+155 бонус

БУПИВАКАИН ГРИНДЕКС 5 мг/мл 10 мл №5 амп

3100 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бупивакаин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Литва
  • Өндіруші: АО Гриндекс
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - бупивакаин гидрохлориді (сусыз затқа шаққанда) 5 мг, қосымша заттар: натрий хлориді, 0,1 М хлорсутек қышқылының ерітіндісі немесе 0,1 М натрий гидроксидінің ерітіндісі pH 4,0-6,5 дейін, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- жүйкелерді ұзақ уақыт бөгеу үшін және эпидуральді анестезияда, егер адреналинді қосу қарсы көрсетілімді болса немесе бұлшықеттердің күшті босаңсуы қажетсіз болған жағдайда (мысалы, операциялардан кейін ауыруды басу немесе босанулар кезіндегі анестезия)
Қарсы көрсетілімдер
- бупивакаинге және амид типті басқа жергілікті анестетиктерге немесе препараттың қандай-да бір қосымша компонентеріне жоғары сезімталдық - венаішілік аймақтық анестезия (Бир блокадасы) (бупивакаиннің байқаусызда қантамыр арнасына енгізілуі жедел жүйелі уытты реакциялардың дамуын туғызуы мүмкін) - құрсақішілік қысымның жоғарылауы - ОЖЖ аурулары (мысалы, менингит, полиомиелит, бассүйекішілік қан құйылу) пернициозды анемия және ми мен жұлынның ісіктері салдарынан жұлынның жеделге жуық біріктірілген дегенерациясы - стеноз және аурулар (спондилит, туберкулез, ісік) немесе омыртқа бағанының таяудағы жарақаттары (сынулар) - сепсис - люмбальді пункция орнындағы немесе соған жақын жердегі терінің іріңді инфекциялары - кардиогенді немесе гиповолемиялық шок - қанның ұюының бұзылуы немесе белсенді антикоагулянттық ем
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Препараттың белгілі бір дозасын тағайындағанда дәрігер пациенттің физикалық жай-күйін бағалауы тиіс. Жүйкелердің үздіксіз блокадасын қолдана отырып, препараттың плазмадағы уытты концентрациясының қаупін және жүйкенің жергілікті зақымдануы қаупін ескеру керек. Ұсынылатын дозалары: Блокада түрі Концен-трация, мг/мл Мөлшері, мл Дозасы, мг Жансызданудың басталуы, мин Жансыздану ұзақтығы, сағ ХИРУРГИЯЛЫҚ АНЕСТЕЗИЯ Люмбальді эпидуральді блокада (кесарь тілігі) 5,0 10-20 50-100 15-30 2-3 Торакальді эпидуральді блокада 5,0 5-10 25-50 10-15 2-3 Каудальді эпидуральді блокада 5,0 20-30 100-150 15-30 2-3 Ірі жүйкелердің блокадасы (мысалы, pl. brachialis, femoralis) 5,0 10-35 50-175 15-30 4-8 Аймақтық блокада (мысалы, ұсақ жүйкелердің блокадасы және инфильтрация) 5,0 ( 30 ( 150 1-10 3-8 БОСАНУЛАР КЕЗІНДЕ АУЫРУДЫ БАСУ Люмбальді блокада (инъекция) 5,0 6-12 30-60 Каудальді блокада (инъекция) 5,0 10-20 50-100 ЖЕДЕЛ АУЫРУДЫ БАСУ Буынішілік блокада (мысалы, тізе артроскопиясынан кейін) 2,5-5,0 ( 20 (0,5%) ( 100 5-10 емшарадан кейінгі 2-4 сағат Ескертпелер: Жүйке өрімдерінің блокадасы кезінде дозасын препараттың енгізілетін орнына және пациенттің жай-күйіне байланысты таңдайды. Қарыншаүстілік иық өрімінің блокадасы пайдаланылған жергілікті анестетиктің әсерінен жиі білінетін жағымсыз реакциялармен байланысты болуы мүмкін. Ең жоғарғы дозасы ( 400 мг/24 сағ. Бупивакаиннің ерітіндісін ауыруды басу үшін апиындармен біріктіріп эпидуральді енгізу үшін жиі қолданады. Жалпы дозасы ( 400 мг/24 сағ. Егер пациент бупивакаинді бір мезгілде басқа мақсаттар үшін қосымша қабылдап жүрсе, жалпы бір реттік – 150 мг дозасын арттыруға болмайды. Кестеде келтірілген дозалары әдетте, сәтті блокадамен қамтамасыз етеді. Жансызданудың уақыты мен ұзақтығында айырмашылықтар болуы мүмкін. Сандар қажетті орташа дозаларын көрсетеді. Әдетте, барлық ірі жүйкелер ұштарының толық блокадасы үшін, препараттың көп концентрациясы қажет. Жансыздандыру немесе ауыруды жеңілдету үшін, бупивакаин ерітіндісінің азғантай концентрациясы қажет. Байқаусызда тамыр ішіне енгізілуін болдырмас үшін, инъекция алдында және инъекция кезінде мұқият аспирациялау ұсынылады. Жалпы дозасын баяу, минутына 25-50 мг жылдамдықпен немесе пациенттің өмірлік маңызы бар функцияларын тұрақты бақылаумен және онымен вербальді байланысты ұстай отырып, қайталанған дозалары түрінде енгізеді. Эпидуральді анестезия жүргізу кезінде құрамында адреналин ерітіндісі бар 3-5 мл бупивакаин ерітіндісінің тест-дозасын енгізу қажет. Тест-дозасын енгізу кезінде пациентпен вербальді байланысты ұстап тұру және жүректің жиырылу жиілігін жүйелі түрде анықтап отыру қажет. Байқаусызда тамыр ішіне инъекцияланғанын жүрек соғуының қысқа мерзімге жеделдеуі, ал байқаусызда интратекальді инъекцияланғанын – спинальді блокаданың симптомдары көрсетуі мүмкін. Ең төменгі уытты әсерлері пайда болған жағдайда ары қарай енгізуді тоқтатады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.