай-ақ анамнездегі лидокаинге аллергиялық реакцияларға назар аудару керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.