+30 бонус

ЦЕФ-3 1 г №1 фл

600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефтриаксон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Химфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір құтының ішінде белсенді зат - натрий цефтриаксоны (цефтриаксонға шаққанда) 0.5 г, 1.0 г
Қолданылуы
Цефтриаксонға сезімтал қоздырғыштардан туындаған инфекцияларда: тыныс алу жолдарының инфекциялары, әсіресе пневмония, сондай-ақ ЛОР-ағзалардың инфекциялары абдоминальді инфекциялар (перитонит, өт жолдарының, сондай-ақ асқазан-ішек жолының инфекциялары) бүйрек және несеп шығару жолдарының инфекциялары созды қоса, жыныс ағзаларының инфекциялары сепсис сүйектердің, буындардың, жұмсақ тіндердің, терінің инфекциялары, сондай-ақ жарақат инфекциялары иммунитеті әлсіреген пациенттердегі инфекциялар менингит ересек пациенттер мен 15 күннен асқан жаңа туғандарды қоса, балалардағы диссеминацияланған Лайм ауруында (II және III сатысы) Асқазан-ішек жолындағы, өт жолдарындағы, урогенитальді және гинекологиялық аймақтардағы инфекциялардың операция алдындағы профилактикасы, бірақ әлеуетті немесе дәлелденген контаминация жағдайларында ғана. Антибиотиктерді тиісті түрде пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларға, әсіресе антибиотиктерге резистенттіліктің жоғарылауының алдын алу үшін қолдану жөніндегі нұсқауларға назар аудару қажет.
Қарсы көрсетілімдер
цефтриаксонға, цефалоспориндерге немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық анамнезде бактерияға қарсы басқа бета-лактамдық препараттарға (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдер) аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакциялар) еріткіші – лидокаинге аса жоғары сезімталдық. Лидокаинді пайдаланып цефтриаксонның бұлшықетішілік инъекциясын жүргізер алдында лидокаинге қарсы көрсетілімдердің бар-жоқтығын анықтау қажет. Лидокаинді қолдануға болмайтын жағдайлар лидокаинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта келтірілген. Құрамында лидокаин бар цефтриаксон ерітінділерін вена ішіне енгізуге болмайды 41 аптаны қоса алғанға дейінгі (гестациялық және постнатальді жастың қосындысы) мерзімі жетпеген жаңа туған нәрестелер гипербилирубинемиясы бар жаңа туған нәрестелер, цефтриаксонның ықпалымен билирубиннің сарысулық альбуминмен байланысудан ығыстырылуы себебінен билирубиндік энцефалопатияның даму қаупіне орай жаңа туған нәрестелер және құрамында кальций бар ерітінділер: Цеф III® препаратын, құрамында кальций бар ерітінділерді вена ішіне енгізу қажет немесе қажет болуы мүмкін жаңа туған нәрестелерге (жасы 28 күнге дейінгі) құрамында кальций бар препараттардың ұзаққа созылатын инфузияларын қоса, мысалы, парентеральді тамақтандыру кезінде, өкпеде және бүйректе өлімге әкеліп соғатын цефтриаксонның кальций тұздары преципитаттарының түзілу қаупіне орай, қолдануға болмайды. жүрек өткізгіштігінің бұзылуы жедел іркілісті жүрек жеткіліксіздігі Цефтриаксон және құрамында кальций бар ерітінділерді алған жаңа туған нәрестелерде өліммен аяқталған бірнеше оқиғалар тіркелді, бұл ретте өкпеде және бүйректе аутопсия кезінде преципитаттар анықталды. Осы жағдайлардың кейбіреуінде цефтриаксон препаратын және құрамында кальций бар ерітінділерді енгізу үшін бір ғана инфузиялық желі пайдаланылды, басқа жағдайларда инфузиялық желіде тұнба анықталды. Цефтриаксон және құрамында кальций бар ерітінділер әртүрлі уақытта және әртүрлі инфузиялық желілер арқылы енгізілген кезде кем дегенде бір неонатальді өлім оқиғасы туралы хабарланды; аутопсия кезінде преципитаттар анықталмады. Жаңа туған нәрестелерден басқа пациенттердің жас санаттарына қатысты осындай хабарламалар келіп түскен жоқ .
