+625 бонус

БУФОМИКС ИЗИХЕЙЛЕР порошок для ингаляций 80мкг/4,5мкг 120 доз

12500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Формотерол и будесонид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Финляндия
  • Өндіруші: Orion Corporation
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 ингаляция (мүштіктен шығарылатын доза) құрамында белсенді заттар - будесонид - 80 мкг формотерол фумараты дигидраты – 4,5 мкг, қосымша заттар: лактоза моногидраты.
Қолданылуы
Буфомикс Изихейлер 80 мкг / 4,5 мкг ересектерге, жасөспірімдерге және 6 жастан бастап және одан үлкен балаларға арналған. Буфомикс Изихейлер біріктірілімді (ингаляциялық кортикостероидтарды және ұзақ әсер ететін β2-адренорецепторлардың агонистерін) пайдалану орынды саналған жағдайда бронх демікпесін ұдайы емдеу үшін қолданылады: - «қажеттілігіне қарай» ингаляциялық кортикостероидтар және қысқа мерзімдік әсер ететін β2-адренорецептор агонистері арқылы талапқа сай бақылауға қол жеткізе алмаған пациенттерде, немесе - ингаляциялық кортикостероидтарды да, сонымен қатар ұзақ әсер ететін β2-адренорецепторлар агонистерін де қолданған кезде талапқа сай бақылауға қол жеткізген пациенттерде. Буфомикс Изихейлер 80 мкг / 4,5 мкг демікпенің ауыр түрі бар пациенттерге жарамайды.
Қарсы көрсетілімдер
- будесонидке, формотеролға жоғары сезімталдық - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды (құрамында лактоза бар). - 6 жасқа дейінгі балаларға.
Дозасы
Бронх демікпесі Буфомикс Изихейлер бронх демікпесінің бастапқы еміне арналмаған. Буфомикс Изихейлер препаратының компоненттері әр адамға жекелей дозаланады және оны аурудың ауырлығына қарай түзету керек. Мұны препарат біріктірілімімен емдеуді бастағанда ғана емес, сонымен қатар демеуші дозаны түзеткенде де ескеру керек. Егер пациент жеке ингалятордағы біріктірілімнен айырмашылықтары бар дозалар біріктірілімін керек етсе, жекелеген ингаляторлардағы β2-адренорецепторлар агонистерінің және/немесе кортикостероидтардың тиісті дозаларын жазып беру керек. Дозаны ең төмен дозаға дейін титрлеу керек, мұндайда симптомдарды тиімді бақылау қамтамасыз етіледі. Препаратты дәрігер жазып берген Буфомикс Изихейлер дозасы тиімді болуы үшін пациент медицина маманынан ұдайы тексерілуден өтуі тиіс. Ұсынылатын ең төмен доза симптомдарды ұзақ уақыт бақылауға мүмкіндік берсе, келесі қадам тек бір ғана ингаляциялық кортикостероидты сынауды қамтуы мүмкін. Буфомикс Изихейлер препараты үшін емдеудің екі нұсқасы бар: А. Демеуші ем: Буфомикс Изихейлер препаратын құтқарушы дәрі ретінде тез әсер ететін жекелей бронходилатормен ұдайы демеуші ем түрінде қабылдайды. В. Демеуші және жеңілдететін ем: Буфомикс Изихейлер препаратын ұдайы демеуші ем түрінде және симптомдардың пайда болуына жауап беру қажеттілігіне қарай қабылдайды. А. Демеуші ем. Пациенттерге құтқаруға қолдану үшін тез әсер ететін жекелей бронходилататордың өзінде болуына кеңес беру керек. Ұсынылатын дозалар: Ересектер (18 жас және одан үлкен): тәулігіне екі рет 1-2 ингаляция. Кейбір пациенттерге тәулігіне екі рет 4 ингаляция (ең жоғары доза) қажет болуы мүмкін. Жасөспірімдер (12–17 жас): тәулігіне екі рет 1-2 ингаляция. Балалар (6 жас және одан үлкен): тәулігіне екі рет 2 ингаляция. Әдеттегі іс тәжірибеде, тәулігіне екі реттік режимде симптомдарды бақылауға қол жеткізген жағдайда, тиімді ең төмен дозаға дейін титрлеу Буфомикс Изихейлер препаратын тәулігіне бір рет қолдануды қамтуы мүмкін, препаратты жазып берген медицина маманының пікірі бойынша, бақылауды демеу үшін ұзақ әсер ететін бронходилататор керек болады. Тез әсер ететін жекелей бронходилататорды пайдаланудың өсуі негізгі аурудың нашарлағанын айғақтайды және бронх демікпесін емдеуді қайта қарау қажеттілігін көрсетеді. 