+150 бонус

ЦЕФ-3 Порошок д/приготовления ра-ра д/вв. и вм. введения 1г №5 фл

3000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефтриаксон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құтының ішінде белсенді зат - натрий цефтриаксоны 0.5 г, 1.0 г (цефтриаксонға шаққанда)
Қолданылуы
Цефтриаксонға сезімтал қоздырғыштардан туындаған инфекцияларда: тыныс алу жолдарының инфекциялары, әсіресе пневмония, сондай-ақ ЛОР-ағзалардың инфекциялары абдоминальді инфекциялар (перитонит, өт жолдарының, сондай-ақ асқазан-ішек жолының инфекциялары) бүйрек және несеп шығару жолдарының инфекциялары созды қоса, жыныс ағзаларының инфекциялары сепсис сүйектердің, буындардың, жұмсақ тіндердің, терінің инфекциялары, сондай-ақ жарақат инфекциялары иммунитеті әлсіреген пациенттердегі инфекциялар менингит диссеминацияланған Лайм ауруы (II және III сатылары) Асқазан-ішек жолындағы, өт жолдарындағы, урогенитальді және гинекологиялық аймақтардағы инфекциялардың операция алдындағы профилактикасы, бірақ әлеуетті немесе дәлелденген контаминация жағдайларында ғана. Антибиотиктерді тиісті түрде пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларға, әсіресе антибиотиктерге резистенттіліктің жоғарылауының алдын алу үшін қолдану жөніндегі нұсқауларға назар аудару қажет.
Қарсы көрсетілімдер
-цефтриаксонға, цефалоспориндерге немесе кез-келген қосалқы заттарға аса жоғары сезімталдық. анамнезде бактерияға қарсы басқа бета-лактамдық препараттарға (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдер) аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакциялар) еріткіші – лидокаинге аса жоғары сезімталдық. Лидокаинді пайдаланып цефтриаксонның бұлшықет ішіне инъекциясын жүргізер алдында лидокаинге қарсы көрсетілімдердің бар-жоқтығын анықтау қажет. Лидокаинді қолдануға болмайтын жағдайлар лидокаинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта келтірілген.
Дозасы
Лидокаинді 15 жасқа толмаған балаларға Цеф III® препараты ұнтағының еріткіші ретінде қолдануға тыйым салынады. 15 жасқа дейінгі балаларда Цеф III® препаратының ұнтағына еріткіш ретінде кейіннен бұлшықет ішіне енгізу үшін инъекцияға арналған суды пайдалану керек. Бұлшықет ішіне енгізуді ірі бұлшықеттерге орындау керек, бір бұлшықетке 1 г-нан артық енгізбейді. Лидокаинді еріткіш ретінде пайдаланған кезде цефтриаксонның алынған ерітіндісін вена ішіне енгізуге болмайды! 15 жастан асқан пациенттерде лидокаинді еріткіш ретінде пайдаланған кезде лидокаинге тері ішілік аллергиялық сынама жүргізу ұсынылады. Лидокаинді еріткіш ретінде пайдаланған кезде ерітіндіні енгізер алдында пациентте лидокаинді қолдануға қарсы көрсетілімдердің жоқ екенін анықтау (лидокаин дәрілік препаратының қысқаша сипаттамасын қараңыз), сондай-ақ анамнездегі лидокаинге аллергиялық реакцияларға назар аудару керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.