Дозасы
Бұлшықет ішіне (б/і) енгізу үшін құрамында лидокаин бар еріткіш қолданылады. Осы себепті цефтриаксонды бұлшықет ішіне енгізер алдында лидокаинге кез келген қарсы көрсетілімнің бар-жоғын анықтау керек. Лидокаинді 15 жасқа толмаған балаларда Цеф III® препараты ұнтағының еріткіші ретінде қолдануға тыйым салынады. 15 жасқа дейінгі балаларда Цеф III® препаратының ұнтағына еріткіш ретінде кейіннен бұлшықет ішіне енгізу үшін инъекцияға арналған су пайдалану керек. Бұлшықет ішіне енгізуді ірі бұлшықеттерге орындау керек, бір бұлшықетке 1 г-ден артық енгізбейді. Лидокаинді еріткіш ретінде пайдаланған кезде цефтриаксонның алынған ерітіндісін вена ішіне енгізуге болмайды! 15 жастан асқан пациенттерде лидокаинді еріткіш ретінде пайдаланған кезде лидокаинге тері ішілік аллергиялық сынама жүргізу ұсынылады. Лидокаинді еріткіш ретінде пайдаланған кезде ерітіндіні енгізер алдында пациентте лидокаинді қолдануға қарсы көрсетілімдердің жоқ екенін анықтау (лидокаин дәрілік препаратының қысқаша сипаттамасын қараңыз), сондай-ақ анамнездегі лидокаинге аллергиялық реакцияларға назар аудару керек. Ересектер мен 12 жастан асқан балалар Тәулігіне бір рет 1-2 г (әр 24 сағат сайын). Ауыр инфекциялар немесе сезімталдығы орташа микроорганизмдерден туындаған инфекциялар кезінде, тәуліктік бір реттік дозасын 4 г дейін арттыруға болады. Жаңа туған нәрестелер, сәбилер және 12 жасқа дейінгі балалар Келесі тәуліктік бір реттік дозалары ұсынылады: Жаңа туған (14 күндікке дейінгі) нәрестелер Дене салмағына тәулігіне бір рет 20-50 мг/кг; тәуліктік дозасы 50 мг/кг аспауы тиіс. Цеф III® препаратын 41 апта мерзімге дейін (гестациялық және постнатальді жасының жиынтығы) шала туған нәрестелерде қолдануға болмайды . Құрамында кальций бар препараттардың ұзаққа созылатын инфузияларын қоса, құрамында кальций бар венаішілік ерітінділермен емдеу қажет болатын (болжам бойынша), мысалы, парентеральді қоректендіріліп жүрген жаңа туған (≤28 күн) нәрестелерге Цефтриаксонның кальций тұздары преципитаттарының түзілуі қаупіне байланысты, Цеф III® препаратын қолдануға болмайды. Жаңа туған нәрестелер, сәбилер мен балалар (жасы 15 күннен бастап 12 жасқа дейін ) Дене салмағына тәулігіне бір рет 20-80 мг/кг. Дене салмағы 50 кг және одан жоғары балаларға әдеттегі ересектер дозасын пайдалануға болады. Егде жастағы пациенттер ≥65 жастағы пациенттерде бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары болмаған жағдайда, Цеф III® препаратының дозасын түзету қажет емес. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы көрсетілімдеріне және аурудың ағымына тәуелді. Біріктірілген ем Эксперимент жүзінде, цефтриаксон мен аминогликозидтер көптеген грамтеріс бактерияларға қатысты синергизмге ие екендігі көрсетілді. Аталған біріктірілімдердің тиімділігінің жоғарылығы әрдайым болжана бермейтініне қарамастан, оны Pseudomonas aeruginosa туғызған, ауыр, өмірге қауіп төндіретін инфекциялар дамыған жағдайда қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Химиялық тұрғыдан үйлесімсіздігінің салдарынан, екі дәрілік затты ұсынылған дозасында бөлек-бөлек енгізу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.