+278 бонус

БУПИВАКАИН ГРИНДЕКС СПИНАЛ 5мг/мл 4 мл №5 амп

5560 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бупивакаин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Литва
  • Өндіруші: АО Гриндекс
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат: бупивакаин гидрохлориді (сусыз затқа шаққанда) - 5 мг; қосымша заттар: натрий хлориді – 8 мг; 0,1 М хлорсутек қышқылының ерітіндісі/0,1 М натрий гидроксидінің ерітіндісі pH 4,0-6,5 дейін, 1 мл дейінгі инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- хирургиялық араласулар кезіндегі жұлын (субарахноидальді) анестезиясында - аяққа жасалатын хирургиялық операцияларда, соның ішінде 2,0 –ден  2,5 сағатқа дейін созылатын санға жасалатын операцияларда
Қарсы көрсетілімдер
- бупивакаинге және басқа да амид типтес жергілікті анестетикке немесе қосымша заттарының біріне жоғары сезімталдық - орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) жедел ауруы, мысалы, менингит, ОЖЖ ісіктері, полиомелит, бассүйекішілік қан құйылу - остеохондроз, спондилит, ісіктер немесе таяуда өткерілген омыртқа бағанының жарақаты - септицемия - жұлынның біріктірілген жеделге жуық дегенерациясымен пернициозды анемия - пункция аумағындағы немесе пункция тұсына іргелес аумақтардағы терінің пиогенді инфекциясы - кардиогенді немесе гипогликемиялық шок - қан ұйығыштығының бұзылуы немесе антикоагулянттар қабылдау - құрсақішілік қысымның жоғарылауы - жүктілік Төмендегі жағдайларда сақтықпен тағайындау керек: - ауыр жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі (үдеуі мүмкін), жүрек блокадасы, аритмияға қарсы дәрілік заттарды (бета-адреноблокаторларды қоса) бір мезгілде тағайындау - қабыну аурулары - холинэстераза тапшылығы - бүйрек жеткіліксіздігі, егде жастар (65 жастан асқан), жалпы ауыр жағдай, бауыр қан ағымының төмендеуі (мысалы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде, бауыр ауруларында)
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Енгізу жолы – интратекальді. Ересектер және 12 жастан үлкен балалар Бұдан әрі қарайғы ұсыныстарды орта жастағы ересек адамдардағы дәріні қолдануға арналған нұсқау ретінде қарау керек. Көрсетілген цифрлар қажетті дозалаудың болжамды орташа диапазонын көрсетеді. Блокада әдістемесіне әсер ететін факторлар және пациенттердің дара ерекшеліктері туралы ақпарат алу үшін стандартты әдістемелік құралын қарау керек. Тиісті доза таңдау туралы шешім қабылдағанда клиникалық маманның тәжірибесі және пациенттің нақты жай-күйін білуі маңызды. Тиімді блокада түзу үшін жеткілікті ең аз дозалау пайдаланылуы тиіс. Анестезия ұзақтығы дозаға тәуелді, бұл арада әсіресе изобарлық (қарапайым) ерітінді қолданғанда препараттың сегменттерде таралуын болжау күрделі, өйткені блок дамуының жылдамдығының және оның ұзақтығының жеке-дара ауытқушылығы болады. Ұсынылатын дозалар Хирургиялық араласымдардағы интратекальді блокада: 2 - 4 мл (10-20 мг бупивакаин гидрохлориді). Егде пациенттерде және пациент әйелдердегі жүктіліктің кешеуілді мерзімінде препараттың азайтылған дозасын пайдалану керек. Жаңа туған нәрестелер, сәбилер дене салмағы 40 кг дейінгі балалар Бупивакаин Гриндекс Спинал 5 мг/мл сондай-ақ балаларға қолдануға болады. Балалар мен ересектер арасындағы айырмашылық жаңа туған нәрестелер мен сәбилерде жұлын сұйықтығының көлемі салыстырмалы түрде үлкен болуында, сондықтан оларға ересектердегі блокаданың сондай деңгейіне жету үшін ересектерге қарағанда дене салмағына шаққанда салыстырмалы түрде үлкен доза талап етіледі. Бупивакаин Гриндекс Спинал препаратын балаларда жергілікті анестезия жүргізуде жеткілікті тәжірибесі бар білікті дәрігерлер ғана енгізуі тиіс. Келесі кесте балалардағы интратекальді блокада үшін доза таңдау бойынша нұсқау болып табылады. Блокада әсерінің басталуы және оның ұзақтығы бойынша жеке-дара айырмашылықтар кездеседі. Блокада әдістемесіне әсер ететін факторлар және пациенттердің дара ерекшеліктері туралы ақпарат алу үшін стандартты әдістемелік құралын қарау керек. Тиімді блокада түзуге жеткілікті ең төмен дозалау пайдаланылуы тиіс. Жаңа туған нәрестелер, сәбилер және балалар үшін Бупивакаин Гриндекс Спинал препаратын дозалау бойынша ұсыныстар Дене салмағы (кг) Дозасы (мг/кг) (5 0,40-0,50 5-15 0,30-0,40 15-40 0,25-0,30 Анестезияның таралуы ерітіндінің көлемі және пациенттің препаратты енгізу кезіндегі және енгізуден кейінгі жай-күйін қоса, бірнеше факторға байланысты. Препаратты отырған күйдегі пациенттердегі омыртқа аралық кеңістікке L3-L4 сегменттердің деңгейіне енгізгенде 3 мл бупивакаин гидрохлориді жұлынның T7-T10 сегменттері деңгейіне дейін таралады. Пациент инъекцияны көлденең жатқан күйде алғанда және содан кейін шалқасынан жатуға бұрылғанда блокада T4-T7 сегменттерге дейін таралады. Кез келген жергілікті анестезияда пациенттің қол жеткізген жұлын анестезиясының деңгейі болжамсыз болатынын түсіну керек. Инъекцияға орын L3 омыртқа астынан ұсынылады. 4 мл астам болатын Бупивакаин Гриндекс Спинал инъекциясының әсері әлі зерттелмеген, сондықтан мұндай көлем ұсынылмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.