6 жасқа дейінгі балалар: шектеулі ғана деректер бар болғандықтан, Буфомикс Изихейлер 80 мкг / 4,5 мкг препараты 6 жастан кіші балалар үшін ұсынылмайды. В. Демеуші және жеңілдететін ем Пациенттер Буфомикс Изихейлер препаратының күндізгі демеуші дозасын қабылдайды және симптомдардың пайда болуына жауап беру қажеттілігіне қарай қосымша Буфомикс Изихейлер препаратын қолданады. Пациенттерге құтқарушы дәрі ретінде Буфомикс Изихейлер препараты өзінде үнемі болу қажеттілігі туралы алдын ала ескерту керек. Демеуші және жеңілдететін емді әсіресе мына пациенттерде қарастыру керек: • талапқа сай бақылауға қол жеткізе алмаған және жеңілдететін дәрілерді жиі қажет ететіндерде • бұрын медициналық араласымды қажет ететін бронх демікпесінің өршулері болғандарда. Буфомикс Изихейлер препаратымен ингаляция санын қажеттілік бойынша көбірек жасайтын пациенттерде дозамен байланысты жағымсыз әсерлерді мұқият бақылау керек. Ұсынылатын дозалар: Ересектер және жасөспірімдер (12 жас және одан үлкен): ұсынылатын демеуші доза тәулігіне таңертең және кешке бір ингаляция ретінде немесе таңертең немесе кешке екі ингаляция ретінде қолданылатын 2 ингаляцияны құрайды. Пациенттер симптомдардың пайда болуына жауап беру қажеттілігіне қарай қосымша 1 ингаляция жасауы тиіс. Егер симптомдар бірнеше минуттан соң жоғалмаса, тағы да бір ингаляция жасау керек. Әрбір жекелеген жағдайда 6 ингаляциядан асырмай жасауға жол беріледі. Жалпы тәуліктік 8 ингаляциядан артық доза әдетте қажет болмайды, алайда шектеулі кезең ішінде 12 ингаляцияға дейін жалпы тәуліктік доза пайдаланылуы мүмкін. Тәулігіне 8 ингаляциядан көбірек жасалатын пациенттерге дәрігерге қаралу табанды түрде ұсынылады. Оларға қайтадан тексеру жүргізу және демеуші ем қолдануды қарастыру керек. 12 жасқа дейінгі балалар: балалар үшін демеуші және жеңілдететін ем ұсынылмайды. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер үшін дозалауға ерекше талаптар жоқ. Буфомикс Изихейлер препаратын бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдану туралы деректер жоқ. Будесонид және формотерол көбіне организмнен бауыр метаболизмі арқылы шығарылатын болғандықтан, бауыр циррозының ауыр дәрежесі бар науқастарда әсерінің жоғарылайтынын күтуге болады. Енгізу әдісі және жолы Ингаляциялық Буфомикс Изихейлер препаратын тиісінше пайдалану жөніндегі нұсқаулық Ингалятор деммен тартылатын ауа ағынымен басқарылады. Бұл пациент ауаны мүштігі арқылы деммен алған кезде, зат тыныс алу жолдарына деммен тартылатын ауамен бірге түсетіндігін білдіреді. Ескертпе: Пациенттің келесі жайттарға көңіл бөлуі маңызды: - Әрбір Буфомикс Изихейлер препаратымен бірге қаптамаға салынған, пациентке арналған ақпараты бар қосымша парақтағы пайдалану жөніндегі нұсқаулармен мұқият танысып шығу керек. - Әрбір ингаляция алдында құрылғыны сілкілеу және оны іске қосу керек. - Заттың оңтайлы дозасының өкпеге түсуін қамтамасыз ету үшін, оны мүштік арқылы деммен барынша белсенді түрде және терең тарту керек. - Мүштік арқылы дем шығармау керек, өйткені бұл жеткізілетін дозаның төмендеуіне әкеледі. Егер бұл бәрібір орын алған болса, мүштіктен ұнтақты шығару үшін ингаляторды үстелдің бетіне немесе алақанға қойып жай ұрғылау қажет, содан кейін препаратты қабылдау ем шарасын қайталау керек. - Құрылымды ұнтақ ингаляциясынсыз бір реттен артық іске қосуға болмайды. Егер бұл бәрібір орын алған болса, пациент мүштіктен ұнтақты шығару үшін ингаляторды үстелдің бетіне немесе алақанға қойып жай ұрғылау қажет, содан кейін препаратты қабылдау процедурасын қайталау керек. - Құрылымнан ұнтақтың кездейсоқ шашылуына (ол артық дозалануға немесе кейін пайдаланғанда ингаляцияда препараттың жеткіліксіз болуына әкелуі мүмкін) жол бермеу үшін, ингаляторды пайдаланып болғаннан кейін шаңнан қорғайтын қалпақшаны әрдайым орнына қою керек (егер ол пайдаланылатын болса, қорғаныш қақпағын жабу керек). - Тағайындалған дозамен ингаляциядан кейін, ауыз қуысы кандидозының даму қаупін барынша ең төменге жеткізу үшін, ауызды шаю керек. Егер ауыз қуысының кандидозы пайда болса, пациенттер ингаляциядан кейін ауызды қажетінше сумен шаюы тиіс. - Мүштікті ұдайы құрғақ шүберекпен тазалап отыру керек. Тазарту үшін суды пайдалануға болмайды, өйткені ұнтақ гигроскопиялық. - Буфомикс Изихейлер ингаляторын, есептеуіште нөл саны пайда болған кезде, тіпті құрылым ішінде әлі де ұнтақтың белгілі бір мөлшері бар екені көрініп тұрса да, алмастыру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.