+131 бонус

БУСКОПАН 10 мг №20 таб

2620 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бутилскополамин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: А.Наттерманн и Сие. ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - 10 мг гиосцин бутилбромиді, қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, кептірілген жүгері крахмалы, еритін жүгері крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы, шарап қышқылы, стеарин қышқылы, қабықтың құрамы: поливинилпирролидон, сахароза, тальк, гумми арабик (арабия шайыры), титанның қостотығы (Е171), макрогол 6000, карнауб балауызы, ақ балауыз.
Қолданылуы
асқазан-ішек жолы түйілуінің жеңіл және орташа ауырлығын емдеу үшін және тітіркенген ішек синдромындағы іштің түйіліп ауыруын емдеу үшін
Қарсы көрсетілімдер
гиосцин бутилбромидке немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғарғы сезімталдық миастения гравис мегаколон асқазан-ішек жолының механикалық тарылуы салданған немесе обструктивті илеус субвезикальді обструкциямен несеп шығарудың іркілуі (мысалы, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы) жабық бұрышты глаукома тахикардия және тахиаритмия туа біткен фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектерге: 1-2 таблеткадан күніне 3 рет (бір реттік доза 10-20 мг гиосцин бутилбромиді, ең жоғары тәуліктік доза 60 мг гиосцин бутилбромиді). 6 жастан асқан балаларға: 1 таблеткадан күніне 1-2 рет (бір реттік доза 10 мг гиосцин бутилбромиді, ең жоғары тәуліктік доза 20 мг гиосцин бутилбромиді). Бускопан® ауырсыну себебі анықталмай 5 күннен артық қабылдауға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді. Таблеткаларды судың жеткілікті мөлшерімен ішіп, толықтай жұтқан жөн. Емдеу ұзақтығы Бускопан® іштің ауырсынуының себебін анықтамай, күнделікті негізде немесе ұзақ уақыт бойы ұзақ уақыт қабылдауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.